Арнайы педагогика
Бейіндік пәндер
Білім беру бағдарламасының мақсаты
Арнайы және инклюзивті білім беру жүйесінде түзете-дамыту педагогикалық қызметті жүзеге асыру үшін іргелі білімі мен зерттеу дағдылары бар, логопедтің қосымша біліктілігіне ие олигофренопедагогтарды кәсіби даярлау
Берілетін дәреже
"6В01902 – Арнайы педагогика" білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры
Аккредиттеу
Аккредиттеу сертификаты6В01902 – Арнайы педагогика» білім беру бағдарламасы Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігінің (НААР/IAAR) мамандандырылған (бағдарламалық) аккредиттеуінен өтті. Аккредиттеуден өткен күні: 30.04.2026 ж. Аккредиттеудің жарамдылық мерзімі: 29.04.2031 ж. дейін. Аккредиттеу туралы куәліктің тіркеу нөмірі: АВ 6430.Құжат әлі қосылмаған.
Рейтингтердегі орны
0Рейтинг нәтижелері әлі қосылмаған.
Оқуды аяқтағаннан кейін
Мүмкін лауазымдар
- Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, орта және арнайы білім беру ұйымдарының арнайы педагогі (дефектолог-мұғалім, дефектолог, логопед-мұғалім, логопед, олигофренопедагог).
Кәсіби құзыреттер мен оқу нәтижелері
- Мінез-құлық дағдылары және жеке қасиеттер (Softskills):
- Қазақстан Республикасындағы мемлекет және құқық туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет жөнінде біліммен жұмыс істей алады. Қаржылық ақпаратты талдай алады және оңтайлы инвестициялық стратегияны таңдау үшін қаржылық өнімдерді бағалай біледі. Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану туралы білімін көрсетеді. Білім беру кеңістігінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады.
- Бала онтогенезінің негізгі заңдылықтарын басшылыққа алады, ерте және мектеп жасындағы балалардың физикалық дамуын бағалайды; балалардағы функционалдық бұзылыстар мен ауруларға талдау жүргізеді; балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын нығайту және сақтау әдістерін меңгерген. Арнайы білім беру ұйымдарының оқу үдерісінде жасанды интеллект технологияларын қолданады.
- Арнайы және инклюзивті оқыту мен тәрбиелеудің теориясы мен практикасын, ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғаларға арналған арнайы білім берудің тарихын біледі; арнайы педагогиканың дидактикалық негіздерін меңгерген; арнайы және инклюзивті білім беруді ұйымдастыруды игерген; арнайы педагогиканың мәселелері мен даму перспективаларын түсінеді. Зият бұзылған тұлғаларды тәрбиелеуде әдістерді, құралдарды және формаларды қолданады.
- Сандық құзыреттер (Digital skills):
- Түзете-дамыту жұмысының және үйде оқытудың принциптерін, мазмұны мен әдістерін біледі; педагогикалық ұжымды басқаруда іскерлік коммуникациялардың түрлері мен формаларын қолданады; күрделі (қосарланған) бұзылыстары бар балалардың даму ерекшеліктерін, олардың мінез-құлқын және әлеуметтік қажеттіліктерін біледі; зият бұзылған және аутизм спектрі бұзылыстары бар балалардың психофизикалық дамуын түзетуге және жетілдіруге бағытталған бағдарламаларды әзірлейді және енгізеді.
- Кәсіби құзыреттер (Hardskills):
- Тұқым қуалайтын ауруларды ажыратады; тұқымқуалаушылықтың цитологиялық және молекулалық негіздерін сипаттайды; генетикалық есептерді шешеді, хромосомдық аберрациялардың этиологиясы мен патогенезін түсіндіреді. Орталық жүйке жүйесінің құрылым ерекшеліктері туралы білімін көрсетеді; жүйке жүйесі ауруларының этиологиясын, патогенезін және клиникалық көріністерін ажыратады; неврологиялық бұзылыстарды диагностикалау және түзету әдістерін қолданады. Онтогенездің әртүрлі кезеңдерінде көру, есту және сөйлеу жүйесінің даму патологиясы туралы білімін пайдаланады.
- Денсаулық, қауіп факторлары және аурулардың алдын алу туралы білімдерді меңгерген; денсаулықтың медициналық және әлеуметтік аспектілерінің (өмір салты, қоршаған орта, қоғам) өзара байланысын түсінеді. Алғашқы медициналық көмек көрсете алады. Салауатты өмір салты дағдыларын қолданады және оларды насихаттайды.
- Мүмкіндігі шектеулі балалардағы бұзылыстардың түрлерін диагностикалайды; психологиялық-педагогикалық зерттеу нәтижелерін талдайды және интерпретациялайды; анықталған бұзылыстарды жоюға бағытталған кешенді түзету жұмысын құрастырады; баланың дамуындағы кешенді ерекшеліктерді ескере отырып диагностикалық қорытынды жасайды. Заманауи диагностикалық әдістемелер мен түзету технологияларын қолданады. Ата-аналарымен (заңды өкілдерімен) өзара әрекеттесе алады.
