Білім беру бағдарламалары

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Қолжетімді мамандықтар

1
Бакалавриат · 6B01701

Қазақ тілі мен әдебиеті

Оқу мерзімі4 жыл Оқу нысаныкүндізгі Шекті балл80 Грант балы118 Оқу ақысы869 200 ₸

Бейіндік пәндер

Қазақ тілі Қазақ әдебиеті

Білім беру бағдарламасының мақсаты

Жалпы білім беретін мектептер үшін қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерін даярлау, жаңартылған білім мазмұны негізінде білім беру үдерісін ұйымдастыра алатын, заманауи педагогикалық технологияларды меңгерген білікті мамандар қалыптастыру.

Берілетін дәреже

«6В01701– Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры

Аккредиттеу

Аккредиттеу сертификаты«ARQA» аккредиттеу және білім беру сапасын сараптау бойынша тәуелсіз агенттігінің аккредитеуінен өткен. Тіркеу нөмірі: HE-SA-000362. Берілген күні: 23 сәуір 2024 жыл. 2029 жылдың 22 сәуіріне дейін жарамды.

Рейтингтердегі орны

1

Оқуды аяқтағаннан кейін

Мүмкін лауазымдар

  • Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі; жалпы білім беретін, мамандандырылған мектептердің, лицейлер мен гимназиялардың педагогі; техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының оқытушысы (қолданыстағы біліктілік талаптарына сәйкес); білім беру ұйымдарындағы педагог-зерттеуші, кіші ғылыми қызметкер; әдеби редактор, корректор; мәдени-ағартушылық жобалар мен білім беру бағдарламаларын әзірлеуші маман; оқу-әдістемелік материалдар әзірлеуші; әдеби-мәдени және ғылыми жобаларды ұйымдастырушы; кәсіби аудармашы.
  • Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшелігі білім алушыларға «Аударма ісі» бағыты бойынша MINOR модулін игеру мүмкіндігін ұсынуымен сипатталады. Модуль аясында студенттер кәсіби аударма, мәтінді редакциялау, тілдік талдау және заманауи аударма технологияларын қолдану құзыреттерін меңгереді. Оқыту нәтижесінде білім алушылар аударма тәжірибесін растайтын сертификат алады, бұл олардың кәсіби әлеуетін кеңейтіп, көпсалалы маман ретінде қалыптасуына және еңбек нарығында сұранысқа ие болуына мүмкіндік береді.

Кәсіби құзыреттер мен оқу нәтижелері

  • қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың инновациялық парадигмаларын, заманауи лингводидактикалық технологиялар мен цифрлық білім беру платформаларын педагогикалық үдеріске интеграциялайды;
  • білім алушылардың жас ерекшеліктерін, когнитивті және жеке-дара қабілеттерін ескере отырып, оқу-тәрбие үдерісін жобалайды және ұйымдастырады;
  • оқушылардың функционалдық сауаттылығын, креативті және сыни тұрғыдан ойлауын, тілдік-коммуникативтік құзыреттіліктерін арттыруға бағытталған дидактикалық материалдар мен сараланған тапсырмалар жүйесін әзірлейді;
  • білім алушылардың оқу жетістіктерін диагностикалау мен критериалды бағалаудың валидті әдістерін қолданады, алынған нәтижелерге психологиялық-педагогикалық талдау (мониторинг) жүргізеді;
  • кәсіби қарым-қатынас этикасы мен мәдениетін қатаң сақтай отырып, педагогикалық үдерістің субъектілерімен (білім алушылар, ата-аналар, әріптестер) конструктивті кросс-мәдени коммуникация орнатады;
  • білім беру кеңістігінде академиялық адалдық, кәсіби әдеп пен инклюзивті білім беру қағидаттарын тұрақты түрде ұстанады;
  • Оқыту нәтижелері кәсіби қарым-қатынас жасау, ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыру, тілдік және әдеби құбылыстарды талдау, оқу үдерісін ұйымдастыру және білім алушылардың зерттеушілік қабілеттерін дамыту дағдыларының қалыптасуын қамтиды.
  • Аталған білім беру бағдарламасы арқылы меңгерілген іргелі білім, кәсіби дағдылар мен ғылыми-зерттеушілік құзыреттер түлектердің еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуын, кәсіби қызметін табысты бастауын, сондай-ақ поствуздық білім беру деңгейінде (магистратура, докторантура) үздіксіз білім алуға дайындығын қамтамасыз етеді.

Кәсіби қызмет салалары

  • педагогикалық қызмет: орта, мамандандырылған мектептерде, гимназиялар мен лицейлерде қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен сабақ беру.
  • әдістемелік жұмыс: оқу-әдістемелік кешендер, сабақ жоспарлары, дидактикалық құралдар мен электронды білім беру ресурстарын құрастыру.
  • ғылыми-зерттеу саласы: тіл білімі, әдебиеттану, фольклор, мәтін теориясы және тілді оқыту методологиясы бағытында ізденістер жүргізу.
  • тәрбиелік-әлеуметтік жұмыс: оқушы бойында ұлттық әрі адамзаттық құндылықтарды қалыптастыру, тұлғалық дамуын қолдау және тәрбиелік шараларды ұйымдастыру.
  • мәдени-қоғамдық қызмет: әдеби-мәдени жобалар, білім беру бастамалары мен шығармашылық кештерді өткізу.
  • редакторлық-баспа ісі: қазақ тіліндегі мәтіндерді редакциялау, стилистикалық және грамматикалық тұрғыдан өңдеу.
  • цифрландыру және АКТ: жасанды интеллект мүмкіндіктерін, АКТ және интерактивті платформаларды оқу процесінде тиімді қолдану.

Бейіндік дайындық

  • Білім беру бағдарламасы қазақ тілі мен әдебиетін оқытуға, педагогикалық және әдістемелік қызметті жүзеге асыруға, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге, инновациялық технологияларды меңгерген бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға бағытталған. Бұл бағдарлама академиялық білім мен ғылыми-зерттеу методологиясын, сондай-ақ қолданбалы кәсіби құзыреттерді меңгеруге бағытталған бейіндік даярлықты қамтиды.
  • Бейіндік дайындық аясында білім алушылар қазақ тіл білімінің когнитивті лингвистика, лингвокультурология, корпустық лингвистика, мәтін лингвистикасы сияқты заманауи парадигмаларын, сондай-ақ әдебиеттану, поэтика және компаративистика негіздерін терең меңгереді.
  • Сонымен қатар, білім беру процесін жобалау, критериалды бағалау моделін қолдану, STEAM технологияларын интеграциялау және оқытуды даралау мақсатында жасанды интеллект алгоритмдерін тиімді пайдалану дағдылары қалыптасады. Сонымен қатар, инклюзивті білім берудің педагогикалық механизмдеріне айрықша басымдық беріледі.
  • Бағдарлама аясындағы өндірістік-педагогикалық практика білім беру ұйымдары базасында теориялық білімді білім беру ұйымдарында қолдануға және болашақ педагогтің кәсіби құзыреттерін дамытуға мүмкіндік береді.

ББ өзгерістері жылдар бойынша

1
2025Еңбек функциясы

2025 жылы білім беру бағдарламасына жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері (профессор-оқытушылар құрамы) үшін кәсіби стандартта көзделген еңбек функциялары енгізілді. Бұдан бөлек, оқу пәндерінің қысқаша сипаттамалары, оқу мақсаттары жаңартылды.

Өзгерістер туралы құжат