Білім беру бағдарламалары

Журналистика және репортер ісі

Қолжетімді мамандықтар

1
Бакалавриат · 6B03201

Журналистика

Оқу мерзімі4 жыл Оқу нысаныкүндізгі Шекті балл65 Грант балы126 Оқу ақысы869 200 ₸

Бейіндік пәндер

1-ші шығармашылық емтихан 2-ші шығармашылық емтихан

Білім беру бағдарламасының мақсаты

Білім беру бағдарламасының мақсаты – журналистика, жаңа медиа саласында заманауи теориялық білімі, медиаөндірістің практикалық дағдылары және ғылыми-зерттеу құзыреттері бар, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында педагогикалық қызметті жүзеге асыра алатын, білім беру бағдарламаларын әзірлеп, енгізе алатын, сондай-ақ медиа және коммуникациялар саласында ғылыми зерттеулер жүргізе алатын жоғары білікті мамандарды даярлау.

Берілетін дәреже

«6В03201 – Журналистика» білім беру бағдарламасы бойынша әлеуметтік білім бакалавры

Аккредиттеу

Аккредиттеу сертификаты«ARQA» аккредиттеужәне білім беру сапасын сараптау тәуелсіз агенттігі, HE-SA №000367 сертификаты, берілген күні 23.04.2024 ж., жарамдылық мерзімі 22.04.2029 ж. дейін

Рейтингтердегі орны

1

IAAR

«Журналистика және репортер ісі» білім беру бағдарламалары тобы бойынша

2022 жыл3 орынРастау құжаты

Оқуды аяқтағаннан кейін

Мүмкін лауазымдар

  • Журналист, тілші, арнайы тілші, бұқаралық ақпарат құралдарының редакторы, бас редактор, теледидар журналисі, радиожурналист, интернет-журналист, репортёр, шолушы, жаңалықтар редакторы, шығарушы редактор, контент-менеджер, SMM-менеджер, PR-менеджер, баспасөз хатшысы, қоғаммен байланыс маманы, копирайтер, медиаменеджер, медиажобалар продюсері, теле- және радиобағдарламалардың жүргізушісі, фотожурналист, мультимедиалық журналист, телевизиялық және радиобағдарламалардың сценаристі, медиакоммуникация маманы.

Кәсіби құзыреттер мен оқу нәтижелері

  • Мінез-құлықтық дағдылар мен тұлғалық қасиеттер (Soft skills):
  • Қазіргі заманғы қаржылық технологиялардың жұмыс істеу қағидаттарын қолданады
  • Құқықтық және этикалық нормалар негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстарды дәлелдейді
  • Инклюзия құндылықтарының, академиялық адалдық қағидаттары мен мәдениетінің маңызын түсінеді
  • Экологиялық ғылым саласында білімі мен дағдыларын көрсетеді, орта факторларының әсерін талдайды
  • Маркетингтік бағдарламаларды жоспарлайды және іске асырады, бренд қалыптастырады
  • Іскерлік серіктестермен, сарапшылармен, консультанттармен, ұйымның басқа құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді
  • Цифрлық құзыреттер (Digital skills):
  • Редакциялық қызметтің теорияларын, әдістерін, тәсілдері мен құралдарын пайдаланады
  • Кәсіпкерлік, коммерциялық және жарнамалық қызметті реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін пайдаланады
  • ҚР «Масс-медиа туралы» заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерін меңгерген
  • Авторлар ұсынған ақпараттың өзектілігі мен дұрыстығын тексере алады
  • Кәсіпорын шығаратын медиапродукция номенклатурасын, орындалатын жұмыстар мен қызметтер түрлерін, медиа саласындағы шығармашылық және көркемдік жетістіктерді пайдаланады
  • Кәсібиқұзыреттер (Hardskills):
  • Медиапродукция негіздерінің көркемдік эстетикасын сертификаттауды қабылдайды
  • Эфирлік өнімді бейнелеу-көрнекілік құралдардың болуы және оларды лайықты қолдану, функционалдық маңыздылығы мен тиімділігі тұрғысынан талдайды
  • Қызметкерлердің қызметін, қызметкерлердің ортақ мақсаттарға қосқан жеке үлесін, олардың нақты және әлеуетті мүмкіндіктерін талдайды
  • Стратегиялық және жедел басқару мәселелері бойынша табысты корпоративтік тәжірибені талдайды.
  • Академиялық адалдық қағидаттары мен мәдениетінің маңызын түсінеді

