Білім беру бағдарламалары

Мемлекеттік және жергілікті басқару

Қолжетімді мамандықтар

1
Докторантура PhD · 8D04102

Мемлекеттік және жергілікті басқару

Оқу мерзімі3 жыл Оқу нысаныДокторантура Конкурсқа қатысу үшін ең төменгі баллНақтыланады Оқу ақысы1 307 000 ₸

Білім беру бағдарламасының мақсаты

Қоғамның саяси трансформациясы жағдайында мемлекеттік менеджмент саласындағы стратегиялық тәсілдерді ғылыми негіздеуге және аналитикалық қызметті жүзеге асыруға қабілетті ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау

Берілетін дәреже

«Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD). Даярлау бағыты — 8D041 «Бизнес және басқару».

Аккредиттеу

Аккредиттеу сертификаты«Сапаны қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттік» (IQAA), Білім беру бағдарламаларын халықаралық бастапқы аккредиттеу туралы куәлік Is-a №0098 05 Сәуір 2025 ж. 04.04.2030 дейін жарамды.

Рейтингтердегі орны

0

Рейтинг нәтижелері әлі қосылмаған.

Оқуды аяқтағаннан кейін

Мүмкін лауазымдар

  • жоғары оқу орындарында оқытушы және зерттеуші;
  • ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтарында ғылыми қызметкер;
  • мемлекеттік басқару саласындағы сарапшы және талдаушы;
  • мемлекеттік органдардың басшысы немесе маманы;
  • мемлекеттік саясат және әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері бойынша консультант;
  • өңірлік даму, мемлекеттік басқаруды цифрландыру және басқарушылық шешімдерді әзірлеу саласындағы сарапшы.

Кәсіби құзыреттер мен оқу нәтижелері

  • Мінез-құлық дағдылары және жеке қасиеттер - Кәсіби қоғамдастықта ғылыми ізденістер ұсынады, ғылыми тақырыптар бойынша сөйлеседі, ғылыми көзқарасты білдіреді, ғылыми мәселелерді талқылайды. Мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару саласындағы заманауи жетістіктерді талдайды, ғылыми проблемалардың жаңа шешімдерін тұжырымдайды. Ғылыми тесттермен жұмыс істеу әдістемесін қолданады, ғылыми мақалалар, баяндамалар жазады, ғылыми зерттеулерді, оның ішінде ағылшын тілінде түсіндіреді.
  • Сандық құзыреттер- Мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін қамтамасыз етуге жобалық және бағдарламалық-нысаналы тәсілді енгізу дәрежесін бағалайды, экономиканың салааралық секторларын дамыту тұрғысында ұлттық бағдарламалар мен жобаларды негіздейді.
  • Кәсіби құзыреттер - Мемлекеттік басқару мәселелері бойынша талдамалық зерттеулерді жүзеге асырады, экономикалық саясат құралдарын пайдаланады. Басқарудың нақты өңірлік проблемаларын ынталандыру және шешу үшін өңірлік саясаттың әртүрлі бағыттары мен нысандарын пайдалану мүмкіндігін әзірлейді. Экономикалық жүйелер мен басқару объектілерінің жұмыс істеу шарттарын сипаттайды, проблемаларды тұжырымдайды, экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша әзірленіп жатқан іс-шаралардың өзектілігі мен практикалық маңыздылығын, сондай-ақ ұйымдарда оны талдау әдістері мен құралдарын негіздейді.

Кәсіби қызмет салалары

  • Түлектер жоғары оқу орындарында, ғылыми-зерттеу ұйымдарында, мемлекеттік органдарда және квазимемлекеттік сектор ұйымдарында ғылыми-зерттеу, педагогикалық, сараптамалық-талдамалық және басқарушылық қызметті жүзеге асыра алады.

Бейіндік дайындық

  • білім беру қызметі;
  • ғылыми-зерттеу қызметі;
  • басқарушылық қызмет.

ББ өзгерістері жылдар бойынша

0

Бағдарлама өзгерістері әлі қосылмаған.