Соттық-прокурорлық қызмет
Бейіндік пәндер
Білім беру бағдарламасының мақсаты
«Сот-прокурорлық қызмет» білім беру бағдарламасының мақсаты – заңтану саласында жоғары білікті, құзыретті және бәсекеге қабілетті, сот, прокурорлық және құқық қорғау қызметін жүзеге асыру, заңдылықты қамтамасыз ету, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қорғау үшін қажетті кәсіби білімі, практикалық дағдылары мен құзыреттері бар мамандарды даярлау.
Берілетін дәреже
«7М04203 Сот-прокурорлық қызмет» білім беру бағдарламасы бойынша заң ғылымдарының магистрі.
Аккредиттеу
Аккредиттеу сертификатыҚұжат әлі қосылмаған.
Рейтингтердегі орны
0Рейтинг нәтижелері әлі қосылмаған.
Оқуды аяқтағаннан кейін
Мүмкін лауазымдар
- 1.Прокурордың көмекшісі.
- 2.Прокуратура органдарының маманы.
- 3.Құқық қорғау органдарының қызметкері.
- 4.Сот органдарының маманы.
- 5.Судья.
- 6.Мемлекеттік органдардың құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі маманы.
- 7.Мемлекеттік және жеке ұйымдардың заң кеңесшісі.
- 8.Заң пәндерінің оқытушысы (тиісті біліктілік талаптары болған жағдайда).
- 9.Құқықтану саласындағы ғылыми қызметкер.
- Ескерту: Судья, прокурор және мемлекеттік қызметтің өзге де лауазымдарына тағайындау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген біліктілік талаптары, іріктеу шарттары және жұмыс өтіліне қойылатын талаптар сақталған жағдайда жүзеге асырылады.
Кәсіби құзыреттер мен оқу нәтижелері
- Қазақстан Республикасының заңнамасы нормаларын қолдану; нормативтік құқықтық актілерге құқықтық талдау жүргізу; заңдылықты қамтамасыз ету және адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау; прокурорлық қадағалауды жүзеге асыру; дәлелдемелерді талдау және бағалау; қылмыстық, азаматтық және әкімшілік сот ісін жүргізу нормаларын қолдану; заңдық және процестік құжаттарды дайындау; сот және прокурорлық практиканы талдау; негізделген құқықтық шешімдер қабылдау; ғылыми-зерттеу қызметін жүргізу; заң тәжірибесінде заманауи ақпараттық технологияларды қолдану; кәсіби әдеп, академиялық адалдық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар қағидаттарын сақтау.
Кәсіби қызмет салалары
- сот қызметі; прокурорлық қызмет; құқық қорғау қызметі; мемлекеттік қызмет; мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметін құқықтық қамтамасыз ету; адвокаттық және заң қызметі; азаматтық, қылмыстық және әкімшілік сот ісін жүргізу; құқықтану саласындағы ғылыми-зерттеу қызметі; құқық саласындағы білім беру қызметі.
Бейіндік дайындық
- сот-прокурорлық қызмет саласында сот, прокурорлық және құқық қорғау қызметін жүзеге асыруға, заңдылықты қамтамасыз етуге, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қорғауға қажетті терең кәсіби білімі, практикалық дағдылары мен зерттеушілік құзыреттері бар жоғары білікті мамандарды даярлау.
ББ өзгерістері жылдар бойынша
0
Бағдарлама өзгерістері әлі қосылмаған.
Buketov University