Білім беру бағдарламалары

Халықаралық қатынастар және дипломатия

Қолжетімді мамандықтар

1
Бакалавриат · 6B03105

Халықаралық қатынастар

Оқу мерзімі4 жыл Оқу нысаныкүндізгі Шекті балл65 Грант балы128 Оқу ақысы869 200 ₸

Бейіндік пәндер

Дүниежүзі тарихы Шетел тілі

Білім беру бағдарламасының мақсаты

Халықаралық қатынастар және сыртқы саясат саласында жүйелі білімі, жалпы мәдени және кәсіби құзыреттері бар, қазіргі әлемнің күрделі жағдайында бағдарлай алатын және негізделген шешімдерді өз бетінше қабылдайтын, бәсекеге қабілетті жоғары білікті кадрлар даярлау.

Берілетін дәреже

6B03105 «Халықаралық қатынастар» білім беру бағдарламасы бойынша бакалавр

Аккредиттеу

Құжат әлі қосылмаған.

Рейтингтердегі орны

0

Рейтинг нәтижелері әлі қосылмаған.

Оқуды аяқтағаннан кейін

Мүмкін лауазымдар

  • дипломатиялық қызмет
  • СІМ
  • халықаралық ұйымдар мен компаниялар
  • халықаралық шолушы

Кәсіби құзыреттер мен оқу нәтижелері

  • Мемлекеттердің сыртқы саясатын және халықаралық ұйымдардың қызметін талдайды, елдер мен аймақтарға сипаттама жасайды.
  • Қазақстанның сыртқы саясаты мен дипломатиясын талдайды, оның басқа елдермен қатынастарының дамуын болжайды.
  • Дипломатиялық және консулдық қызметті, протокол мен этикетті біледі, дипломатиялық құжаттармен жұмыс істейді.
  • Мемлекеттік және шет тілдерінде ауызша және жазбаша қарым-қатынас жасайды, кәсіби мәтіндерді аударады.
  • Қақтығыстардың себептерін анықтайды, келіссөз жүргізу және медиация техникасын меңгерген.
  • Халықаралық-саяси талдау әдістерін, PR, цифрлық дипломатия және жасанды интеллект құралдарын қолданады.

Кәсіби қызмет салалары

  • Сыртқы істер министрлігі, дипломатиялық және консулдық мекемелер
  • мемлекеттік органдар, әкімдіктер, сыртқы байланыс бөлімдері
  • халықаралық ұйымдар мен үкіметтік емес құрылымдар
  • халықаралық және ұлттық компаниялар
  • талдау орталықтары, БАҚ

Бейіндік дайындық

  • Теория және тарих: «Халықаралық қатынастар теориясына кіріспе», «Жаңа замандағы халықаралық қатынастар тарихы», «Қазіргі замандағы халықаралық қатынастар тарихы», «Халықаралық қатынастардың қазіргі тұжырымдамалары», «Геосаясат негіздері».
  • Дипломатия: «Дипломатиялық және консулдық қызмет», «Дипломатиялық құжаттама және протокол», «Дипломатиялық келіссөздер жүргізу техникасы», «Көпжақты дипломатия», «Жария дипломатия дағдылары».
  • Сыртқы саясат және аймақтар: «Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты», «АҚШ-тың сыртқы саясаты», «ҚХР-дың сыртқы саясаты», «Халықаралық қатынастар жүйесіндегі Орталық Азия», «Халықаралық қатынастар жүйесіндегі Таяу Шығыс және Африка».
  • Тілдер: ағылшын, қытай, француз немесе неміс тілі; пәндердің бір бөлігі ағылшын және қазақ тілдерінде оқытылады.

ББ өзгерістері жылдар бойынша

0

Бағдарлама өзгерістері әлі қосылмаған.