Білім беру бағдарламалары

Филология

Қолжетімді мамандықтар

1
Бакалавриат · 6B02305

Филология (қ)

Оқу мерзімі4 жыл Оқу нысаныкүндізгі Шекті балл65 Грант балы120 Оқу ақысы869 200 ₸

Бейіндік пәндер

Қазақ тілі Қазақ әдебиеті

Білім беру бағдарламасының мақсаты

Кәсіби қызметте заманауи технологиялар мен ғылыми зерттеудің әдіс-тәсілдерін жетік меңгерген жоғары білікті зерттеуші-филологтарды даярлау.

Берілетін дәреже

«6B02305 - Филология» білім беру бағдарламасы бойынша тіл білімі бакалавры

Аккредиттеу

Аккредиттеу сертификаты«ARQA» аккредиттеу және білім беру сапасын сараптау тәуелсіз агенттігі: 22.04.2024 ж. - 22.04.2029 ж.

Рейтингтердегі орны

2

Оқуды аяқтағаннан кейін

Мүмкін лауазымдар

  • Іс қағаздарын жүргізуші; аудармашы; заң-құқық органдарында лингвистикалық сараптамашы; редактор; корректор.

Кәсіби құзыреттер мен оқу нәтижелері

  • ОN1: Қазақ халық ауыз әдебиетін, ежелгі және орта ғасырлар әдебиетін, XV-XIX ғасырлардағы қазақ әдебиетін, XX ғасырдың бірінші және екінші жартысындағы әдебиетті, сондай-ақ әлем әдебиетінің негізгі даму кезеңдерін, олардың жанрлық ерекшеліктері мен көркемдік-эстетикалық құндылықтарын түсіндіре алады. Көркем шығармаларды тарихи-әдеби контексте салыстыру негізінде олардың жанрлық-көркемдік ерекшеліктерін анықтап, мәдени-рухани маңызын ғылыми тұрғыдан талдай алады
  • ОN2: Мәтіннің құрылымдық-семантикалық, синтаксистік, стилистикалық түзілу ерекшеліктерін анықтай алады, мәтінге лингвистикалық сараптама, тілдік талдау жасай алады. Сөз және оның этимологиясына, түркі халықтары тілі мен әдебиетінің тарихи дамуына байланысты ғылыми тұжырымдарды саралай алады.
  • ОN5: Қазіргі қазақ әдебиетінің, әдебиет теориясының, қазақ әдеби сынының, жалпы тіл білімінің және қазақ әдеби тілінің тарихының негізгі бағыттарын түсінеді және талдай алады. Абай шығармашылығы мен абайтану ғылымының мазмұнын түсініп, XX ғасыр басындағы Алаш зиялыларының тілдік мұрасын зерттеп, шығармашылық шеберхана дағдыларын қолдана алады. Контрастивтік лингвистика негізінде тілдік құбылыстарды салыстыра талдай алады.
  • ОN7: Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы, емлесі, лексикологиясы, лексикографиясы, морфологиясы және синтаксисі негіздерін меңгеріп, талдау жасай алады. Тіл біліміне кіріспе, жалпы және нормативтік грамматика, тіл ілімдерінің негіздерін түсініп, тілдік жүйені ғылыми тұрғыдан талдап, кәсіби қызметте қолдана алады.
  • ON8: Әдебиеттану ғылымына қатысты терминологияны, қазақ библиографиясының тарихын, әлем әдебиетінің классик жазушыларының шығармашылығын, қазақ әдебиетіндегі шығыстық әдеби дәстүрлердің көрінісін жан-жақты меңгеріп, көркем шығармаға әдеби талдау жасай алады. Шығармашылық шеберхана дағдыларын қолдана алады, көркем мәтінді лингвистикалық тұрғыдан талдай алады.

Кәсіби қызмет салалары

  • Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары; ғылыми-зерттеу және жобалау-сынақтау мекемелері; басқару саласы; мектептен тыс білім беру-тәрбиелеу мекемелері; қоғамдық мекемелер

Бейіндік дайындық

  • Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесі (MINOR)

ББ өзгерістері жылдар бойынша

0

Бағдарлама өзгерістері әлі қосылмаған.