Шетел филология (ағылшын)
Бейіндік пәндер
Білім беру бағдарламасының мақсаты
Білім беру бағдарламасының мақсаты – шет тілінде білім берудің когнитивтік-лингвомәдениеттанымдық әдіснамасы контекстінде заманауи өнімді технологияларды меңгерген жоғары білікті филолог-зерттеушілер мен жоғары оқу орындарының оқытушыларын даярлау.
Берілетін дәреже
«7М02301 – Шетел филологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша филология ғылымдарының магистрі.
Аккредиттеу
Аккредиттеу сертификатыНАОКО агенттігі, SA-А № 0300/8 сертификаты, берілген күні – 30.03.2024 ж., қолданылу мерзімі – 29.03.2029 ж. дейін.Құжат әлі қосылмаған.
Рейтингтердегі орны
0Рейтинг нәтижелері әлі қосылмаған.
Оқуды аяқтағаннан кейін
Мүмкін лауазымдар
- Ғылыми-зерттеу қызметі: ғылыми қызметкер; кіші ғылыми қызметкер; ғылыми кеңесші; филология саласындағы зерттеуші; ғылыми-зерттеу бөлімінің маманы; гуманитарлық саладағы талдаушы.
- Педагогикалық қызмет: жоғары оқу орнының шет тілі оқытушысы; филологиялық пәндердің оқытушысы; орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушысы; әдіскер; оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі маман; білім беру бағдарламалары мен оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеуші.
- Аударма және тілдік қызмет: аудармашы; жазбаша аударма аудармашысы; ауызша аудармашы; аудармалар редакторы; лингвист; тілдік коммуникация маманы; мәдениетаралық коммуникация маманы.
- Баспа және редакторлық қызмет: редактор; әдеби редактор; ғылыми редактор; корректор; баспа редакторы; контент-редактор; баспа жобасының маманы.
- Сараптамалық-талдамалық қызмет: филолог-сарапшы; тіл сарапшысы; гуманитарлық ғылымдар саласындағы сарапшы; талдаушы; мәтіндер мен коммуникацияны талдау жөніндегі маман; тілдік және филологиялық мәселелер бойынша кеңесші.
- Бұқаралық ақпарат құралдары және коммуникация: журналист; БАҚ редакторы; контент-менеджер; копирайтер; коммуникациялар жөніндегі маман; қоғаммен байланыс жөніндегі маман; медиа-коммуникациялар маманы.
- Мәдени-ағартушылық және әлеуметтік-гуманитарлық қызмет: мәдени-ағартушылық мекеменің маманы; халықаралық және мәдениетаралық жобалар жөніндегі маман; білім беру және мәдени жобалардың үйлестірушісі; гуманитарлық жобалар маманы.
- Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет: білім беру жобасының жетекшісі; білім беру бағдарламаларының үйлестірушісі; білім беру жобаларының менеджері; оқу немесе ғылыми бөлімшенің маманы; мәдени-ағартушылық жобалардың жетекшісі немесе үйлестірушісі; халықаралық ынтымақтастық жөніндегі маман.
Кәсіби құзыреттер мен оқу нәтижелері
- Мінез-құлық дағдылары мен жеке қасиеттері (Soft Skills):
- Өзге мәдениеттің құндылықтары негізінде қалыптасқан ұлттық ерекшеліктерді талдайды;
- Шығармашылық және ғылыми-зерттеу жұмыстарын таныстырады, өз қызметін тиімді әрі нәтижелі ұйымдастырады, ғылыми жұмыстарының нәтижелерін коммерцияландыру мүмкіндіктерін көрсетеді;
- Қазіргі тіл білімі мен әдебиеттану мәселелерін зерделеу және зерттеумен байланысты тілдік немесе пәнаралық салалар шеңберінде жаңа немесе таныс емес жағдайлар мен контекстерде туындайтын мәселелерді шешеді;
- Кәсіби қызметіне қатысты әртүрлі тақырыптар бойынша шет тілінде кәсіби қарым-қатынас жасайды;
- Кәсіби және ғылыми-зерттеу қызметінде, соның ішінде жасанды интеллектіні қолдану арқылы, цифрлық және инновациялық білім беру технологияларын анықтайды;
- Командада тиімді жұмыс істеу, өз ұстанымын қорғау, өзгелерді сендіру, ымыралы және баламалы кәсіби шешімдер табу жолдарын түсіндіреді.
- Цифрлық құзыреттер (Digital Skills):
- Тіл білімі, әдебиеттану және шет тілінде білім берудің заманауи парадигмалары контексінде гуманитарлық және педагогикалық ғылымдардың дамуына қатысты жаңа тұжырымдамалық идеялар мен бағыттарды жіктейді;
- Тілдік тұлғаны одан әрі дамыту және жетілдіру мақсатында жоғары деңгейдегі дербестік пен өзін-өзі реттеу негізінде үздіксіз білім алуды жүзеге асырады.
