Бакалавриат
· 6B02102
Бейнелеу өнері
Оқу мерзімі4 жыл
Оқу нысаныкүндізгі
Шекті балл65
Грант балы119
Оқу ақысы869 200 ₸
Бейіндік пәндер
1-ші шығармашылық емтихан
2-ші шығармашылық емтихан
Білім беру бағдарламасының мақсаты
Шығармашылық, кәсіби және көркемдік қызметті жүзеге асыру үшін іргелі және қолданбалы білімі, зерттеушілік дағдылары бар бейнелеу өнері саласындағы бәсекеге қабілетті маманды дайындау.
Берілетін дәреже
«6B02102-Бейнелеу өнері» білім беру бағдарламасы бойынша өнер бакалавры.
Аккредиттеу
Аккредиттеу сертификатыҚұжат әлі қосылмаған.
Рейтингтердегі орны
0Рейтинг нәтижелері әлі қосылмаған.
Оқуды аяқтағаннан кейін
Мүмкін лауазымдар
- Суретші, қолданбалы суретші, суретші-конструктор, суретші-дизайнер, көркемдік бейіндегі қосымша білім беру педагогы, бейнелеу өнері бойынша үйірме сабақтарының жетекшілері, дайындық бейіні бойынша колледж оқытушысы.
Кәсіби құзыреттер мен оқу нәтижелері
- Мінез-құлық дағдылары және жеке қасиеттер (Softskills):
- цифрлық сауаттылықты қолданады, деректер базасымен жұмыс істейді, зерттелетін салада одан әрі оқуды өз бетінше жалғастыру үшін қажетті оқыту дағдылары, көркем-шығармашылық қызметті талдау және басқару, көркемдік және шығармашылық қызметті әкімшілендіру және жоспарлау дағдылары;
- бейнелеу өнері саласындағы фактілерді, құбылыстарды, теорияларды және олардың арасындағы күрделі тәуелділіктерді білуі мен түсінуін қолданады, мәдениет пен өнер саласындағы кез келген ақпаратты сыни бағалайды;
- өзінің кәсіби қызметін бәсекеге қабілеттіліктің, өзара түсіністіктің, толеранттылықтың басымдығына, бөтеннің меншігіне, бостандығына, қазіргі қоғамның даму қажеттілігі мен демократиялық құндылықтарына негізделген жаһандық азаматтыққа сүйене отырып біледі;
- академиялық адалдық принциптері мен мәдениетінің маңыздылығын түсіну.
- Сандық құзыреттіліктер (Digital skills):
- әр түрлі техниканы, конструкцияларды қолдана отырып, күрделі, бірегей бұйымдарды, жылжымалы модельдерді жасау дағдыларын қолданады, техникалық шығармашылыққа арналған жобаларды әзірлеу үшін компьютерлік бағдарламаларды, фотоөнер және анимация әдістерін таңдайды және эксперименттер жүргізеді;
- графикалық бейнелер, графикалық ақпараттың түрлері, стандарттар,конструкторлық құжаттаманың бірыңғай жүйесі (ЕСКД) туралы біледі;
- кәсіби деңгейде білім мен түсініктерді қолданады, дәлелдер тұжырымдайды және әртүрлі шығармашылық жұмыстарды дербес орындайды; жобалық-шығармашылық қызметке қатысады:
- іс жүзінде кәсіби және графикалық компьютерлік бағдарламаларды қолданады;
- Әлеуметтік, этикалық және ғылыми пайымдауларды ескере отырып, пайымдауларды қалыптастыру үшін ақпаратты жинауды және түсіндіруді жүзеге асырады.
- Кәсіби құзыреттіліктер (Hardskills):
- бейнелеу өнері саласындағы озық білімге сүйене отырып, бейнелеу өнері бойынша оқу процесінде теориялық және практикалық білімді пайдаланады;
- шығармашылық және көркемдік қызмет объектілерін модельдейді, барлық кезеңдерде көркем графиканың заманауи материалдарын, әдістерін, құралдары мен түрлерін тиімді пайдаланады, мәдениет пен бейнелеу өнеріне қойылатын талаптарды сақтайды;
- оқытудың инновациялық технологияларының негізгі ұғымдары мен терминологиясын, оқушылардың оқу жетістіктерін талдау мен бағалауды, диагностиканы меңгеру;
- бейнелеу өнері саласындағы оқу, практикалық және кәсіби міндеттерді шешу үшін теориялық және практикалық білімді қолдану, көркемдік Қызметтегі құралдар мен жабдықтарды оңтайлы таңдау, композиция құруда эксперименттер жүргізу, кәсіби құзыреттіліктермен жұмыс жасау;
- білім мен түсініктерді кәсіби деңгейде қолдану, дәлелдер тұжырымдау және проблемаларды шешу, оқу-практикалық және кәсіби міндеттерді шешу үшін теориялық және практикалық білімді қолдану;
- ғылыми зерттеулер мен академиялық жазу әдістерін білу және оларды қолдану;
- зерттелетін салада фактілерді, құбылыстарды, теорияларды және олардың арасындағы күрделі тәуелділіктерді білу мен түсінуді қолдану.
