Білім беру бағдарламалары

Археология және этнология

Қолжетімді мамандықтар

1
Бакалавриат · 6B02203

Археология және этнология

Оқу мерзімі4 жыл Оқу нысаныкүндізгі Шекті балл65 Грант балы95 Оқу ақысы869 200 ₸

Бейіндік пәндер

Дүниежүзі тарихы География

Білім беру бағдарламасының мақсаты

Бәсекеге қабілетті маманды, зерттеуші-археологты, музей және өлкетану жұмысын ұйымдастырушыны, ғылымизерттеу ұйымының ғылыми қызметкерін даярлау.

Берілетін дәреже

6B02203 «Археология және этнология» білім беру бағдарламасы бойынша бакалавр

Аккредиттеу

Аккредиттеу сертификатыБСҚТА мамандандырылған аккредиттеуі. Шешім 30.03.2024 күні қабылданған, 29.03.2029 дейін жарамды.

Рейтингтердегі орны

3

IAAR

В134 Археология және этнология» бағдарламаларының тобы бойынша

2026 жыл1 орынРастау құжаты

Оқуды аяқтағаннан кейін

Мүмкін лауазымдар

  • экспедиция маманы
  • этнографиялық орталықтардың ғылыми қызметкері
  • мәдени мұраны қорғау маманы

Кәсіби құзыреттер мен оқу нәтижелері

  • Археологиялық әдістерді қолданады, заттай деректер бойынша оқиғалар барысын қалпына келтіреді.
  • Этнография әдістерін қолданады, Қазақстан және әлем халықтарының мәдениеті туралы деректерді далалық және камералдық жағдайда жинайды.
  • Архив құжаттары мен музей жәдігерлерінің мақсатын, мерзімін және мәдени құндылығын анықтайды.
  • Тарихи ақпараттың заттай және құжаттық тасымалдаушыларының сақталуын қамтамасыз етеді.
  • Тарих методологиясы, деректану және тарихнама негізінде ғылыми зерттеу жүргізеді, биоархеология мен этноархеология әдістерін меңгерген.
  • Кәсіби қызметте цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні пайдаланады, музей педагогикасы жұмысын ұйымдастырады.

Кәсіби қызмет салалары

  • археологиялық экспедициялар мен ғылыми-зерттеу институттары
  • музейлер, музей-қорықтар, архивтер
  • мұраны қорғау жөніндегі мемлекеттік органдар мен инспекциялар
  • этномәдени орталықтар
  • білім беру және туризм ұйымдары

Бейіндік дайындық

  • Археология: «Археологияға кіріспе», «Қазақстанның тас дәуірі», «Қазақстанның қола дәуірі», «Қазақстанның ерте темір дәуірі», «Қазақстанның ортағасырлық археологиясы», «Шетел археологиясы», «Биоархеология», «Археологиядағы цифрлық технологиялар».
  • Этнология: «Этнологияға кіріспе», «Теориялық этнология», «Қазақтар этнографиясы», «Әлем халықтарының этнографиясы», «Қазақтардың этногенезі және этникалық тарихы», «Этноархеология».
  • Далалық әдістер: «Геодезия және картография негіздері», «Геоморфология», «Археологиялық және этнологиялық зерттеу әдістері».
  • Музей және архив ісі: «Музейтану», «Музей педагогикасы», «Архивтану».

ББ өзгерістері жылдар бойынша

1
2026Жаңа пән енгізілді

Экономика, кәсіпкерлік, құқық және қаржылық сауаттылық негіздері Өмір қауіпсіздігінің негіздері Экология негіздері және тұрақты даму Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің негіздері Инклюзивті мәдениет Қазақстанның көне металлургиясы және тау-кен ісі Ғылыми зерттеу негіздері

Өзгерістер туралы құжат