Білім беру бағдарламалары

Электр техникасы және автоматизация

Қолжетімді мамандықтар

1
Бакалавриат · 6B07107

Робототехника және мехатроника

Оқу мерзімі4 жыл Оқу нысаныкүндізгі Шекті балл65 Грант балы65 Оқу ақысы918 100 ₸

Бейіндік пәндер

Математика Физика

Білім беру бағдарламасының мақсаты

Заманауи цифрландыру жағдайында мехатрондық және робототехникалық жүйелерді жобалау, зерттеу, өндіру және пайдалану үшін қажетті қолданбалы білімі бар бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.

Берілетін дәреже

«6В07107¬-¬¬¬Робототехника және мехатроника» білім беру бағдарламасы бойынша техника және технология бакалавры

Аккредиттеу

Аккредиттеу сертификатыCAAAE №27/25КА0245 Халықаралық аккредиттеу сертификаты, мерзімі 05.03.2026 - 05.03.2028 ж.

Рейтингтердегі орны

0

Рейтинг нәтижелері әлі қосылмаған.

Оқуды аяқтағаннан кейін

Мүмкін лауазымдар

  • мехатроника және робототехника саласындағы ғылыми қызметкер;
  • ғылыми-өндірістік мекемелерде инженер;
  • өнеркәсіптік мекемелердегі инженер;
  • инженер-техник;
  • инженер-жобалаушы;
  • жеке кәсіпкер.

Кәсіби құзыреттер мен оқу нәтижелері

  • Мінез-құлық дағдылары мен тұлғалық қасиеттер (Soft skills):
  • кірістер мен шығыстарды талдау негізінде қажеттіліктер мен мүмкіндіктерге сәйкес жеке бюджетті қалыптастырады. Қаржылық тәуекелдерді, алаяқтықты және басқа да қолайсыз факторларды түсінеді және бағалайды. Әлеуметтік, этикалық және ғылыми жинақтарды ескере отырып, пайдалануға қалыптастыру үшін ақпаратты жинайды және түсіндіруді жүзеге асырады;
  • қазіргі құқықтың негізгі салалары, кәсіпкерлік саласындағы білім мен дағдыларды қолдану. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, инклюзия принциптері мен құндылықтары туралы білімді қолданады. Қоршаған ортаны қорғау, тұрақты дамуды және күнделікті өмірде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін шешуге жүйелі көзқарасты игереді. Академиялық адалдық принциптері мен мәдениетінің маңызын ұғынады;
  • Цифрлық құзырыттер (Digital skills):
  • -ақпараттық-коммуникациялық технологияның ерекшеліктерін, әртүрлі қызметтер түрінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану дағдыларын меңгерген, қолданбалы математика есептерін шешу үшін алынған қолданбалы программалардың мамандандырылған математикалық пакеттерін қолдану нәтижелерін талдай алады, құрастыру процессінің итерациялық схемасын құруды біледі;
  • -кәсіби ойлау ерекшеліктері негізінде нақты кәсіби, іскерлік, академиялық салаларда және жағдайларда шет тілдес қарым-қатынас жасау қабілеттерін меңгерген. Ақпараттық жүйелерде ақпаратты бағдарламалық қорғау дағдылары бар. Жасанды интеллектті дамытудың технологиялық принциптерін сипаттай алады. Ғылыми зерттеулердің әдістерін және академиялық хатты білу және оларды оқытылатын салада қолданады;
  • -робототехника және мехатрониканы сипаттау үшін қажет физикалық-математикалық аппаратты меңгерген. Мехатрондық және робототехникалық жүйелерді модельдеу есептерін, сонымен қатар жүйелік теорияның математикалық негіздерін шеше біледі. Осы саладағы озық біліміне негізделген, зерттелетін саладағы білімі мен түсініктерін көрсетеді;
  • -жоғары тиімді жүйелерді жасау үшін қажетті роботтандырылған және мехатронды жүйелерді жобалауға қойылатын талаптарды әзірлеу дағдыларына ие. Оқытылатын салада одан әрі оқуды өз бетінше жалғастыру үшін қажетті оқу дағдылары қолданылады;
  • -мехатрондық және робототехникалық жүйелердің, олардың ішкі жүйелерінің және жекелеген элементтері мен модульдерінің, соның ішінде ақпараттық, электромеханикалық, электрондық құрылғылар мен есептеу техникасының жабдықтарының математикалық модельдерін құрастыруға қабілетті. Кәсіби деңгейде білім мен түсінуді қолдану, дәлелдерді қалыптастыру және оқытылатын саладағы мәселелерді шешеді;
  • -мехатрондық және робототехникалық жүйелердің математикалық модельдерін зерттеу мақсатында стандартты бағдарламалық пакеттерді қолдана отырып, есептеу тәжірибелерін жүргізеді. Оқытылатын салада оқу-практикалық және кәсіби міндеттерді шешу үшін теориялық және практикалық білімді қолданады;
  • -есептеу тәжірбиесіндегі заманауи өлшеу әдістерін, материалдар кедергісінің теориялық негіздерін, бағдарламамен қарастырылған, механиканың әртүрлі есептерін математикалық модельдеу әдістерінің негіздерін, басқа бағдарлама-қосымшалармен ақпарат алмасуды игерген.
  • Кәсіби құзыреттер (Hard skills):
  • -ғылыми-инженерлік есептерді шығаруды, қазіргі заманғы жаратылыстанудың әртүрлі салаларындағы мехатроника және робототехника есептерін шешуді біледі, сол немесе басқа да есептерді шығару үшін механика әдістерін таңдауды негіздей алады, зерттеу нәтижелерін математикалық тұрғыда өңдей алады және оларды тәжірибеде қолдануды біледі;
  • -теориялық механиканың пәндік саласында қолдану үшін қажетті негізгі заңдар мен теоремаларды еркін меңгереді. Қатты дене қозғалысының негізгі заңдарын меңгереді. Роботтарды мақсатына қарай жіктей алады, фактілер, құбылыстар, теориялар және күрделі қатынастар туралы білімі мен түсінігін зерттеу саласында пайдаланады. Оқытылатын салада фактілерді, құбылыстарды, теорияларды және олардың арасындағы күрделі тәуелділікті біледі және түсінеді;
  • -мехатрондық және робототехникалық жүйелерді модельдеу есептерін сауатты тұжырымдай алады, жүйеге қойылатын талаптарды дамыта алады, модельдеу әдістерін таңдай алады, жүйелерді құрудың мехатрондық принциптері негізінде оларды автоматтандыру мақсатында технологиялық процесстердің негізгі ерекшеліктерін анықтай алады. Зерттелетін салада фактілерді, құбылыстарды, теорияларды және олардың арасындағы күрделі тәуелділіктерді білу мен түсінуді қолданады.