- Арнайы психология және сабақтас ғылымдар саласындағы іргелі білімдерді психологиялық құбылыстарды талдау және кәсіби міндеттерді шешу үшін қолданады. Зият және сөйлеу бұзылыстары бар (әртүрлі дәрежеде) балалар мен ересектердің психологиялық ерекшеліктерін біледі. Жүргізіліп жатқан психологиялық түзету жұмысының тиімділігін бағалай алады және қажет болған жағдайда түзетулер енгізеді.
- Қазіргі қазақ тілінің нормаларын (фонетикалық, лексикалық, грамматикалық, орфографиялық, пунктуациялық) меңгерген. Арнайы педагогика саласындағы кәсіби лексика мен терминологияны қазақ тілінде түсінеді және қолданады. Қазақ тілінде ауызша және жазбаша кәсіби коммуникация жүргізе алады. Этнопедагогиканың негізгі формалары мен әдістерін (ауыз әдебиеті, халық ойындары, дәстүрлер, әдет-ғұрыптар, қолөнер, еңбек) қолданады.
- Зият бұзылыстары бар балаларды негізгі мектеп пәндері бойынша оқытуды жоспарлайды, әзірлейді және ұйымдастырады; оқыту мен тәрбиелеу мақсаттарына сәйкес технологияларды, оқу/тәрбие бағдарламаларын және бағалау стратегияларын таңдайды. Зият бұзылыстары бар балаларға арналған жеке оқыту бағдарламаларын әзірлейді.
- Логопедтің кәсіби қызметі мен функционалдық міндеттерін түсінетіндігін көрсетеді. Сөйлеу бұзылыстарын толық әрі кешенді диагностикалайды. Әрбір сөйлеу бұзылысының этиологиясын, патогенезін және клиникалық көрінісін біледі. Сөйлеу дамуының деңгейі мен бұзылыстар сипатын көрсететін негізделген логопедиялық қорытынды жасайды. Әртүрлі сөйлеу бұзылыстарын түзету әдістемелерін қолданады. Түзету-логопедиялық жұмыста заманауи технологиялар мен техникалық құралдарды пайдаланады. Бейімделген денешынықтыру сабақтарын өткізу әдістемелерін меңгерген.
Кәсіби қызмет салалары
- а) Бітіруші-түлектің кәсіби қызметінің саласы мен объектілері
- «6В01902 – Арнайы педагогика» бакалаврының кәсіби қызмет саласы білім беру ұйымдары болып табылады. Бітірушілердің кәсіби қызметінің объектілері:
- арнайы және инклюзивті сыныптары бар жалпы білім беретін мектептер;
- арнайы және инклюзивті топтары бар балабақшалар;
- арнайы (түзету) мектептер;
- оңалту орталықтары;
- түзету кабинеттері;
- инклюзивті білім беруді қолдау кабинетері;
- мектепке дейінгі және мектеп мекемелері жанындағы логопедиялық пункттер;
- психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар;
- педагогикалық колледждер;
- педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институттары;
- білім департаменттері.
- б) Бітіруші-түлектің кәсіби қызметінің түрлері
- ұйымдастыру-технологиялық;
- өндірістік-басқарушылық;
- жобалық;
- ғылыми-зерттеу;
- педагогикалық;
- кеңес беру-диагностикалық.
- в) Бітіруші-түлектің кәсіби қызметінің функциялары
- Арнайы педагогика саласының мамандары зият дамуында бұзылыстары бар балалардың психофизикалық дамуының, оқытуы мен тәрбиесінің ерекшеліктерін, сондай-ақ осы санаттағы балалармен түзету-педагогикалық жұмысты ұйымдастырудың ерекшеліктерін зерттейді.
Бейіндік дайындық
- Арнайы және инклюзивті білім беру жүйесінде түзете-дамыту педагогикалық қызметті жүзеге асыру үшін іргелі білімі мен зерттеу дағдылары бар, логопедтің қосымша біліктілігіне ие олигофренопедагогтарды кәсіби даярлау.
ББ өзгерістері жылдар бойынша
1
2026Жаңарту
2025 жылы «6В01902 – Арнайы педагогика» білім беру бағдарламасы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 24 ақпандағы № 31 бұйрығымен бекітілген білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған кәсіптік стандарт талаптарына сәйкес өзектендірілді. 2026 жылы білім беру бағдарламасының мазмұнына арнайы педагогтердің кәсіби даярлығын жетілдіруге бағытталған өзгерістер енгізілді. Оқыту нәтижелері мен оқу пәндерінің мазмұны жаңартылып, болашақ мамандардың практикалық даярлығына басымдық берілді. Білім беру бағдарламасына жасанды интеллектті кәсіби қызметте қолдану, ерте араласу және түзете-дамыта оқытудың заманауи технологияларын пайдалану мәселелері енгізілді.
Өзгерістер туралы құжат
Buketov University