Білім беру бағдарламалары

Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

Қолжетімді мамандықтар

1
Бакалавриат · 6B01202

Мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешісі және логопеді

Оқу мерзімі4 жыл Оқу нысаныкүндізгі Шекті балл75 Грант балы85 Оқу ақысы869 200 ₸

Бейіндік пәндер

Биология География

Білім беру бағдарламасының мақсаты

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында логопедиялық сүйемелдеуді жүзеге асыратын, білім беру-тәрбие процесін ұйымдастыру және мектепке дейінгі ұйымды басқару дағдыларына ие, бәсекеге қабілетті педагогты даярлау.

Берілетін дәреже

6В01202 – «Мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешісі және логопеді» білім беру бағдарлама бойынша білім бакалавры

Аккредиттеу

Құжат әлі қосылмаған.

Рейтингтердегі орны

0

Рейтинг нәтижелері әлі қосылмаған.

Оқуды аяқтағаннан кейін

Мүмкін лауазымдар

  • Педагог. Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі. Мектепке дейінгі ұйым әдіскері.
  • Мүмкін лауазымдар 6В01202 – Мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешісі және логопеді білім бағдарламасы бойынша білім бакалаврының кәсіби қызметінің объектілері:
  • – мектепке дейінгі ұйымдардың барлық типтері (балабақшалар, бөбекжайлар);
  • – жалпы білім беру мектептері, оның ішінде мектеп-лицеи, мектеп-гимназиялар, шағын жинақты мектептер, санаториялық мектептер, спорт мектептері;
  • – балалар үйі;
  • – арнайы түзету ұйымдары (ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналғанбалабақшалар, мектеп – интернаттар, сыныптар);
  • – бастауыш кәсіптік білім беретін оқу орындары (лицейлер);
  • – орта кәсіптік білім беретін оқу орындары (колледждер);
  • – білім беру департаменттер;
  • – білім беру жүйесі кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау институттары.

Кәсіби құзыреттер мен оқу нәтижелері

  • Кәсіби құзыреттер(Hardskills):
  • Мектепке дейінгі жастағы балалардың жас ерекшеліктеріне тән анатомиялық-физиологиялық және психикалық даму заңдылықтарын ескере отырып, үлгілік оқу бағдарламасының әдістемелік талаптарына сәйкес тәрбиелік-білім беру қызметін құрастыру, инклюзивті білім беру саласында кәсіби функцияларды жүзеге асырады.
  • Мектепке дейінгі ұйымның білім беру ортасын зерттеу, оқыту нәтижелеріне, мектепке дейінгі жастағы балалардың психикалық дамуына мониторингтік зерттеулер жүргізу, соның негізінде өз бетінше білім алу, үздіксіз кәсіби даму процесін жүзеге асыру.
  • Қазақстанның ұлттық басымдықтарын, педагогика ғылымының тарихи жетістіктерін ескере отырып, тәрбие процесін ұйымдастырады, мектеп жасына дейінгі балалардың жеке басына адамгершілік, патриоттық, эстетикалық тәрбие беру бойынша іс-шараларды, мерекелер мен ойын-сауықтарды ұйымдастырады және өткізеді.
  • Мектепке дейінгі ұйымның білім тәрбиелеу-білім беру процесіне қатысуға ата-аналарды тарту бойынша жұмыстың инновациялық нысандарын қолдану, баланың отбасылық тәрбиесі, әлеуметтік, психикалық және дене дамуы мәселелері бойынша жеке консультациялар өткізу.
  • Баланың мектепте оқуға дайындығын диагностикалауды жүргізу, мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің сабақтастығын ескере отырып, балаларды мектепте оқуға дайындау процесін ұйымдастыру, логопедтік сүйемелдеуді жүзеге асыру.
  • Баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және денсаулығын, оның дене және психикалық дамуын нығайту жөніндегі жұмысты жүзеге асырады; ерте және мектепке дейінгі жастағы балалардың ойын, дербес, танымдық, сөйлеу, шығармашылық іс-әрекеті үшін қауіпсіз даму ортасын құру.
  • Мектепке дейінгі ұйымда тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру; оқу-әдістемелік құжаттаманы әзірлеуге; әдістемеші тұрғысынан мектепке дейінгі ұйым қызметін басқаруды және мониторингті жүзеге асыру, ұжымда және ата-аналармен жұмыс істеуде тиімді коммуникацияны іске асыру.
  • Мектепке дейінгі ұйымда ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастырады, ғылыми зерттеулер мен академиялық жазу әдістерін меңгереді және оларды кәсіби қызметінде қолданады.
  • Логопедиялық қолдаудың негізгі процесін жоспарлайды және жүзеге асырады: сөйлеу патологиясын диагностикалайды және түзетеді, мектеп жасына дейінгі балалардың жалпы сөйлеу дамуына ықпал етеді.
  • Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының жас тобына және әдістемелік талаптарына сәйкес білім беру қызметін интеграциялауды жүргізеді.
  • Үздіксіз диагностикалық-педагогикалық бақылауды жүзеге асыру, түзету-дамыту процесінің тиімділігін және мектеп жасына дейінгі балалардың, оның ішінде сөйлеу қабілеті бұзылған балалардың білім беру бағдарламасын меңгеру нәтижелілігін бағалау.

