Білім беру бағдарламалары

Аударма ісі

Қолжетімді мамандықтар

1
Бакалавриат · 6B02301

Аударма ісі

Оқу мерзімі4 жыл Оқу нысаныкүндізгі Шекті балл65 Грант балы126 Оқу ақысы869 200 ₸

Бейіндік пәндер

Шетел тілі Дүниежүзі тарихы

Білім беру бағдарламасының мақсаты

Кәсіби және жеке тұлғалық қасиеттері кәсіби іс-әрекет пен қоғамдық өмірдің әртүрлі салаларында өзінің еңбегін жүзеге асырудың кең мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін аударматану және мәдениетаралық қарым-қатынас саласында жоғары білікті маманды дайындау.

Берілетін дәреже

«6В02301 - Аударма ісі» білім беру бағдарламасы бойынша тіл білімі бакалавры

Аккредиттеу

Құжат әлі қосылмаған.

Рейтингтердегі орны

1

Оқуды аяқтағаннан кейін

Мүмкін лауазымдар

  • Ауызша аудармашы;
  • Жазбаша аудармашы;
  • Техникалық аудармашы;
  • Заң әдебиетінің аудармашысы;
  • Көркем әдебиет аудармашысы және т. б.

Кәсіби құзыреттер мен оқу нәтижелері

  • Оқыту нәтижесінде бағдарлама түлегі келесі құзыреттерге ие болады:
  • Кәсіби құзыреттер (Hard skills): аударманы орындау кезінде мәдениетаралық коммуникация саласындағы білімді түсіндіреді; тілдік этикет нормаларын және коммуникация кезінде оқытылатын тіл елінің лингвистикалық-елтану, ұлттық-мәдени ерекшеліктерін сақтай алады; оқытылатын саладағы оқу-практикалық және кәсіби міндеттерді шешу үшін теориялық және практикалық білімді қолданады; жазбаша және ауызша аударма процесін ұйымдастыру әдістемесін меңгереді; парақтан жазбаша, ілеспелі аударма және ауызша аударма жасай алады; білімдерін үнемі жетілдіре отыра, кәсіби қызмет барысында өзгеретін технологияларға сәтті бейімдейді; зерттелетін салада одан әрі оқуды өз бетінше жалғастыру үшін қажетті оқыту дағдыларын көрсетеді; зерттелетін салада одан әрі оқуды өз бетінше жалғастыру үшін қажетті оқыту дағдыларын көрсетеді; кәсіби қызметті жүзеге асыру процесінде аударма саласындағы ұғымдармен және категориялармен еркін жұмыс істейді; кәсіби деңгейде білім мен түсініктерді қолданады, дәлелдер келтіреді және зерттелетін саланың мәселелерін шешеді; тілдік қарым-қатынас пен аудармадағы социолингвистикалық және прагматикалық аспектілер бойынша білімге ие болады; аударма және мәдениетаралық коммуникация саласында ғылыми зерттеулер жүргізеді, мәтінді талдайды және интерпретациялайды, кәсіби және ғылыми мәселелер бойынша шетел тілінде сыни ойлау дағдыларына ие болады.
  • Цифрлық құзыреттер (Digital skills): әр түрлі функционалдық стильдер мен типтердегі мәтіндерді жазбаша аударуды жүзеге асыру үшін кәсіби қызметте АКТ, Smart, цифрлық технологиялары мен автоматтандырылған аударма бағдарламаларын (Trados және т.б.) қолданады; зерттелетін салада фактілерді, құбылыстарды, теорияларды және олардың арасындағы күрделі тәуелділіктерді білу мен түсінуді қолданады; заманауи цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып, шетел тілдерін оқыту мен аудармада заманауи тәсілдерді қолданады; заманауи цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып, аудармашының жұмыс тілдерінде мәтіндердің әртүрлі түрлерін жасайды және жүйелейді; мәтінді аудармаға дейінгі талдау әдістемесін қолданады; аударма сапасына әсер ететін ішкі және сыртқы факторларды бағалау әдістемесін қолданады; үйреніліп жатқан саладағы озық білімге негізделген білім мен түсінігін көрсетеді.
  • Мінез-құлық дағдылары және жеке қасиеттер (Softskills):
  • Қазақстанның қазіргі заман тарихы, философиясы, қолданбалы экономика, құқық, жаратылыстану ғылымдары бойынша өзекті білімдерді меңгерген, қоғамдық сананы жаңғыртудың негізгі бағыттарын іске асыруға ықпал етеді, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың экономикалық және әлеуметтік жағдайларын түсінеді және талдайды; әлеуметтік, этикалық және ғылыми тұрғыларды ескере отырып, пайымдаулар қалыптастыру үшін ақпаратты жинау және түсіндіру жұмыстарын орындайды; қоғам мен адамды тұтас жүйе ретінде таниды, адамның физиологиялық ерекшеліктері, тіршілік әрекетінің қызмет етуі мен қауіпсіздігі, зиянды және қауіпті факторлардың табиғи ортаға әсері туралы білімге ие, кәсіби қызметінде ғылыми дүниетаным мен азаматтық ұстанымын танытады, академиялық адалдықтың қағидалары мен мәдениетінің маңызын түсінеді; ғылыми зерттеу әдістері мен академиялық жазу тәсілдерін меңгерген және оларды оқытылатын салада қолдана алады, ғылыми зерттеу нәтижелерін талдап, қолдана біледі; аударматану және мәдениетаралық коммуникация саласындағы зерттеу және практикалық міндеттерді шешу үшін пәнаралық білімді біріктіре алады; оқылатын тілдердің орфографиялық, лексикалық, грамматикалық нормаларын пайдалана отырып, ақпаратты талдауға, өңдеуге және жалпылауға қабілетті, қарым-қатынастың барлық салаларындағы кәсіби қызмет міндеттерін шешу үшін оқылатын тілдерде ауызша және вербалды емес түрде қолжетімді және сенімді қарым-қатынас жасай алады; тілдік деңгей шеңберінде көзделген қарым-қатынас саласы мен жағдайларына сәйкес тақырып аясында оқу, тыңдау, сөйлеу және жазу дағдыларына ие болады; лингвистикалық теориялар саласында пайымдаулар қалыптастыру үшін ақпаратты жинау және түсіндіру жұмыстарын орындайды, үйреніліп жатқан тіл теориясының негіздерін біледі; тілдер мен мәдениеттердің лингвистикалық, әдеби, аудармаға қатысты ерекшеліктерін сипаттайды және салыстырады; барлық қарым-қатынас салаларында тілдің фонетикалық ұйымдасуын, грамматикалық құрылымын, қарқынын, нормасын, узусын және стилін сақтай отырып, жазбаша және ауызша түрде шетел тілді қабылдап, сол тілде ой білдіре алады.

