Білім беру бағдарламалары

Тарих

Қолжетімді мамандықтар

1
Бакалавриат · 6B02204

Тарих

Оқу мерзімі4 жыл Оқу нысаныкүндізгі Шекті балл65 Грант балы107 Оқу ақысы869 200 ₸

Бейіндік пәндер

Дүниежүзі тарихы География

Білім беру бағдарламасының мақсаты

Тарих бойынша іргелі және қолданбалы білімі бар, ұйымдар мен мекемелерде кәсіби қызметті жоғары деңгейде атқаруға мүмкіндік беретін ғылыми-зерттеу, мәдени-білім беру және мемлекеттік басқару құзыреттерін меңгерген, бәсекеге қабілетті маман даярлау.

Берілетін дәреже

6B02204 «Тарих» білім беру бағдарламасы бойынша бакалавр

Аккредиттеу

Аккредиттеу сертификатыБСҚТА мамандандырылған аккредиттеуі, 2024 жылғы куәлік.

Рейтингтердегі орны

3

Оқуды аяқтағаннан кейін

Мүмкін лауазымдар

  • мұражай мен ҒЗИ-дегі ғылыми қызметкер
  • мұрағат маманы
  • мемлекеттік органдардағы сарапшы

Кәсіби құзыреттер мен оқу нәтижелері

  • Тарих методологиясын қолданады, деректанулық, тарихнамалық және антропологиялық зерттеулер жүргізеді.
  • Ежелгі дәуір, орта ғасыр, жаңа және қазіргі заман оқиғаларының себептері мен салдарын деректер негізінде бағалайды.
  • Архив құжаттары мен музей жәдігерлерінің құндылығын анықтайды, архив ісінің нормативтік актілерін қолданады.
  • Деректермен жұмыс істеу әдістерін, академиялық жазуды, зерттеу этикасын және жасанды интеллект құралдарын меңгерген.
  • Демографиялық зерттеу әдістерін меңгерген, тарихимәдени және статистикалық деректерді жинайды әрі түсіндіреді.
  • Білім беру жұмысында оқыту әдістемесін және тұлғаға бағдарланған тәсілдерді пайдаланады.

Кәсіби қызмет салалары

  • ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтары
  • музейлер, архивтер, кітапханалар
  • мемлекеттік органдар, талдау құрылымдары
  • тарихи-мәдени мұраны қорғау ұйымдары
  • білім беру ұйымдары, БАҚ

Бейіндік дайындық

  • Қазақстан тарихы: «Қазақстанның ежелгі тарихы», «Қазақстанның ортағасыр тарихы», «Қазақстанның жаңа заман тарихы», «XX ғасырдағы Қазақстан», «Қазақстанның интеллектуалдық тарихы», «Алаш» қозғалысының тарихы».
  • Дүниежүзі тарихы: «Ежелгі дүние тарихы», «Ортағасырлар тарихы», «Еуропа және Америка елдерінің жаңа заман тарихы», «Еуропа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы», «Азия мен Африка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы».
  • Зерттеу блогы: «Академиялық жазу», «Ғылыми зерттеулердің негіздері мен этикасы», «Деректану», «Тарихнама», «Тарих методологиясы», «Тарихи информатика», «Тарихи демография».
  • Қолданбалы блок: «Архивтану», «Музейтану», «Қазақстанның мәдени мұрасын қорғау»; таңдау бойынша шығыс тілдері: «Араб тілі», «Иврит тілі».

ББ өзгерістері жылдар бойынша

1
2026Жаңа пән енгізілді

Экономика, кәсіпкерлік, құқық және қаржылық сауаттылық негіздері Инклюзивті мәдениет Экология негіздері және тұрақты даму Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің негіздері Өмір қауіпсіздігінің негіздері Ғылыми зерттеулердің негіздері мен этикасы Ғылыми жазу мәдениеті

Өзгерістер туралы құжат