Кәсіби қызмет салалары

  • а) инженерлік; кәсіби қызмет саласы механика және техникалық ғылымдар саласындағы ғылыми-зерттеушілік қызмет болып табылады.Түлектердің кәсіби қызмет объектілері ғылыми-өндірістік және өндірістік ұйымдардағы қызмет болып табылады.
  • б) Түлектің кәсіби қызмет түрлері:
  • тәжірибелік-зерттеушілік;
  • есептеу және жобалау;
  • ұйымдастырушылық-басқарушылық.
  • в) Түлектің кәсіби қызметінің функциялары:
  • Математикамен механиканы қолданумен байланысты салалардағы ғылыми-зерттеушілік жұмысы; жаратылыстанудың, техниканың, экономиканың және басқарудың қолданбалы есептерін тиімді әдістермен шешу үшін математикалық және механикалық модельдерді қолдану және құру; тәжірибені өңдеу және жоспарлау әдістерін, құралдарды, тәжірибенің теориялық негіздерін өңдеу; программалық жүйені өңдеу, оны есептеу техникасының заманауи құралдарын қолданумен тәжирибелік жүзеге асыру деңгейіне дейін жеткізу; ақпаратты жинау, ұсыну, өңдеу және қолдану үрдісімен алгоритмдік қамтамасыздандыруды құру.

Бейіндік дайындық

  • Бағдарлама робототехникалық және мехатрондық жүйелерді жобалауға, олардың жұмысын модельдеуге және ғылыми-қолданбалы зерттеулер жүргізуге қабілетті робототехника және мехатроника саласындағы жоғары білікті кадрларды даярлауға бағытталған. Механикалық, электрондық және бағдарламалық құрамдастарды біріктіруге, роботтарды басқару алгоритмдерін әзірлеуге, технологиялық процестерді автоматтандыруға, сондай-ақ робототехникалық және мехатрондық жүйелерді есептеу, модельдеу және бағдарламалау үшін заманауи бағдарламалық құралдарды қолдануға ерекше назар аударылады.
  • Бейіндік пәндер аясында бакалавриат студенттері «Роботтар механикасы», «Роботтар мен робототехникалық жүйелерді басқару», «Мехатрондық жүйелерді құрастыру», «Өнеркәсіптік роботтар», «Роботтар жетектері», «Медициналық роботтар», «Ғылыми зерттеу негіздері» пәндерін оқиды.

ББ өзгерістері жылдар бойынша

1
2026Жаңарту

Пән атауларына техникалық түзетулер енгізу: 1.«Шетел тілі» пәнінің атауы «Шетел тілі (ағылшын тілі)» болып өзгертілді. 2.«MatLab қолданбалы бағдарламалар пакеті» пәнінің атауы «Робототехника және мехатроникадағы MatLab» болып өзгертілді. 3.«MathCAD бағдарламасы» пәнінің атауы «Робототехника және мехатроникадағы MathCAD» болып өзгертілді. 4.«LaTeX тілінде бағдарламалау» пәнінің атауы «Ғылыми құжаттарды цифрлық дайындау» болып өзгертілді. 5.«Python тілінде бағдарламалау» пәнінің атауы «Робототехника және мехатроника есептеріндегі Python» болып өзгертілді. Пәндерді бір циклден немесе компоненттен екіншісіне ауыстыру: «Экология және тұрақты даму негіздері», «Тіршілік қауіпсіздігі негіздері», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» пәндері жалпы білім беретін пәндер циклінің таңдау компонентінен (ЖБП/ТК) базалық пәндер циклінің таңдау компонентіне (БП/ТК) ауыстырылды. Жоғары оқу орны компонентіне пән қосу: «Экономика, кәсіпкерлік, құқық және қаржылық сауаттылық негіздері» пәні қосылды.

Өзгерістер туралы құжат