Кәсіби қызмет салалары

  • Әкімшілік-басқару саласы; білім және ғылым саласы; мәдениет және мәдениетаралық коммуникация саласы; халықаралық байланыс саласы; баспа ісі саласы; бұқаралық ақпарат құралдары саласы; ақпараттық-аналитикалық сала және басқалар.

Бейіндік дайындық

  • Қоғамдық сананы жаңғыртудың дүниетанымдық негіздері;
  • Әлеуметтік-саясаттану білім модулі;
  • Ақпараттық-коммуникативтік;
  • Базалық тілдік;
  • Тереңдетілген тілдік;
  • Аударма және тілдің теориялық аспектілері;
  • Қазіргі лингводидактика және кәсіби шетел тілін оқытуды цифрландыру;
  • Тіл және аударманың практикалық аспектілері;
  • Аударманың кәсіби негіздері.

ББ өзгерістері жылдар бойынша

1
2025Оқу бағдарламасы кеңейтілді

2025 жылы «6B02301 Аударма ісі» білім беру бағдарламасының оқу бағдарламасы «Аудиовизуалды аударма», «Аймақтық өнеркәсіп аясындағы аударма», «Арнайы аударма практикасы», «Ораторлық өнер» және «Цифрлық ортадағы жобалық және зерттеушілік қызмет» пәндерін қамту үшін кеңейтілді. Цифрлық аударма мен инновациялық аударма технологияларындағы заманауи үрдістерге сәйкес студенттердің құзыреттілігін дамыту үшін «Мәтінді талдау және өңдеуге арналған жасанды интеллект құралдары» қосылу арқылы курстардың ауқымы кеңейтілді.

Өзгерістер туралы құжат