Білім беру бағдарламалары

Дінтану және теология

Қолжетімді мамандықтар

1
Бакалавриат · 6B02202

Дінтану

Оқу мерзімі4 жыл Оқу нысаныкүндізгі Шекті балл65 Грант балы124 Оқу ақысы869 200 ₸

Бейіндік пәндер

1-ші шығармашылық емтихан 2-ші шығармашылық емтихан

Білім беру бағдарламасының мақсаты

Дінтану және әлеуметтік-гуманитарлық білім, дін тарихы мен философиясы саласында гуманитарлық технологияларды, сондай-ақ қазіргі діни үдерістерді талдау және болжау әдістерін меңгерген белсенді, шығармашылықпен ойлайтын маманды даярлау.

Берілетін дәреже

«6В02202-Дінтану» білім беру бағдарламасы бойынша гуманитарлық білім бакалавры

Аккредиттеу

Құжат әлі қосылмаған.

Рейтингтердегі орны

2

Оқуды аяқтағаннан кейін

Мүмкін лауазымдар

  • Мемлекеттік органдардың дін істері жөніндегі маманы; әлеуметтік талдаушы, кеңесші, басшының діни қызмет және діни қатынастар мәселелері жөніндегі кеңесшісі; түрлі деңгейдегі мемлекеттік басқару құрылымдарындағы дін істері жөніндегі сарапшы, спичрайтер.

Кәсіби құзыреттер мен оқу нәтижелері

  • Мінез-құлық дағдылары және жеке қасиеттер (Softskills):
  • құқықтық, қаржылық, экологиялық сауаттылық саласында белсенді азаматтық ұстанымын көрсету үшін әлеуметтік-гуманитарлық сипаттағы білімді қолданады; инклюзия қағидаттары мен құндылықтарын, сондай-ақ қазақстандық қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің, тиімді кәсіпкерлік қызметтің, қаржылық және экологиялық қауіпсіздіктің қалыптасуына ықпал ететін фактілерді түсінеді;
  • әлеуметтік, этикалық және ғылыми пайымдарды ескере отырып, тұжырым жасау үшін ақпаратты жинайды және түсіндіреді; кәсіби қызметінде бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, өзара түсіністік, толеранттылық, қазіргі қоғамның демократиялық және инклюзивті құндылықтары басымдығына негізделген өз азаматтық ұстанымын бекітеді; академиялық адалдық қағидаттары мен мәдениетінің маңызын түсінеді;
  • қоғам тіршілігінің қауіпсіздігін құқықтық реттеуге ықпал ететін әлеуметтік-экономикалық қызметтің негізгі салалары туралы білімді меңгерген, жеке қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз ете алады, қоғам мен табиғаттың өзара қатынасының үрдістерін болжай алады;
  • коммуникативтік дағдыларды меңгерген, командада жұмыс істей алады, әлеуметтік және эмоционалдық интеллектін дамытады; әртүрлілікті және инклюзия қағидаттарын құрметтей отырып, қарым-қатынас жағдайындағы өз мінез-құлқын бағалайды және түзетеді; әңгімелесушілердің мәдени және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, кәсіби міндеттерді шешу үшін үш тілде вербалды және вербалды емес түрде еркін, түсінікті және сенімді қарым-қатынас жасай алады.
  • Цифрлық құзыреттер (Digital skills):
  • қоғам дамуындағы АКТ ерекшеліктерін, ДК аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз етуін, желілік, мультимедиялық және интернет-технологияларды, негізгі Smart және Е-технологияларды біледі және АКТ-ны түрлі қызмет түрлерінде пайдалану дағдыларын меңгерген; дінтану зерттеулерінде ЖИ-ді қолдану дағдыларын меңгерген;
  • ақпараттық сауаттылықты, жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен жұмыс істей білуін көрсетеді, дін тарихын, діни қызметті, діни сананы зерттеудегі цифрлық технологиялардың рөлін талдайды, дінтанулық талдау барысында ЖИ мүмкіндіктерін пайдаланады және тиісті дінтанулық тұжырымдамаларды қалыптастырады.
  • Кәсіби құзыреттер (Hardskills):
  • әлемдік және қазақстандық дінтанудың негізгі тұжырымдамалары, дінтанулық білім дамуының негізгі кезеңдері мен формалары, діннің мәдениет жүйесіндегі орны мен қоғамдағы функциялары туралы базалық білімін көрсетеді;
  • діннің әлеуметтік институт ретіндегі ерекшеліктері, оның қоғамдық өмірдің түрлі салаларымен өзара байланысы, мемлекеттік-конфессиялық қатынастардың ерекшелігі туралы базалық білімін көрсетеді және Қазақстандағы діни қызметке әсер ететін әлеуметтік факторларды өз бетінше зерттей алады;
  • діни негіздегі жанжалдардың алдын алуға, конфессияаралық келісім мен діни төзімділіктің қазақстандық моделін одан әрі жетілдіруге бағытталған теориялық және қолданбалы зерттеулер жүргізеді, сараптамалық қорытындылар әзірлейді;
  • діни философияның негізгі бағыттары, дінтанулық білім берудің қалыптасуының әлеуметтік-тарихи және әлеуметтік-мәдени жағдайлары туралы кәсіби білімін көрсетеді, дінтануды оқытудың ғылыми негіздері мен әдістемесін, дін саласындағы мемлекеттік заңнаманы, діни экстремизмнің алдын алу тәсілдерін түсінеді;
  • кәсіби білімін қоғамда дін туралы ғылыми түсініктерді таратуға, адамның өз діни көзқарастарына қатысты әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға, діни экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы тиімді мемлекеттік саясатты іске асырудағы дінтанулық білімнің маңызын негіздеуге қолданады;
  • зерделенетін саладағы оқу-практикалық және кәсіби міндеттерді шешу үшін теориялық және практикалық білімін қолданады; діни қатынастар мен діни қызмет саласында ғылыми тәсіл әдіснамасын, ғылыми қоғамдастық, діни конфессиялар, халықтың түрлі әлеуметтік топтары өкілдерімен дін мәселелерін талқылауда пікірталасты ұтымды жүргізу дағдыларын пайдаланады;
  • дәстүрлі және дәстүрлі емес діндердің қалыптасуы мен дамуының әлеуметтік-тарихи және әлеуметтік-мәдени жағдайлары туралы кәсіби білімін көрсетеді, қазіргі әлемдегі дін дамуының негізгі үрдістерін талдай және болжай алады;
  • төзімділік мәдениетін қалыптастыру, конфессияаралық диалог пен қазақстандық қоғамдағы рухани келісімге жағдай жасау үшін діни қатынастар мен діни қызметке қатысушылармен тікелей өзара әрекеттесуге қажетті ұсынымдар әзірлейді;
  • түрлі діни көзқарас өкілдерімен сындарлы өзара әрекеттесу, діни және діни емес дүниетаным өкілдері арасында диалог ұйымдастыру үшін қазіргі діни үдерістердің сипаты, діни ілімдердегі, теологиядағы, діни қызметтегі өзгерістер заңдылықтары туралы кәсіби білімін қолданады.