Кәсіби қызмет салалары

  • а) «Журналистика» білім беру бағдарламасы бойынша түлектің кәсіби қызмет саласы мыналар болып табылады: коммерциялық және қоғамдық бағыттағы медиакоммуникациялық және зерттеу құрылымдары; қоғам өмірінің барлық салалары; қоғамның экономикалық, саяси, ұйымдастырушылық және әлеуметтік өмірінің үдерістері.
  • Түлектің кәсіби қызметінің объектілері «Журналистика» білім беру бағдарламасы бойынша мыналар болып табылады:
  • бұқаралық ақпарат құралдары (теледидар, радио, баспа және интернет-басылымдар), ақпараттық агенттіктер, газеттер мен журналдардың редакциялары
  • теле-радио компаниялар
  • интернет-порталдар
  • мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ақпараттық және баспасөз қызметтері
  • баспалар
  • медиахолдингтер
  • цифрлық медиаплатформалар
  • әлеуметтік желілер
  • ақпараттық, коммуникациялық және баспа қызметін жүзеге асыратын ұйымдар
  • б) Түлектің кәсіби қызмет түрлері:
  • ақпараттық – шығармашылық
  • ақпараттық – референттік
  • ақпараттық – талдамалық
  • көркем – публицистикалық
  • ұйымдастыру – басқару
  • консультациялық – сараптамалық
  • тергеушілік
  • в) Түлектің кәсіби қызмет функциялары:
  • авторлық қызмет; редакторлық қызмет;
  • жобалық-талдамалық қызмет;
  • ұйымдастыру-басқару қызметі

Бейіндік дайындық

  • Бағдарлама журналистика және медиакоммуникациялар саласында ақпаратты жинау, талдау, өңдеу және тарату, сапалы медиаконтент жасау, заманауи цифрлық технологиялармен және мультимедиалық платформалармен жұмыс істеу бойынша кәсіби құзыреттері бар, сондай-ақ академиялық адалдық, кәсіби этика және әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын сақтай отырып, баспа және электрондық бұқаралық ақпарат құралдарында, теледидарда, радиода және интернет-басылымдарда кәсіби қызметті жүзеге асыра алатын жоғары білікті мамандарды даярлауға бағытталған.
  • Білім алушы мынадай пәндерді оқиды:
  • «Цифрлы журналистика», «Журналистикаға кіріспе», «Журналистің кәсіби этикасы», «Журналистің сөйлеу әдебі», «Қазақ журналистикасының тарихы», «Қазіргі журналистиканың жанрлық түрлері мен қызметі», «Онлайн журналистика», «Стилистика және редакциялау», «Телерадиожурналистика», «Фотожурналистика», «Әлеуметтік медиа маркетинг», «БАҚ және саясат», «Бала құқығы және журналистика», «Балаларға арналған журналистика», «Журналистикадағы жасанды интеллект», «Журналистиканың құқықтық негіздері», «Журналистік зерттеу», «Инклюзивті мәдениет», «Кибер журналистика», «Компьютерлік бейнемонтаж», «Копирайтинг негіздері», «Қазіргі форматтағы радиохабарлар», «Операторлық шеберлік және бейнемонтаж өнері», «Өмір қауіпсіздігінің негіздері», «Сараптамалық журналистика ерекшеліктері», «Саяси журналистика», «Саяси көшбасшылық», «Саяси медиация», «Саяси сана және саяси мінез-құлық», «Сөйлеу техникасы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің негіздері», «Телебағдарлама дайындау негіздері», «Шетел журналистикасы», «Экология негіздері және тұрақты даму», «Жастар журналистикасы», «Іскерлік журналистика», «Мобильді журналистика», «Спорт журналистикасы», «Ғылыми зерттеу негіздері», «Дизайн және басылымдарды безендіру», «Конвергенттік медиа», «Медиа және ақпараттық сауаттылық», «Телевизия мен радиодағы шығармашылық мамандықтар», «Тіл мәдениеті», «Фактчекинг»

ББ өзгерістері жылдар бойынша

1
2025Оқу пәндерінің қысқаша сипаттамалары жаңартылды.

БББ паспортын жаңарту күні 02.09.2026

Өзгерістер туралы құжат