- Кәсіби құзыреттер (Hardskills):
- Жаңа білім алуға бағытталған ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметті талдайды және осы білімді нақты кәсіби жағдаяттарды сараптамалық бағалау үшін қолданады;
- Жоғары әлеуметтік құндылықтарды ұстанатынын көрсетеді, қабылданған моральдық және құқықтық нормалар негізінде қоғамдастықпен және білім беру үдерісінің барлық мүдделі тараптарымен кәсіби өзара іс-қимыл жасауға дайын екенін танытады;
- Тіл білімі, әдебиеттану және шет тілінде білім беру салаларындағы міндеттерді жүйелі түрде шешуге бағытталған іргелі зерттеулер мен ғылыми-практикалық инновациялық әзірлемелер туралы білімін көрсетеді;
- Білім алушылардың зияткерлік, шығармашылық және тұлғалық әлеуетін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін дамытушы білім беру ортасын құруға дайын екенін көрсетеді;
- Қазіргі заманғы цифрлық технологияларды пайдалана отырып, оқытушылық қызметті жүзеге асырады, әдебиеттану және тіл білімі пәндері бойынша оқу жоспарларын іске асырады.
Кәсіби қызмет салалары
- а) Түлектердің кәсіби қызмет салалары: «7М02301 – Шетел филологиясы» білім беру бағдарламасы түлектерінің кәсіби қызмет салаларына филологиялық білім беру, атап айтқанда, мамандандырылған орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарында шет тілдері мен әдебиетін оқыту, сондай-ақ редакторлық, баспа ісі, бұқаралық ақпарат құралдары және басқа да сабақтас салалар жатады.
- «7М02301 – Шетел филологиясы» білім беру бағдарламасы түлектерінің кәсіби қызмет нысандары:
- Білім беру жүйесі және ғылыми-зерттеу секторы;
- Әдебиет (отандық және шетелдік) – теориялық және практикалық, синхрондық, диахрондық, әлеуметтік-мәдени және диалектологиялық аспектілерде;
- Мәтіндердің әртүрлі түрлері – жазбаша, ауызша және виртуалды мәтіндер (соның ішінде гипермәтіндер мен мультимедиялық объектілердің мәтіндік элементтері);
- Ауызша және жазбаша коммуникация.
- б) Түлектердің кәсіби қызмет түрлері:
- Әдістемелік, ғылыми және ғылыми-педагогикалық мекемелерде, ұйымдар мен бөлімшелерде ғылыми-зерттеу қызметі;
- Жалпы орта, орта арнаулы және жоғары білім беру жүйесіндегі педагогикалық қызмет;
- Білім беру, мәдениет, басқару және бұқаралық ақпарат құралдары мекемелеріндегі қолданбалы қызмет (мысалы, баспа ісі, аударма, редакторлық, сараптамалық және талдамалық қызмет);
- Тілдік және әлеуметтік-мәдени коммуникация, әлеуметтік-гуманитарлық қызмет салаларындағы қызмет;
- Білім беру және мәдени-ағартушылық мекемелердегі, әлеуметтік-педагогикалық, гуманитарлық-ұйымдастырушылық, кітап басып шығару және бұқаралық ақпарат құралдары коммуникациясы салаларындағы жобалық қызмет;
- Жоғарыда аталған барлық салалардағы ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет.
- в) Түлектердің кәсіби қызметінің функциялары:
- Оқу-әдістемелік;
- Ғылыми-педагогикалық;
- Диагностикалық-талдамалық;
- Ұйымдастырушылық-басқарушылық;
- Консультациялық.
Бейіндік дайындық
- Білім алушы келесі бейіндік пәндерді меңгереді: Шетел филологиясы ғылымдарының заманауи әдіснамасы; Тіл және ұлттық дүниетаным / Тіл және мәдениетаралық коммуникация (ағылшын тілінде) / Тіл және гендер; Тіл білімі мен әдебиеттанудың негізгі даму үрдістері / Тіл білімі мен әдебиеттанудағы кәсіби шетелдік терминология; Тіл туралы ғылымның заманауи мәселелері (ағылшын тілінде); Қазіргі ағылшын тілді әдебиетті оқытудың өзекті мәселелері мен әдістемесі (ағылшын тілінде); Қазіргі ағылшын әдебиетіндегі құндылықтық доминанттар / Америка әдебиеті: даму кезеңдері; Жоғары мектепте шет тілдерін оқыту теориясы / Жоғары мектеп лингводидактикасы (ағылшын тілінде); Лингвистикалық терминология және ғылыми коммуникация / Тіл білімі мен әдебиеттанудағы инновациялар; Дискурсты модельдеудің лингвокогнитивтік механизмдері (ағылшын тілінде) / Концептология және семантика; Филологиялық зерттеулердегі жасанды интеллект технологиялары; Қазіргі ағылшын тілінің теориялық грамматикасы (ағылшын тілінде) / Батыс лингвистикалық теориялары.
ББ өзгерістері жылдар бойынша
1
2026Жаңа пән енгізілді
2026 жылы оқуға қабылданған білім алушыларға арналған 7М02301 – «Шетел филологиясы» білім беру бағдарламасына келесі жаңартулар енгізілді: БП/ТК цикліне, «Филологиялық зерттеулердің теориялық-қолданбалы аспектілері» модуліне «Тіл және гендер» таңдау пәні қосылды.
Өзгерістер туралы құжат
Buketov University