Кәсіби қызмет салалары
- а) Кәсіби қызмет саласы мен объектілері – «6В02102-Бейнелеу өнері»: мәдениет мекемелері, бейнелеу өнерінің мұражайлары, көрме залдары, баспалар мен баспаханалар, сондай-ақ бейнелеу өнері бойынша қосымша білім беру мекемелері, шығармашылық үйлері, меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан дамытау оқыту орталықтары.
- б) Кәсіби қызмет түрлері – шығармашылық; ғылыми-зерттеу (мұражайлар, депатрациялар жанындағы мәдениет бөлімдері); ұйымдастыру-басқару («субъект-субъект» өзара іс-қимылы, мәдениет пен өнердегі менеджмент).
- в) Кәсіби қызметінің функциялары: бейнелеу өнері саласындағы мамандар бейнелеу өнерінің теориясы мен практикасы саласындағы проблемаларды үйлесімді заттық-кеңістіктік орта құруға мүмкіндік беретін көркем жобалаудың қазіргі заманғы құралдарымен, әдістерімен және нысандарымен, сондай-ақ бейнелеу өнері саласындағы әртүрлі көркемдік объектілердің берілген жай-күйімен жұмыс істей отырып зерделейді. полиграфия баспашысы; мультимедиалық суретші; фотограф; интерьер дизайнері және декоратор; суретші-әрлеуші; тұтыну тауарлары мен өнеркәсіп өнімдерінің дизайнері; шыны және керамика, ағаш бойынша сурет салу және декорациялау бойынша суретші; қағаз бұйымдарын бояу және декорациялау бойынша суретші; өнер және дизайн саласындағы қызмет көрсету салалары бойынша мамандандырылған бөлімшелердің басшысы (басқарушысы); көркемөнер галереяларының, музейлер мен кітапханалардың қосалқы кәсіби персоналы; өнер және дизайн саласындағы мамандандырылған бөлімшелердің басшысы (басқарушысы); дизайн-білім беру; өнер және дизайн саласындағы қосымша білім беру оқытушысы; өнер және қолөнер оқытушысы; өнер саласындағы университеттер мен басқа да ЖОО-дардың профессорлық-оқытушылық құрамы; өнер саласындағы колледждер мен басқа да ТжКБ ұйымдарының педагог қызметкері; сәулет және құрылыс саласындағы колледждер мен басқа да ТжКБ ұйымдарының педагог қызметкері. Олардың негізгі міндеттері: бейнелеу өнерінің туындыларын талдау; жобалау-іздестіру жұмыстары; тұжырымдаманы әзірлеу; әртүрлі жанр мен техникада картиналар орындау. Осы кәсіби топтың өкілдері басқа қызметкерлерге, жобаларға, одақтарға, қауымдастықтарға, компанияларға және т. б. басшылық жасай алады.
Бейіндік дайындық
- Білім беру бағдарламасы 6B02102 – «Бейнелеу өнері» кәсіби, көркемдік-шығармашылық және зерттеушілік құзыреттерге ие, бейнелеу өнері саласындағы жоғары білікті мамандарды даярлауға бағытталған. Оқу барысында студенттер сурет, кескіндеме, композиция, бейнелеу өнерінің тарихы мен теориясы негіздерін меңгеріп, дәстүрлі және заманауи көркемдік техникалар мен материалдарды қолдануды, әртүрлі жанрлар мен стильдерде бірегей өнер туындыларын жасауды, шығармашылық жобаларды әзірлеу мен іске асыруды, сондай-ақ көркемдік жобалаудың заманауи құралдары мен әдістерін пайдалануды үйренеді.
- Студенттер «Академиялық сурет», «Академиялық кескіндеме», «Композиция», «Бейнелеу өнерінің тарихы», «Бейнелеу өнерінің теориясы», «Сәндік-қолданбалы өнер», «Түстану», «Көркемдік материалдар технологиясы», «Компьютерлік графика» сияқты пәндерді, сондай-ақ көркемдік шеберлікті, шығармашылық ойлауды, жобалау және зерттеу дағдыларын дамытуға бағытталған басқа да пәндерді оқиды.
- Бағдарлама түлектеріне өнер саласындағы бакалавр дәрежесі беріледі. Олар суретші, кескіндемеші, график, иллюстратор, суретші-декоратор, графикалық және мультимедиялық өнер саласының маманы, музейлердің, көркемсурет галереялары мен көрме залдарының қызметкері болып жұмыс істей алады. Сонымен қатар мәдениет мекемелерінде, баспаларда, қосымша білім беру ұйымдарында және шығармашылық орталықтарда кәсіби қызмет атқара алады. Тиісті педагогикалық даярлығы болған жағдайда, білім беру ұйымдарында бейнелеу өнері пәнінен сабақ бере алады.
ББ өзгерістері жылдар бойынша
1
2026Жаңа функция
2026 жылы білім беру бағдарламасына кәсіптік стандартта көзделген еңбек функциялары енгізілді. Сонымен қатар, оқу пәндерінің қысқаша сипаттамалары жаңартылды. ОП паспортын жаңарту күні 11.09.2026.
Өзгерістер туралы құжат
Buketov University