Білім беру бағдарламалары

Философия және этика

Қолжетімді мамандықтар

1
Бакалавриат · 6B02201

Философия

Оқу мерзімі4 жыл Оқу нысаныкүндізгі Шекті балл65 Грант балы87 Оқу ақысы869 200 ₸

Бейіндік пәндер

Дүниежүзі тарихы География

Білім беру бағдарламасының мақсаты

Қоғамдық сананы жаңғыртудағы және өркениеттік дамудың өзекті міндеттерін шешудегі философияның рөлін түсіну тұрғысынан философиялық-дүниетанымдық және әдіснамалық мәдениетке ие классикалық және қазіргі философия саласындағы мамандарды кәсіби даярлау.

Берілетін дәреже

«6В02201-Философия» білім беру бағдарламасы бойынша гуманитарлық білім бакалавры

Аккредиттеу

Құжат әлі қосылмаған.

Рейтингтердегі орны

2

Оқуды аяқтағаннан кейін

Мүмкін лауазымдар

  • философия, этика, логика және басқа да әлеуметтік-гуманитарлық пәндер саласындағы маман; мемлекеттік басқару органдарындағы талдаушы маман; әлеуметтік және мәдени жұмыс саласындағы референт, менеджер; коммерциялық құрылымдардың, қоғамдық қозғалыстар мен бірлестіктердің, ҒЗИ сарапшысы, әлеуметтік талдаушысы; ұлттық қозғалыстар, ұлтаралық қатынастар, халықтың көші-қоны, ұлттық менталитет мәселелері бойынша ұйымдарға кеңес беретін антрополог және этнолог; ғылыми-білім беру және әлеуметтік қорлардың маманы.

Кәсіби құзыреттер мен оқу нәтижелері

  • Мінез-құлық дағдылары және жеке қасиеттер (Softskills):
  • құқықтық, қаржылық, экологиялық сауаттылық саласында белсенді азаматтық ұстанымын көрсету үшін әлеуметтік-гуманитарлық сипаттағы білімді қолданады; қазақстандық қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің, тиімді кәсіпкерлік қызметтің, қаржылық және экологиялық қауіпсіздіктің қалыптасуына ықпал ететін фактілерді түсінеді;
  • әлеуметтік, этикалық және ғылыми пайымдарды ескере отырып, тұжырым жасау үшін ақпаратты жинайды және түсіндіреді; кәсіби қызметінде құқықтық мәдениет, прагматизм, өзара түсіністік, толеранттылық, қазіргі қоғамның демократиялық және инклюзивті құндылықтары басымдығына негізделген өз азаматтық ұстанымын бекітеді; академиялық адалдық қағидаттары мен мәдениетінің маңызын түсінеді;
  • қоғам тіршілігінің қауіпсіздігін құқықтық реттеуге ықпал ететін әлеуметтік-экономикалық қызметтің негізгі салалары туралы білімді меңгерген, жеке қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз ете алады, қоғам мен табиғаттың өзара қатынасының үрдістерін болжай алады;
  • коммуникативтік дағдыларды меңгерген, командада жұмыс істей алады, әлеуметтік және эмоционалдық интеллектін дамытады; әртүрлілікті және инклюзия қағидаттарын құрметтей отырып, қарым-қатынас жағдайындағы өз мінез-құлқын бағалайды және түзетеді; кәсіби қызмет міндеттерін шешу үшін үш тілде вербалды және вербалды емес түрде еркін, түсінікті және сенімді қарым-қатынас жасай алады; мәдениетаралық диалог тұрғысынан объективті түсіндіру және сыни бағалау тәсілдерін меңгерген.
  • Цифрлық құзыреттер (Digital skills):
  • ақпараттық сауаттылықты, философияның даму үрдістері туралы жаңа білім алу үшін жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен жұмыс істей білуін көрсетеді; жаңа цифрлық шындықты зерттеу әдіснамасын меңгерген және оның мүмкіндіктерін ескере отырып философиялық зерттеулерді жобалайды; философиялық зерттеулерде ЖИ-ді қолдану дағдыларын меңгерген;
  • табиғатты, қоғамды және ойлауды зерттеудегі цифрлық технологиялардың рөлін талдайды және тиісті философиялық тұжырымдамаларды қалыптастырады; қазіргі қоғамда коммуникативтік рационалдылық мәдениетін қалыптастырудағы цифрлық технологиялардың маңызын түсіндіреді, оларды әлеуметтік қызметтің түрлі салаларында қолдану бойынша практикалық ұсынымдар әзірлейді, философиялық талдау барысында ЖИ мүмкіндіктерін пайдаланады.
  • Кәсіби құзыреттер (Hardskills):
  • философиялық мәдениеттің негізгі категориялары, философияның тарихи дамуының негізгі кезеңдері, адамның әлемге әмбебап қатынасы ретіндегі философиялық дүниетанымның табиғаты мен мәні туралы базалық білімін көрсетеді, қоғамдық сананы жаңғыртудың өзекті мәселелерін талқылау және шешу үшін философия теориясы мен тарихы бойынша білімін қолданады;
  • әлеуметтік-гуманитарлық білімнің өзекті мәселелерін философиялық тұрғыдан зерделеу барысында зерттеушілік ұстанымын дәлелдейді, қоғамда коммуникативтік рационалдылық дағдыларын қалыптастыру үшін философиялық дүниетанымның танымдық әлеуетін пайдаланады;
  • әлеуметтік-мәдени қызмет саласындағы қазіргі философиялық зерттеулердің негізгі бағыттары туралы кәсіби білімін және осы саладағы философиялық мәселелерді өзіндік түсіндіру қабілетін көрсетеді; Қазақстанның қазіргі өркениеттік дамуының нұсқаларын талдау және болжау үшін философиялық әдіснаманың танымдық әлеуетін пайдаланады;
  • әлеуметтік-мәдени қызметтің түрлі бағыттары бойынша нақты философиялық мәселелерді шешу саласында жаңа білім алады; философиялық білімнің өзекті мәселелері бойынша өз көзқарасын жария сөйлеу және жазбаша дәлелді баяндау негіздерін меңгерген;
  • философиялық дискурстағы адам мен қоғам мәселесінің мәні туралы кәсіби білімін және әлеуметтік-гуманитарлық қызметтің тиімді жүйесін қалыптастыру үшін өзекті мәселелерді шешудің философиялық әдіснамасының негізгі қағидаттарын түсінетінін көрсетеді;
  • алған білімін адамның жан-жақты дамуына қажетті әлеуметтік жағдайлар жасау, адам болмысының тарихилығын және адамның табиғат, қоғам, басқа адамдар мен өзі алдындағы адамгершілік міндеттерін ұғыну бойынша зерттеулер жүргізуге қолданады; зерделенетін саладағы оқу-практикалық және кәсіби міндеттерді шешу үшін теориялық және практикалық білімін қолданады;
  • қоғамдық санада қоғамдық дамудың гуманистік сипатының, қазіргі табиғи және әлеуметтік үдерістерде адам факторы рөлінің артуының құндылықтарын бекітеді;
  • қазіргі Қазақстанның даму мәселелерін шешуге және жеке және әлеуметтік табысқа жетудің қажетті жағдайларын қалыптастыруға ықпал ететін практикалық ұсынымдардың философиялық негіздемесін әзірлейді.

