Менеджмент
Бейіндік пәндер
Білім беру бағдарламасының мақсаты
Ұйымдарды стратегиялық басқару, цифрлық трансформация, деректер аналитикасы және тұрақты дамуды басқару құралдарын меңгерген менеджмент саласындағы жоғары білікті мамандарды даярлау.
Берілетін дәреже
«6B04101 – Менеджмент» білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры.
Аккредиттеу
Аккредиттеу сертификаты«Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі» АМ, 09.11.2020 ж. № 0193/1 SA-A мамандандырылған аккредиттеу туралы куәлігі, қолданылу мерзімі 08.11.2027 ж. дейінҚұжат әлі қосылмаған.
Рейтингтердегі орны
0Рейтинг нәтижелері әлі қосылмаған.
Оқуды аяқтағаннан кейін
Мүмкін лауазымдар
- Коммерциялық компаниялардағы, мемлекеттік құрылымдар мен коммерциялық емес ұйымдардағы қызметкерлер қызметінің тиімділігін (нәтижелілігін) басқару жөніндегі маман, бөлім басшыларының менеджері, жобалық менеджерлер, маркетологтар, HR-мамандар және бизнес-аналитиктер.
Кәсіби құзыреттер мен оқу нәтижелері
- Мінез-құлық дағдылары мен тұлғалық қасиеттер (Soft skills):
- зерттеліп жатқан саланың озық жетістіктеріне негізделген әлеуметтік-гуманитарлық, қоғамдық-экономикалық процестер мен экологиялық проблемалар туралы жүйелі білім мен терең түсінікті көрсетеді, қоғамдық құбылыстарды талдайды, негізделген шешімдер қабылдайды, азаматтық жауапкершілік танытады, кәсіби коммуникацияны тиімді жүзеге асырады және кәсіби міндеттерді шешеді;
- үздіксіз басқарушылық және тұлғалық даму процесінің мазмұны, оның менеджмент саласындағы ерекшеліктері және мансаптық өсу кезеңдері (желілік менеджерден бастап топ-менеджерге дейін) мен еңбек нарығының өзекті талаптарына сүйене отырып, кәсіби міндеттерді шешу кезінде оны іске асыру тәсілдері туралы білімін көрсетеді;
- басқару ғылымының қазіргі жай-күйі, менеджменттің негізгі трендтері мен проблемалары, басқарудың озық теориялары және бизнес пен әкімшілендіру саласындағы ғылыми-зерттеу қызметінің әдістері туралы білімін көрсетеді;
- экономика ғылымының іргелі принциптері туралы білімді пәндік саладағы ғылыми-зерттеу міндеттерін шешу үшін қолдану дағдыларын меңгерген;
- ғылыми және қолданбалы зерттеулер жүргізу үшін стратегиялық талдау (соның ішінде SWOT және PESTEL талдаулары), салыстырмалы бенчмаркинг әдісі, қаржы-экономикалық талдау және бизнес-процестерді модельдеу сияқты жеке ғылыми зерттеу әдістері туралы білімін көрсетеді.
- Цифрлық құзыреттіліктер (Digital skills):
- бизнес-реттеу және корпоративтік басқару шеңберінде әзірленген басқарушылық талдаудың цифрлық құралдарын, соның ішінде жасанды интеллект технологияларын қолданады;
- менеджмент және басқару саласындағы қосымша кәсіби бағдарламалар бойынша оқытушылық қызметке, соның ішінде цифрлық білім беру платформалары мен электрондық оқытудың заманауи құралдарын пайдалануға қабілеттілігі мен дайындығы.
- заманауи цифрлық технологиялар мен бизнес-аналитика құралдарын қолдана отырып, менеджмент саласындағы ғылыми және қолданбалы зерттеулерді ұйымдастыру мен жоспарлауға, басқарушылық және стратегиялық міндеттерді, соның ішінде пәнаралық салалардағы міндеттерді шешу кезінде инновациялық идеяларды туындатуға (генерациялауға) қабілеттілігі;
- Кәсіби құзыреттіліктер (Hard skills):
- кәсіби қызметте сапалық, сандық және стратегиялық талдау әдістерін, сондай-ақ экономикалық-математикалық модельдеу құралдарын таңдай және қолдана біледі; тиімді басқарушылық шешімдерді негіздеу және қабылдау үшін алынған нәтижелерді түсіндіре (интерпретациялай) алады;
- жалпы зерттеу әдістерін меңгерген: жүйелі тәсіл, салыстырмалы (компаративті) талдау, экономикалық-статистикалық әдіс, бизнес-процестерді модельдеу әдісі, құрылымдық-функционалдық талдау, әлеуметтік әдіс (сауалнамалар, анкета жүргізу), SWOT-талдау және PEST-талдау, сондай-ақ сараптамалық бағалау әдістері;
- стратегиялық жоспарлау, операциялық басқару, жобалық менеджмент, персоналды басқару (HR), қаржылық және маркетингтік менеджмент қызметінің бағыттарын сипаттайды.
