Білім беру бағдарламалары

Финансы, банковское и страховое дело

Қолжетімді мамандықтар

1
Докторантура PhD · 8D04103

Тұрақты қаржы

Оқу мерзімі3 жыл Оқу нысаныДокторантура Конкурсқа қатысу үшін ең төменгі балл75 Оқу ақысы1 307 000 ₸

Білім беру бағдарламасының мақсаты

Инновациялық білім беру бағдарламасының мақсаты – тұрақты даму басымдықтарын ескере отырып, қаржы саласындағы ғылыми-педагогикалық кадрларды іргелі даярлау.

Берілетін дәреже

«8D04103 – Тұрақты қаржы» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD)

Аккредиттеу

Құжат әлі қосылмаған.

Рейтингтердегі орны

0

Рейтинг нәтижелері әлі қосылмаған.

Оқуды аяқтағаннан кейін

Мүмкін лауазымдар

  • Қаржы саласындағы оқытушы және зерттеуші, ғылыми қызметкер, тұрақты қаржы жөніндегі сарапшы, ESG-талдаушы, жауапты инвестициялау жөніндегі консультант, климаттық және қаржылық тәуекелдер талдаушысы, тұрақты қаржыландыру құралдарын әзірлеу жөніндегі маман.
  • Еңбек өтіліне, ғылыми нәтижелеріне және біліктілігіне қойылатын белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда түлек қауымдастырылған профессор, профессор, жетекші немесе бас ғылыми қызметкер, ғылыми жоба, зерттеу орталығы немесе тұрақты даму жөніндегі бөлімше басшысы лауазымдарын атқара алады.

Кәсіби құзыреттер мен оқу нәтижелері

  • Мінез-құлық дағдылары мен тұлғалық қасиеттер (Soft skills)
  • Шет тілінде ғылыми мәтіндер жаза алады, ғылыми жұмыстардың құрылымдық бөліктерін қалыптастырады.
  • Ғылыми-зерттеу жұмысының әдістерін қолданады, қаржы саласындағы ғылыми зерттеулердің нәтижелерін талдайды және оларды зерттеу міндеттерін шешуде пайдаланады. Заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып, өз бетінше ғылыми зерттеу жүргізу дағдыларын көрсетеді, ғылыми зерттеудің негізгі тұжырымдары мен қорытындыларын ұсынады; кәсіби саладағы дүниетанымының кеңдігін танытады.
  • Цифрлық құзыреттер (Digital skills)
  • Білім алушылардың ғылыми-зерттеу, эксперименттік және жобалық қызметін ұйымдастырады.
  • Қаржы секторындағы дәстүрлі тәуекелдерді басқару жүйесінде ESG-тәуекелдерді анықтауға және олардың іске асуына байланысты мәселелер кешенін шешеді.
  • Жасанды интеллект технологияларын пайдалану негізінде компаниялардың қаржылық жағдайы мен қор нарығының даму үрдістері туралы деректерді талдайды, инвестициялық портфель қалыптастырады, қаржы-экономикалық көрсеткіштердің өзгерістерін болжайды. Үлкен деректерді талдау негізінде қорытындылар мен ұсынымдар әзірлейді, қаржылық үдерістерге әсер ететін факторларды анықтайды.
  • Кәсіби құзыреттер (Hard skills)
  • Тұрақты даму мақсаттарын ескере отырып, мемлекеттің қазіргі қаржы саясатының басымдықтарын тұжырымдайды. Мемлекеттік қаржыны қалыптастыру мен пайдалану және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету тәсілдерін бағалайды. Тұрақты өсу стандарттары тұрғысынан бюджет-салық және ақша-кредит саясатының тиімділігін арттыру жөніндегі шешімдерді негіздейді.
  • Тұрақты қаржыландыру стратегиялары мен құралдарын қолдана алады, олардың өтімділігі мен кірістілігін айқындайды. Жасыл қаржы құралдарын шығару және верификациялау үшін ақпаратты жинау мен өңдеудің практикалық дағдыларын қолданады. Тұрақты қаржы саласын реттеу және ESG-инвестициялауды кеңейту бойынша озық шетелдік тәжірибені бейімдейді.
  • Оңтайлы инвестициялық стратегиялар мен бизнесті қаржыландыру схемаларын қалыптастыру, қаржы ұйымдарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін қаржылық инжиниринг технологияларын пайдаланады.

