Білім беру бағдарламалары

Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Қолжетімді мамандықтар

1
Бакалавриат · 6B01301

Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Оқу мерзімі4 жыл Оқу нысаныкүндізгі Шекті балл77 Грант балы91 Оқу ақысы869 200 ₸

Бейіндік пәндер

Биология География

Білім беру бағдарламасының мақсаты

Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтардың басымдығына негізделген ғылыми-педагогикалық, практикалық-бағдарлы қызметті жүзеге асыру үшін іргелі және қолданбалы білімі, зерттеу дағдысы бар жоғары білікті, бәсекеге қабілетті педагог дайындау.

Берілетін дәреже

«6В01301- Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры.

Аккредиттеу

Аккредиттеу сертификатыБілім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз қазақстандық агенттігі. БСҚА агенттігінің SA-А №0271/1 мамандандырылған аккредиттеу туралы куәлігі 06.05.2023 ж. – 05.05.2028 ж.

Рейтингтердегі орны

2

Оқуды аяқтағаннан кейін

Мүмкін лауазымдар

  • Бастауыш сынып мұғалімі

Кәсіби құзыреттер мен оқу нәтижелері

  • Мінез-құлық дағдылары және жеке қасиеттер: (Softskills)
  • Қоғам туралы тұтас жүйе және адам туралы білімді, қазіргі қоғамдағы рухани үдерістердің рөлі туралы, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын қорғау саласындағы тараптардың құқықтық мүдделері туралы, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың экономикалық және әлеуметтік шарттары туралы, қаржы нарығының құрылымы мен реттелуі, қаржы құралдары туралы білімдерін қолдана алады.
  • Оқушылардың денсаулығын сақтау және жан-жақты дамыған жас ұрпақты тәрбиелеу үшін оңтайлы жағдай жасау бойынша жұмысты жүзеге асыра алады, білім беру процесін құру қағидаттарын ескере отырып, үздік педагогикалық тәжірибені қолдана алады.
  • Кәсіби қызметтің міндеттерін шешу, ата-аналармен/заңды өкілдермен өзара іс-әрекет барысында ауызша және вербалды емес түрде еркін, қол жетімді және сенімді қарым-қатынас жасай алады.
  • Мұғалім мамандығының әлеуметтік мәртебесі мен маңыздылығын арттыруға бағытталған ұлттық білім беру жүйесінің қағидаттарын басшылыққа алады.
  • Жан-жақты дамыған және бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеу мен оқыту үшін педагогикалық шеберліктің барлық элементтерін кешенді әрі тиімді пайдалану негізінде бастауыш мектепте оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру дағдыларын көрсете алады.
  • Коллаборативті орта құра алады, білім алушылардың рефлексия жасау дағдыларын дамыта алады, ресурстарды, кері байланысты және білім алушыларды бақылау нәтижелерін тиімді қолдана алады, педагогикалық процесті жетілдіру үшін өз қызметіне талдау жасай алады.
  • Сандық құзыреттер: (Digital skills)
  • Білім алушылардың танымдық іс-әрекетін жандандыру және оқу нәтижелеріне қол жеткізу үшін оқу үдерісін ұйымдастыруда инновациялық технологияларды, белсенді және интерактивті оқыту әдістерін қолдану дағдыларын көрсете алады.
  • Қашықтан білім беру және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгере алады, бастауыш білім беру жүйесінде қашықтан оқыту әдістерін, жасанды интеллектіні, онлайн сервистер мен платформаларды қолдана алады.
  • Кәсіби құзыреттер: (Hardskills)
  • Теориялық білімді практикалық қолдану жазықтығына сәйкес аудару және STEAM-тәсілді іске асыру педагогикалық ғылымның теориялық-әдіснамалық негіздерін пайдалану дағдыларын көрсете алады.
  • Педагогикалық көшбасшылық пен менеджмент білімі негізінде білім беру процесін басқарудың принциптерін, нысандарын, әдістері мен құралдарын қолдана алады, цифрлық сәйкестікті басқара алады және цифрлық этикетті сақтай алады.
  • Оқу-тәрбие міндеттерін тұжырымдай алады және шеше алады, білім алушылардың жас, психофизикалық және жеке ерекшеліктеріне, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктеріне сәйкес оқыту мен тәрбиелеудің түрлері мен әдістерін қолдана алады.
  • Білім алушылардың жеке ерекшеліктерін олардың қызығушылықтары мен сынып ұжымының қажеттіліктерін ескере отырып, нәтижелерді диагностикалау мен қадағалаудың тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын қолдана алады.
  • Бастауыш білім берудің өзекті мәселелерін әзірлеу және шешу барысында әдіснамалық негіздерді, теориялық және эмпирикалық зерттеу әдістерін қолдану негізінде білім беру ортасына ғылыми зерттеулер жүргізе алады.
  • Оқу-тәрбие қызметінде бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының, бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-сыныптарының пәндері бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларының негізгі ережелерін басшылыққа ала алады.
  • Үлгілік оқу бағдарламалары негізінде бастауыш мектеп пәндері бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспарларын әзірлей алады, орта білім берудің жаңартылған мазмұны шеңберінде сабақ өткізіп, талдай алады; білім алушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау қағидаттарын басшылыққа ала алады, қалыптастырушы бағалау стратегияларын қолдана алады, ойлау дағдылары деңгейлері бойынша тапсырмалар әзірлей алады, жиынтық бағалау жүргізе алады және білім алушылардың оқу жетістіктері деңгейлерін анықтау мақсатында модерация үдерісін жүзеге асыра алады.

Кәсіби қызмет салалары

  • Түлектердің кәсіби қызмет саласы: білім беру ұйымдары.
  • Түлектердің кәсіби қызметінің объектілері: жалпы білім беретін мектептер, гимназиялар, лицейлер, колледждер.
  • Түлектің кәсіби қызмет түрлері:
  • білім беру (педагогикалық, тәрбиелік);
  • зерттеу (бастауыш мектепте білім беруді модельдеу, жобалау, білім беру мәселелерін шешуде шығармашылық ізденіс, инновациялық педагогикалық тәжірибені зерттеу, рефлексия);
  • басқарушылық («субъект-субъект» жүйесіндегі өзара әрекет, білім берудегі менеджмент).

Бейіндік дайындық

  • Білім алушылар бастауыш мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі, бастауыш мектеп оқушысының психологиясы, педагогикалық шеберлік негіздері, цифрлық педагогика және білім беру технологиялары, бастауыш сынып оқушыларының рефлексивті іскерлігін қалыптастыру әдістемесі, альфа-ұрпақты оқытудағы жасанды интеллект, сондай-ақ бастауыш мектепте оқу пәндерін оқыту әдістемелері бойынша терең теориялық білім мен практикалық дағдыларды меңгереді.
  • Оқу үдерісінде заманауи цифрлық құралдар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану, сондай-ақ инклюзивті білім беру ортасының талаптарына сәйкес оқу үдерісін ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлінеді.

ББ өзгерістері жылдар бойынша

1
2026Жаңа пән енгізілді

Жұмыс оқу жоспарына « Цифрлық педагогика және білім беру технологиялары», «Жекеменшік мектепте және білім берудің баламалы нысандарында жұмыс » пәндері енгізілген.

Өзгерістер туралы құжат