Білім беру бағдарламалары

Аудит және салық салу

Қолжетімді мамандықтар

1
Бакалавриат · 6B04106

Есеп және аудит

Оқу мерзімі4 жыл Оқу нысаныкүндізгі Шекті балл65 Грант балы120 Оқу ақысы869 200 ₸

Бейіндік пәндер

Математика География

Білім беру бағдарламасының мақсаты

Ұлттық және әлемдік экономика үшін бәсекеге қабілетті кәсіпқой мамандарды дайындау

Берілетін дәреже

«6В04106 – Есеп және аудит» ББ бойынша бизнес және басқару бакалавры

Аккредиттеу

Аккредиттеу сертификаты“Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі” КЕМ мамандандырылған халықаралық аккредиттеу туралы сертификаты № KZ83LAA00018495 IAAR агентінің 31.05.2024-30.05.2029г., № АВ 5356

Рейтингтердегі орны

0

Рейтинг нәтижелері әлі қосылмаған.

Оқуды аяқтағаннан кейін

Мүмкін лауазымдар

  • Бакалавриатты бітіргеннен кейін түлектер бизнес және басқару бакалавры дәрежесін алады және коммерциялық, өндірістік және бюджеттік ұйымдарда бухгалтерлер мен аудиторлар ретінде жұмыс істей алады, аудиторлық және консалтингтік компанияларда, мемлекеттік және жергілікті органдарда, қаржы және салық мекемелерінде, банктер мен сақтандыру компаниялары, қызмет көрсететін ұйымдарда жұмыс істейді, компания басшылары бола алады.

Кәсіби құзыреттер мен оқу нәтижелері

  • Мінез-құлық дағдылары және жеке касиеттер (Softskills):
  • қаржылық ақпаратты объективті бағалауға, тәуекелдер мен сәйкессіздіктерді анықтауға мүмкіндік беретін дамыған аналитикалық және сыни ойлау қабілетіне ие
  • есептіліктегі бұрмалауларды анықтау және олардың алдын алу үшін қажетті кәсіби скептицизмге ие
  • әріптестермен, басшылықпен және сыртқы мүдделі тараптармен тиімді өзара әрекеттесуге, сондай-ақ талдау нәтижелерін анық әрі дәлелді түрде ұсынуға мүмкіндік беретін дамыған коммуникативтік дағдыларды көрсетеді
  • командада жұмыс істей алады, іскерлік этиканы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қағидаттарын сақтайды, сыртқы қысым мен мүдделер қақтығысына төзімділік танытады
  • Сандық құзыреттер (Digital skills):
  • түлек қаржылық ақпаратты есепке алу, талдау және өңдеу үшін заманауи цифрлық құралдарды сенімді қолданады, оның ішінде 1С: Қазақстан үшін бухгалтерия сияқты мамандандырылған бағдарламалық өнімдер
  • электрондық кестелермен және деректерді талдау құралдарымен жұмыс істеу дағдыларына ие, бұл үлкен көлемдегі ақпаратты тиімді өңдеуге және заңдылықтарды анықтауға мүмкіндік береді
  • қолданбалы экономикалық және басқарушылық міндеттерді шешу үшін эконометрика, деректерді талдау және модельдеу әдістерін қолданады
  • болжаудың дәлдігін арттыру және шешім қабылдау тиімділігін жоғарылату үшін жасанды интеллект элементтері бар цифрлық және аналитикалық құралдарды пайдаланады
  • ақпараттық жүйелермен және бизнес-платформалармен жұмыс істеу дағдыларын меңгерген, есептік және аналитикалық процестерді автоматтандыруды қамтамасыз етеді
  • деректерді визуализациялап, талдау нәтижелерін әртүрлі пайдаланушылар санаты үшін түсінікті және көрнекі түрде ұсына алады
  • қаржылық деректермен жұмыс істеу кезінде ақпаратты қорғаудың базалық деңгейін қамтамасыз етеді және цифрлық қауіпсіздік қағидаттарын сақтайды
  • Кәсіби құзыреттіліктер (Hardskills):
  • Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бухгалтерлік және салықтық есеп жүргізу әдістерін меңгерген
  • кәсіпорынның қаржылық есептілігін қалыптастырып, талдай алады, оның қаржылық жағдайын, қызмет нәтижелерін және даму перспективаларын бағалайды
  • экономиканың түрлі секторларында, оның ішінде шағын және орта бизнес пен мемлекеттік секторда қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарын (ҚЕХС) қолданады
  • халықаралық аудит стандарттарына сәйкес ішкі және сыртқы аудит жүргізеді, тәуекелдерді, бұзушылықтарды және тиімділікті арттыру мүмкіндіктерін анықтайды
  • бизнесті, активтерді және қаржылық тәуекелдерді бағалау әдістерін, сондай-ақ инвестициялық жобаларды талдау тәсілдерін меңгерген
  • заманауи сандық және экономикалық-математикалық әдістерді қолдана отырып, экономикалық және қаржылық талдау жүргізеді
  • басқарушылық есеп пен бюджеттеуді жүзеге асырады, басқарушылық шешімдерді қабылдауға ақпараттық қолдау көрсетеді
  • салықтарды есептеу және салықтық есеп жүргізу жұмыстарын орындайды, салық және қаржы заңнамасының талаптарын ескереді
  • кәсіпкерлік қызметтің құқықтық аспектілерін, соның ішінде қаржылық, әкімшілік және салықтық құқықты түсінеді
  • мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне қатысады және қаржылық бақылауды жүзеге асырады

Кәсіби қызмет салалары

  • Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік;
  • Сыртқы және ішкі аудит;
  • Қаржылық бақылау және тексеру қызметі;
  • Салықтық есеп және салық салу;
  • Экономикалық және қаржылық талдау;
  • Басқарушылық есеп және қаржылық менеджмент;
  • Ұйымдардың қызметін жоспарлау және бюджеттеу;
  • Консалтингтік және аудиторлық қызмет;
  • Коммерциялық және өндірістік кәсіпорындарды қаржылық-экономикалық сүйемелдеу;
  • Мемлекеттік және бюджеттік ұйымдардағы қаржылық әкімшілендіру;
  • Банк және сақтандыру қызметі;
  • Қаржылық басқару және ұйымдық менеджмент;
  • Кәсіпкерлік қызмет және бизнесті басқару.

Бейіндік дайындық

  • Бағдарлама кәсіпорындар мен ұйымдарда бухгалтерлік есеп және аудиттің теориясы мен тәжірибесін оқытумен байланысты. Бағдарламаның ерекшелігі – еуропалық университеттерде қосдипломды білім алу, тағылымдамадан немесе елдің ірі бағалаушы компанияларында тағылымдамадан өту, университетте оқу процесінде тәжірибе жинақтау, Қазақстанда және шетелде түлектердің 100% жұмыспен қамтылуы.
  • Оқу барысында студенттер басқару есебі, қаржылық есеп, 1С: бухгалтерлік есеп, қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары, құрылыстағы бухгалтерлік есеп, саудадағы бухгалтерлік есеп, туризмдегі бухгалтерлік есеп, мейрамхана және қонақ үй бизнесіндегі бухгалтерлік есеп, ауыл шаруашылығындағы бухгалтерлік есеп, аудит, мемлекеттік сатып алу, мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп, қаржылық менеджмент және т.б. сияқты пәндерді оқиды.

ББ өзгерістері жылдар бойынша

0

Бағдарлама өзгерістері әлі қосылмаған.