Кәсіби қызмет салалары

  • а) «6В02201-Философия» білім беру бағдарламасы бойынша түлектің кәсіби қызметінің саласы ғылым, білім беру, басқару салалары, сондай-ақ әлеуметтік, мәдени, этномәдени институттар болып табылады.
  • «6В02201-Философия» білім беру бағдарламасы бойынша түлектің кәсіби қызметінің объектілері:
  • ғылыми-зерттеу ұйымдары;
  • әлеуметтік және мәдени жұмыс саласы;
  • мемлекеттік және коммерциялық құрылымдар;
  • қоғамдық қозғалыстар мен бірлестіктер;
  • ғылыми-білім беру және әлеуметтік қорлар және т.б.
  • б) Түлектің кәсіби қызмет түрлері:
  • ұйымдастырушылық-басқарушылық;
  • үйлестірушілік;
  • кеңес берушілік;
  • білім беру;
  • ғылыми-зерттеу.
  • в) Түлектің кәсіби қызметінің функциялары:
  • ғылыми-зерттеу және ғылыми-әдістемелік қызметті жүзеге асыру;
  • белсенді азаматтық ұстанымы бар білімді, кең ойлайтын, адамгершілігі жетілген тұлғаларды тәрбиелеу және оқыту;
  • атқаратын қызмет саласында жұмыстың жоғары сапасын қамтамасыз ету;
  • білім беру, мәдени-бұқаралық жұмысты үйлестіру және т.б.

Бейіндік дайындық

  • Бағдарлама ғылым, білім беру, басқару, әлеуметтік және мәдени сала үшін классикалық және қазіргі философия саласындағы мамандарды даярлауға бағытталған. Оқу барысында студент философиялық мәдениеттің негізгі категориялары мен философияның тарихи дамуының кезеңдерін меңгереді, адам мен қоғамның өзекті мәселелерін талдауға философиялық әдіснаманы қолдануды, өз ұстанымын ауызша және жазбаша түрде дәлелді баяндауды, философиялық зерттеулерде цифрлық технологиялар мен ЖИ-ді пайдалануды, қазіргі Қазақстанның даму мәселелерін шешуге арналған практикалық ұсынымдардың философиялық негіздемесін әзірлеуді үйренеді.
  • Студент «Онтология және гносеология», «Этика және эстетика», «Ежелгі дүние философиясының тарихы», «Неміс классикалық философиясының тарихы», «Әлеуметтік философия», «Жасанды интеллект философиясы», «Қазақ философиясы», «Философиялық антропология», «Абайдың дүниетанымы», «Әлеуметтік-гуманитарлық дискурстағы инклюзия» сияқты пәндерді оқиды.
  • Түлектер гуманитарлық білім бакалавры дәрежесін алады және ғылым мен білім беру ұйымдарында, мемлекеттік басқару органдарында, әлеуметтік және мәдени мекемелерде, қоғамдық бірлестіктерде жұмыс істей алады.

ББ өзгерістері жылдар бойынша

1
20262026 жылы білім беру бағдарламасында оқу пәндерінің қысқаша сипаттамалары жаңартылды.

БББ паспортының жаңартылған күні 03.07.2026.

Өзгерістер туралы құжат