Кәсіби қызмет салалары

  • а) Кәсіби қызмет саласы мен объектілері
  • Түлектің кәсіби қызмет саласына қаржы және тұрақты даму саласындағы ғылыми зерттеулер мен оқытушылық қызмет, қаржы саясатын сараптамалық-талдамалық сүйемелдеу, жауапты инвестициялау, ESG-тәуекелдерді басқару және тұрақты қаржыландыру тетіктерін әзірлеу жатады.
  • Кәсіби қызмет объектілері:
  • жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары;
  • ғылыми-зерттеу институттары мен сараптамалық-талдау орталықтары;
  • қаржы саясатын қалыптастыруға қатысатын мемлекеттік органдар мен ұйымдар;
  • банктер, сақтандыру ұйымдары, инвестициялық және зейнетақы қорлары;
  • даму институттары мен халықаралық қаржы ұйымдары;
  • экономиканың нақты секторындағы компаниялар;
  • қаржы және тұрақты даму саласындағы консалтингтік ұйымдар.
  • б) Кәсіби қызмет түрлері
  • ғылыми-зерттеу;
  • ғылыми-педагогикалық;
  • сараптамалық-талдамалық;
  • ұйымдастырушылық-басқарушылық;
  • инновациялық және жобалық;
  • консультациялық.
  • в) Кәсіби қызмет функциялары
  • ғылыми тұжырымдамаларды, гипотезаларды және зерттеу модельдерін әзірлеу;
  • тұрақты қаржы саласындағы зерттеулерді жоспарлау және жүргізу;
  • климаттық және өзге де ESG-тәуекелдердің қаржылық салдарын бағалау;
  • тұрақты даму жобаларын қаржыландыру тәсілдерін әзірлеу;
  • қаржы тетіктері мен құралдарын жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындау;
  • жобалар мен стратегияларға ғылыми сараптама жүргізу;
  • қаржы пәндерін оқыту және білім беру материалдарын әзірлеу;
  • ғылыми жобалар мен зерттеу жұмыстарына жетекшілік ету;
  • зерттеу нәтижелерін жариялау және енгізу.

Бейіндік дайындық

  • Бағдарлама тұрақты даму міндеттерін ескере отырып, қаржы ғылымын дамытуға қабілетті зерттеушілерді даярлауға бағытталған. Ғылыми даярлық қолданыстағы тұжырымдамаларды сыни тұрғыдан талдауды, тың зерттеу сұрақтарын тұжырымдауды және оларды шешудің әдіснамалық тәсілдерін әзірлеуді көздейді.
  • Ұсынылатын зерттеу бағыттары бойынша мамандану қаржы жүйелерінің тұрақтылығын, жауапты инвестициялауды, экологиялық және әлеуметтік жобаларды қаржыландыруды, ESG-факторларды қаржылық шешімдерге кіріктіруді, климаттық тәуекелдерді бағалауды және қаржылық зерттеулерде цифрлық технологияларды қолдануды қамтиды.
  • Докторанттар академиялық жазылым, ғылыми дереккөздермен және эмпирикалық деректермен жұмыс істеу, жарияланымдар дайындау және зерттеу нәтижелерін ғылыми қоғамдастыққа ұсыну дағдыларын дамытады. Педагогикалық даярлық оқу пәндерін әзірлеуге және оқытуға, заманауи білім беру технологияларын қолдануға және білім алушылардың зерттеу қызметін ұйымдастыруға бағытталған.
  • Даярлық белгіленген тәртіппен докторлық диссертацияны орындаумен және қорғаумен аяқталады. Түлектер қаржы және тұрақты даму саласында ғылыми, педагогикалық, сараптамалық және басқарушылық қызметті жүзеге асыра алады.

ББ өзгерістері жылдар бойынша

1
2026Білім беру бағдарламасының паспортына сілтеме:
Өзгерістер туралы құжат