Кәсіби қызмет салалары
- а) «Менеджмент» білім беру бағдарламасы бойынша түлектің кәсіби қызмет саласы: бизнес-құрылымдар, мемлекеттік және жергілікті органдар, коммерциялық емес ұйымдар, сондай-ақ консалтингтік және зерттеу компаниялары болып табылады.
- «Менеджмент» білім беру бағдарламасы бойынша түлектің кәсіби қызмет объектілері:
- түлектер басқару аппаратының әртүрлі қызметтерінде орындаушы немесе басшы ретінде жұмыс істейтін кез келген ұйымдық-құқықтық нысандағы ұйымдардағы басқарушылық қызмет;
- мемлекеттік және жергілікті басқару органдарындағы басқарушылық қызмет;
- түлектер жеке ісін құратын және дамытатын кәсіпкерлер болып табылатын құрылымдардағы кәсіпкерлік және ұйымдастырушылық қызмет;
- басқарушылық проблемаларды шешумен байланысты ғылыми ұйымдардағы ғылыми-зерттеу қызметі.
- б) Түлектің кәсіби қызметінің түрлері:
- халық шаруашылығын басқару;
- әкімшілік-аумақтық таксондарды басқару;
- ұлттық компанияларда менеджер және экономист болу;
- елдің әртүрлі кәсіпорындарында жұмыс істеу.
- б) Түлектің кәсіби қызметінің түрлері:
- халық шаруашылығын басқару;
- әкімшілік-аумақтық таксондарды басқару;
- ұлттық компанияларда менеджер және экономист болу;
- елдің әртүрлі кәсіпорындарында қызмет ету.
- «6B04101 - Менеджмент» бакалаврының кәсіби қызмет объектілері болып табылады:
- в) Түлектің кәсіби қызметінің функциялары:
- әлеуметтік-экономикалық жағдайды және басқарудың нақты нысандарын бағалау бойынша талдау, зерттеу және рационализаторлық жұмыстарды жүргізу;
- кәсіпорындардың (бірлестіктердің) әртүрлі бөлімшелерінде, қауымдастықтарда (ассоциацияларда), бірлескен кәсіпорындарда басқарушылық, маркетингтік, коммерциялық, жарнамалық және патенттік-лицензиялық жұмыстарды кәсіби түрде жүргізу;
- басқарушылық шешімдердің нұсқаларын әзірлеу және әлеуметтік-экономикалық тиімділік пен экологиялық қауіпсіздік критерийлеріне сүйене отырып, оңтайлысын таңдауды негіздеу;
- жаңалық енгізу бағдарламаларын әзірлеу және осы бағдарламаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын құру;
- еңбекті ғылыми ұйымдастыру және ұйымдық жобалау әдістерін қолдану, басқару еңбегін рационализациялау дағдыларын іс жүзінде пайдалану;
- ақпаратты іздеуді, жинауды, жүйелеуді және пайдалануды жүзеге асыру, ұйымдастырушылық және есептеуіш техника құралдарын іс жүзінде пайдалану;
- басқару объектілеріндегі әлеуметтік-экономикалық және ұйымдық процестердің дамуын болжау әдістерін қолдану және экономикалық, әлеуметтік әрі ұйымдық дамудың әлеуетті мүмкіндіктері бойынша олардың жай-күйін бағалау.
Бейіндік дайындық
- Бағдарлама қазіргі заманғы бизнес-орта мен мемлекеттік құрылымдар үшін жоғары білікті мамандар мен басқарушыларды даярлауға бағытталған. Оқу процесінде бакалавриат студенті ұйымдардың ішкі процестері мен нарық конъюнктурасына жүйелі және сыни талдау жасауды, экономика және басқару саласындағы өзекті трендтер мен заңдылықтарды анықтауды, бизнес-процестердің тиімділігін арттыру бойынша экономикалық тұрғыдан негізделген ұсыныстар енгізуді, басқару жүйелеріне аудит жүргізуді және тәуекелдерді бағалауды, сондай-ақ кәсіпорындардың қызметін оңтайландыру үшін стратегиялық жоспарларды, операциялық тұжырымдамаларды және басқарушылық шешімдердің жобаларын әзірлеуді үйренеді.
- Студент «Менеджмент теориясы мен практикасы», «Персоналды басқару», «Жасанды интеллекттегі менеджмент», «Бренд-менеджмент», «Сапа менеджменті», «Цифрлық операциялық менеджмент», «Басқарушылық шешімдерді әзірлеу», «Басқару психологиясы», «Тайм-менеджмент» және т.б. пәндерді оқиды.
ББ өзгерістері жылдар бойынша
1
2026Еңбек функциясы
2026 жылы білім беру бағдарламасына университет түлектеріне арналған кәсіби стандартта көзделген еңбек функциялары енгізілді. Бұдан бөлек, оқу пәндерінің қысқаша сипаттамалары жаңартылды. 2026 жылы білім беру бағдарламасына университет түлектеріне арналған кәсіби стандартта көзделген еңбек функциялары енгізілді. Бұдан бөлек, оқу пәндерінің қысқаша сипаттамалары жаңартылды.
Өзгерістер туралы құжат
Buketov University