Кәсіби қызмет салалары

  • а) «6В02202-Дінтану» білім беру бағдарламасы бойынша түлектің кәсіби қызметінің саласы ғылым, білім беру, басқару салалары, сондай-ақ әлеуметтік, мәдени, этномәдени институттар болып табылады.
  • «6В02202-Дінтану» білім беру бағдарламасы бойынша түлектің кәсіби қызметінің объектілері:
  • ғылыми-зерттеу ұйымдары;
  • әлеуметтік және мәдени жұмыс саласы;
  • мемлекеттік және коммерциялық құрылымдар;
  • қоғамдық қозғалыстар мен бірлестіктер;
  • ғылыми-білім беру және әлеуметтік қорлар және т.б.
  • б) Түлектің кәсіби қызмет түрлері:
  • ұйымдастырушылық-басқарушылық;
  • үйлестірушілік;
  • кеңес берушілік;
  • білім беру;
  • ғылыми-зерттеу.
  • в) Түлектің кәсіби қызметінің функциялары:
  • ғылыми-зерттеу және ғылыми-әдістемелік қызметті жүзеге асыру;
  • мемлекеттік, конфессиялық және қоғамдық ұйымдарда, бұқаралық ақпарат құралдарында діннің қызмет етуі саласында ұйымдастырушылық-басқарушылық, сараптамалық қызметті жүзеге асыру;
  • мұражай экспонаттарын өңдеу және сипаттау, экскурсиялар жүргізу; кітапханалар мен мұрағаттарда діни және дінтанулық материалдар мен әдебиеттерді каталогтау.

Бейіндік дайындық

  • Бағдарлама дін істері жөніндегі мемлекеттік органдар, ғылым, білім беру, әлеуметтік және мәдени сала үшін дінтану саласындағы мамандарды даярлауға бағытталған. Оқу барысында студент әлемдік және қазақстандық дінтанудың негізгі тұжырымдамаларын меңгереді, қазіргі діни үдерістерді талдауды және болжауды, діни негіздегі жанжалдар мен діни экстремизмнің алдын алу бойынша сараптамалық қорытындылар әзірлеуді, түрлі конфессиялар мен дүниетаным өкілдерімен диалог жүргізуді, дінтану зерттеулерінде ЖИ-ді қолдануды үйренеді.
  • Студент «Дін тарихы», «Дін философиясы», «Дін психологиясы», «Дін социологиясы», «Діни антропология», «Әлем діндерінің қасиетті мәтіндері», «Ислам теологиясы», «Христиан теологиясы», «Қазақстандағы қазіргі діни ахуал», «Дінтану зерттеулеріндегі жасанды интеллект» сияқты пәндерді оқиды.
  • Түлектер гуманитарлық білім бакалавры дәрежесін алады және дін істері жөніндегі мемлекеттік органдарда, сараптамалық-талдау орталықтарында, ғылым мен білім беру ұйымдарында, мұражайларда, кітапханалар мен мұрағаттарда, бұқаралық ақпарат құралдарында, қоғамдық бірлестіктерде жұмыс істей алады.

ББ өзгерістері жылдар бойынша

1
20262026 жылы білім беру бағдарламасында оқу пәндерінің қысқаша сипаттамалары жаңартылды.

БББ паспортының жаңартылған күні 03.07.2026.

Өзгерістер туралы құжат