Білім беру бағдарламалары

Маркетинг және жарнама

Қолжетімді мамандықтар

1
Докторантура PhD · 8D04104

Маркетинг

Оқу мерзімі3 жыл Оқу нысаныДокторантура Конкурсқа қатысу үшін ең төменгі балл75 Оқу ақысы1 307 000 ₸

Білім беру бағдарламасының мақсаты

Маркетинг саласында инновациялық модельдерді әзірлей алатын, күрделі нарықтық үдерістерді басқаруға қабілетті, өз әлеуетін іске асырып, озық маркетингтік стратегияларды бизнеске, ғылымға және мемлекеттік басқаруға интеграциялауға үлес қоса алатын жоғары білікті, жоғары құзыретті зерттеушілерді, кәсіби мамандар мен көшбасшыларды даярлау.

Берілетін дәреже

"8D04104 - Маркетинг" білім беру бағдарламасы бойынша (PhD) философия докторы

Аккредиттеу

Құжат әлі қосылмаған.

Рейтингтердегі орны

0

Рейтинг нәтижелері әлі қосылмаған.

Оқуды аяқтағаннан кейін

Мүмкін лауазымдар

  • Маркетинг директоры;
  • Аналитикалық орталықтың басшысы;
  • Коммерциялық директор;
  • Инновациялық даму жөніндегі жетекші;
  • Стратегия және бизнес даму директоры;
  • Стратегиялық маркетинг және цифрлық экожүйелер директоры;
  • Маркетингтік зерттеулер орталығының жетекшісі;
  • Маркетинг саласындағы технологиялық/консалтингтік стартаптың негізін қалаушы және СЕО;
  • Маркетинг саласындағы халықаралық білім беру және зерттеу бағдарламаларының жетекшісі.

Кәсіби құзыреттер мен оқу нәтижелері

  • Мінез-құлықтық (Softskills):
  • Цифрлық трансформация және жаһандану жағдайында күрделі маркетингтік міндеттерді шешу үшін сыни және аналитикалық ойлау, білімді синтездеу және біріктіру қабілеті.
  • Жылдам өзгеретін бизнес-ортаға бейімделуге, стандартты емес жағдайларда шешім қабылдауға және олардың әлеуметтік-этикалық салдарын түсінуге дайындық.
  • Зерттеу нәтижелерін жариялау және халықаралық ғылыми конференцияларға қатысу үшін ағылшын тілінде академиялық жазу және ғылыми коммуникация дағдыларын меңгеру.
  • Ғылыми-зерттеу және педагогикалык кызметте өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі жүзеге асыруға және креативтік әлеуетті пайдалануға қабілеттілік.
  • Қазіргі заманғы инновациялық білім беру технологияларын қолдану арқылы білім беру процесін және ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру дағдылары.
  • Мемлекеттік, орыс және шет тілдерінде пәнаралық және халықаралық кәсіби қауымдастықтармен тиімді коммуникация орнатуға дайындық.
  • Инклюзивтілік, толеранттылық және мультикультурализм қағидаттарын ескере отырып, көшбасшылық қасиеттер мен ұжымдық баскару дағдыларын меңгеру.
  • Маркетинг ғылымы мен практикасын дамыту үшін ғылыми зерттеулер мен педагогикалық қызметтің маңыздылығын түсіну.
  • Оку міндеттерін қалыптастыру және білім беру процесінде оңтайлы дидактикалық стратегияларды қолдану.
  • Цифрлық құзыреттіліктер (Digital skills):
  • Маркетингтегі заманауи цифрлық технологияларды, экожүйелер мен платформалық шешімдерді, соның ішінде жасанды интеллект пен машиналық оқытуды талдау.
  • Маркетингтік стратегиялардың тиімділігін арттыру үшін цифрлық аналитика әдістерін, предиктивті модельдеуді және үлкен деректерді өндеуді қолдану.
  • Цифрлық трендтер мен тұтынушылар мінез-құлқындағы жаһандық өзгерістерді ескере отырып, маркетингтік шешімдерді әзірлеу, бейімдеу және енгізу.
  • Цифрлык ортадағы маркетингтік зерттеу кұралдарын, соның ішінде деректерді талдау, бағдарламалық модельдеу және нарықтық конъюнктураны болжау әдістерін меңгеру.
  • Кәсіби құзыреттіліктер (Hardskills):
  • Цифрлық трансформация және жаһандану контексінде маркетингтің өзекті мәселелерін аныктау және шешу үшін ғылыми зерттеу әдістерін меңгеру.
  • Жасанды интеллект, машиналык окыту және цифрлык шешімдерді бизнес-процестерге интеграциялауды ескере отырып, марке-тингтік стратегияларды әзірлеу және бейімдеу кабілеті.
  • Кешенді маркетингтік аналитика кұралдарын, соның ішінде экономико-математикалык модельдеу және болжау әдістерін меңгеру.
  • Халыкаралык маркетинг пен жаһандык брендтерді баскаруды терең түсіну, әртүрлі нарықтар мен мәдени ерекшеліктерге бейімдеу кабілеті. 5. Қазіргі заманғы білім беру технологиялары мен окыту әдістерін бейімдей отырып, педагогикалык және зерттеу практикасын ұйымдастыру және өткізу дағдылары.
  • Нарыктык жағдайды бағалау, маркетингтік кампанияларды жоспарлау және олардың тиімділігін талдау үшін стратегиялык марке-тинг әдістерін колдану.
  • Ғылыми зерттеулерде, соның ішінде креативті индустриялар мен цифрлык экономика салаларында пәнаралык тәсілді колдану.
  • Ғылыми зерттеулерді өз бетінше жүргізу, диссертация жазу және корғау, сондай-ақ халыкаралык зерттеу жобаларына катысу кабілеті.

Кәсіби қызмет салалары

  • 8D04104 - Маркетинг білім беру бағдарламасы бойынша түлектердің кәсіби қызмет салалары:
  • басқарушылық;
  • кәсіпкерлік;
  • коммерциялық;
  • ғылыми-зерттеу;
  • академиялық (педагогикалық);
  • сараптамалық-аналитикалық;
  • инновациялық және консалтингтік.

Бейіндік дайындық

  • 25 кредит. Теориялық оқыту: Академиялық хат (ағылшын тілінде), Ғылыми зерттеу әдістері, Қазіргі заманғы маркетинг парадигмалары: теориясы мен әдістемесі, Жасанды интеллект дәуіріндегі маркетинг, Цифрлық экожүйелер мен платформалардың маркетингі, Халықаралық маркетинг және жаһандық брендтер, Маркетингтік аналитика мен болжамды модельдеудің кешенді әдістері (ағылшын тілінде)
  • 20 кредит. Практика: Педагогикалық; Зерттеу
  • 123 кредит. Ғылыми-зерттеу жұмысы: Тағылымдамадан өтуді және докторлық диссертацияны орындауды қамтитын докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы
  • 12 кредит. Докторлық диссертацияны жазу және қорғау

ББ өзгерістері жылдар бойынша

0

Бағдарлама өзгерістері әлі қосылмаған.