Кәсіби қызмет салалары

  • «6В01202 – Мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешісі және логопеді» бакалаврының кәсіби қызмет саласы білім беру ұйымдары болып табылады. 6В01202 – Мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешісі және логопеді білім бағдарламасы бойынша білім бакалаврының кәсіби қызметінің объектілері:
  • – мектепке дейінгі ұйымдардың барлық типтері (балабақшалар, бөбекжайлар);
  • – жалпы білім беру мектептері, оның ішінде мектеп-лицеи, мектеп-гимназиялар, шағын жинақты мектептер, санаториялық мектептер, спорт мектептері;
  • – балалар үйі;
  • – арнайы түзету ұйымдары (ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналғанбалабақшалар, мектеп-интернаттар, сыныптар);
  • – бастауыш кәсіптік білім беретін оқу орындары (лицейлер);
  • – орта кәсіптік білім беретін оқу орындары (колледждер);
  • – білім беру департаменттері;
  • – білім беру жүйесі кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау институттары.

Бейіндік дайындық

  • Білім беру бағдарламасы мектепке дейінгі білім беру және логопедиялық сүйемелдеу саласында білікті мамандар даярлауға бағытталған. Оқу барысында студент мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиелеу мен оқыту үдерісін ұйымдастыруды, балалардың сөйлеу тілінің даму ерекшеліктерін анықтауды, сөйлеу бұзылыстарын диагностикалауды және түзетуді, түзету-дамыту жұмыстарын жүргізуді, сондай-ақ балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, олардың жан-жақты дамуын қамтамасыз етуді меңгереді.
  • Студент «Мектепке дейінгі педагогика», «Жалпы және балалар психологиясы», «Балалардың мектепте оқуға дайындығының психологиялық-педагогикалық негіздері», «Ерте жастағы балаларды оқыту әдістемесі», «Логотехнология», «Сөйлемейтін балалардың тілін шығару» сияқты пәндерді оқиды.
  • Бітірушілер білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры академиялық дәрежесін алады және мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиеші-логопед, логопед, түзету-дамыту жұмыстарының маманы, балаларды дамыту орталықтарында, логопедиялық кабинеттерде және әртүрлі білім беру ұйымдарында жұмыс істей алады.

ББ өзгерістері жылдар бойынша

1
2026Жаңа функция

2026 жылы білім беру бағдарламасына жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері (профессор-оқытушылар құрамы) үшін кәсіптік стандартта көзделген еңбек функциялары енгізілді. Сонымен қатар, оқу пәндерінің қысқаша сипаттамалары жаңартылды. ОП паспортын жаңарту күні 18.06.2026

Өзгерістер туралы құжат