Білім беру бағдарламалары

Қаржы, экономика, банк және сақтандыру ісі

Қолжетімді мамандықтар

1
Бакалавриат · 6B04103

Экономика

Оқу мерзімі4 жыл Оқу нысаныкүндізгі Шекті балл65 Грант балы117 Оқу ақысы869 200 ₸

Бейіндік пәндер

Математика География

Білім беру бағдарламасының мақсаты

Кәсіпорынды дамытудың тиімді стратегиясын әзірлеу, стратегиялық міндеттердің артықшылығына сәйкес кәсіпорын ресурстарын оңтайлы бөлу және фирмалар капитализациясының өсуін басқару облыстарында дамыған құзыреттерге ие түлектерді дайындау.

Берілетін дәреже

«6В04103 - Экономика» білім беру бағдарламасы бойынша экономика бакалавры

Аккредиттеу

Аккредиттеу сертификатыНАОКО SA-А №0242/1 сертификаты 28 мамыр 2022 ж. – 27 мамыр 2027 ж.

Рейтингтердегі орны

1

IAAR

«В046 Қаржы, экономика, банк және сақтандыру ісі» білім беру бағдарламаларының тобы бойынша

2023 жыл3 орынРастау құжаты

Оқуды аяқтағаннан кейін

Мүмкін лауазымдар

  • жетекші экономистер, кәсіпорынның экономикалық қызметтерінің басшылары, жоспарлау және экономика бөлімінің бастықтары, материалдық-техникалық жабдықтау экономистері, сату экономистері, келісім-шарт және талап қою экономистері, мемлекеттік сатып алу экономистері, тапсырыс бойынша экономика мамандары.

Кәсіби құзыреттер мен оқу нәтижелері

  • Мінез-құлық дағдылары және жеке қасиеттер (Softskills):
  • Зерттелетін саладағы озық білімге негізделген зерттелетін саладағы білім мен түсінікті көрсетеді;
  • Кәсіби деңгейде білім мен түсініктерді қолданады, дәлелдер тұжырымдайды және зерттелетін саланың мәселелерін шешеді;
  • Әлеуметтік, этикалық және ғылыми пайымдауларды ескере отырып, пайымдауларды қалыптастыру үшін ақпаратты жинауды және түсіндіруді жүзеге асырады;
  • Цифрлық құзыреттіліктер (Digital skills):
  • Экономикалық мәселелерді шешуде және басқару шешімдерін қабылдауда бизнесті цифрлық түрлендіру мақсатында ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың әртүрлі түрлерін пайдалана отырып, кәсіби мәселелерді тиімді шешу дағдыларын меңгереді.
  • Бизнес-аналитикадағы заманауи цифрлық платформаларды, бағдарламалық өнімдерді, Big Data және ERP жүйелерін пайдалана отырып, бизнес-процестер мен құбылыстарды модельдейді және болжайды;
  • Кәсіпорын қызметін стратегиялық талдауда статистикалық ақпаратты талдау, бухгалтерлік және салықтық есепке алу үшін арнайы бағдарламалар мен техникалық құралдарды пайдаланады.
  • Кәсіби құзыреттіліктер (Hardskills):
  • Экономикалық теорияның концептуалды және институционалдық тәсілдерін және математикалық әдістерді микро, макро және халықаралық деңгейде қолданады.
  • Корпоративтік кәсіпкерлік заңнаманы ескере отырып, статистикалық әдістерді және дизайндық ойлауды қолдану негізінде кәсіпорын қызметін басқару және ұйымдастыру бойынша практикалық дағдыларды көрсетеді.
  • ACCA стандарттарына сәйкес кәсіпорында бухгалтерлік есеп, салық салу және қаржылық менеджменттің білімі мен әдістерін қолданады.

Кәсіби қызмет салалары

  • Меншік нысандарына қарамастан экономиканың түрлі секторлары: кәсіпорындар, меншік нысаны әртүрлі мекемелер мен ұйымдар, нарықтық инфрақұрылым буындарындағы экономиканы мемлекеттік реттеудің басқару органдары.
  • Жұмыс орындары (Жұмысқа орналасу объектілері мен салалары):
  • Түрлі ұйымдық-құқықтық нысандағы халық шаруашылығы салаларының кәсіпорындары;
  • Олардың құрылымдық өндірістік және функционалдық бөлімшелері;
  • Кәсіпорындардың экономикалық инфрақұрылым объектілері;
  • Жобалау және консалтингтік ұйымдар;
  • Ғылыми-зерттеу мекемелері мен институттары;
  • Мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару органдары.

Бейіндік дайындық

  • 204 кредит. Қазақстан тарихы (МЕ); Философия; Экология және тіршілік қауіпсіздік негіздері / Құқық және кәсіпкерлік негіздері / Қаржылық сауаттылық негіздері ; Саясаттану, әлеуметтану ; Мәдениеттану, психология ; Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар; Орыс тілі; Шетел тілі; Дене шынықтыру; Экономикалық теория; Микроэкономика; Макроэкономика; Экономикадағы математика; Кәсіпорын экономикасы; Бухгалтерлік есеп ; Менеджмент; Маркетинг ; Қаржы ; Статистика; Технологиялық кәсіпкерлік / Кәсіпкерлік және стартаптар; Қаржылық және салық есептілігі / Кәсіпкерлік қызметке салықтар және салық салу; Ғылыми зерттеу негіздері / Ғылыми зерттеулердің әдіснамасы; Көшбасшылық және команда құру / Дизайн-ойлау; Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік құқығы / Азаматтардың мемлекет істерін басқаруға қатысу нысандары; Жасыл экономика /Табиғатты пайдалану экономикасы; Экономикалық қауіпсіздік / Қоғамдық сектор экономикасы; Қала экономикасы және урбанистика / Аймақтық экономика; Еңбек экономикасы / HR экономикасы және басқару; Институционалды экономика / Ұлттық экономика және экономикалық саясат; Халықаралық экономика / Әлемдік экономика; Кәсіпорын қызметін жоспарлау; Өндірісті ұйымдастыру; Кәсіпорын қызметін экономикалық талдау; Жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі / Инвестициялық жобаларды бизнес-жоспарлау; BI-аналитика / Экономикаға арналған ілгерімелі Excel және Power BI; Корпоративтік бизнестің цифрлық платформалары / Бизнестегі заманауи ERP- жүйелері; Big Data және деректерді талдау / Экономикадағы ақпараттық жүйелер және цифрлық технологиялар.
  • 28 кредит. Практика: Оқу ; Өндірістік ; Диплом алды
  • 8 кредит. Қорытынды аттестаттау

ББ өзгерістері жылдар бойынша

0

Бағдарлама өзгерістері әлі қосылмаған.