Биология
Бейіндік пәндер
Білім беру бағдарламасының мақсаты
Жаңартылған орта білім беру мазмұны жағдайында ғылыми-педагогикалық, кәсіби-практикалық және тәрбие қызметін жүзеге асыруға қажетті іргелі және қолданбалы білімі, зерттеушілік дағдылары қалыптасқан, бәсекеге қабілетті педагог-зерттеушіні, биология пәнінің мұғалімін даярлау.
Берілетін дәреже
«6В01509 – Биология» білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры
Аккредиттеу
Аккредиттеу сертификатыБілім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттік (IQAA) (Білім беру бағдарламаларын халықаралық аккредиттеу туралы куәлік SA-A №0193/1 09 қараша 2020; куәліктің қолданылу мерзімі 09 қараша 2020г. – 08 қараша 2027ж.)Құжат әлі қосылмаған.
Рейтингтердегі орны
1
Оқуды аяқтағаннан кейін
Мүмкін лауазымдар
- Педагог. Орта мектеп мұғалімі;
- Педагог. Колледж оқытушысы;
- Білім беру бөлімінің маманы.
Кәсіби құзыреттер мен оқу нәтижелері
- Мінез-құлық дағдылары және жеке қасиеттер (Soft skills)
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетке, қолданбалы экономикалық және құқықтық пәндер, экология, тіршілік қауіпсіздігі, тұрақты даму және Қазақстан тарихы салаларындағы өзекті білімдерге негізделген азаматтық ұстанымын көрсетеді; әлеуметтік, саяси, мәдени және психологиялық ерекшеліктерді ескере отырып, пайымдаулар қалыптастыру үшін ақпарат жинайды және түсіндіреді; білім беру қызметтерін көрсету саласындағы Қазақстан Республикасының және халықаралық құқықтың негізгі қайнар көздерін біледі; кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру және дене шынықтырумен айналысу саласындағы өз құқықтарын іске асыру үшін қаржылық сауаттылық құралдарын меңгерудің маңыздылығын түсінеді.
- Білім беру үдерісін басқарудың қағидаттарын, нысандарын, әдістері мен құралдарын қолданады. Білім беру ұйымындағы басшы мен ұжымның кәсіби өзара іс-қимылы ерекшеліктерінің себептерін анықтайды және ықтимал тәуекелдерді бағалайды. Мектепте инклюзивті білім беруді іске асыруды жоспарлайды. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылардың жеке ерекшеліктерін ескереді.
- Сандық құзыреттіліктер (Digital skills)
- Оқу сабақтары мен білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру барысында заманауи IT-технологияларды кіріктіреді; Блум таксономиясы негізінде білім алушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалаудың тиімді стратегияларын әзірлейді, бағалау нәтижелерін түсіндіреді және білім алушылармен кері байланысты ұйымдастырады.
- Жалпы білім беру ұйымдарында қолдану үшін интерактивті оқыту әдістерін, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, онлайн сервистер мен платформаларды таңдайды, жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдаланады.
- Кәсіби құзыреттіліктер (Hard skills)
- Тірі организмдердің тіршілік етуінің теориялық негіздері мен заңдылықтарын сипаттайды; цитология, гистология және жеке даму биологиясының негізгі ұғымдарын жіктейді.
- Өз зерттеулерін жүргізу барысында заманауи биологиялық мәселелерді шешу жолдарын ұсынады; материал жинау, оны өңдеу, талдау және қорытындылау дағдыларын меңгереді; өзіндік қорытындылар қалыптастырады және жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелерін түсіндіреді.
- Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтарын түсіндіреді, биотехнология, гендік инженерия және иммунология жетістіктерінің әдістері мен қолданбалы маңызын сипаттайды және түсіндіреді; ғылыми зерттеу әдістерін біледі; кәсіби деңгейде қарым-қатынас жасау үшін қазақ және ағылшын тілдерін жеткілікті деңгейде меңгереді.
- Өсімдіктердің негізгі түрлерін анықтайды және жіктейді; өсімдіктердің анатомиялық құрылысын түсіндіреді; өсімдіктер гербарийін дайындайды; өсімдік нысандарын фото және бейнетүсірілімге түсіреді.
- Адам анатомиясы мен физиологиясы бойынша білімдерді меңгереді, мектеп оқушыларының жас ерекшеліктеріне байланысты даму, анатомия, физиология және гигиена ерекшеліктерін түсінеді және оларды күнделікті педагогикалық-практикалық қызметінде қолданады.
- Пәндерді кіріктіру негізінде оқу үдерісін ұйымдастыру және оқу сабағын құрастыру дағдыларын меңгереді, STEM және CLIL технологияларының мәні мен рөлін түсінеді; цифрлық технологияларды, платформалар мен интернет ресурстарын қауіпсіз әрі тиімді пайдалану негізінде білім алушылардың цифрлық сауаттылығын дамытуға бағытталған педагогикалық қызметті ұйымдастырады.
- Қазіргі әлемдегі биологияның рөлін, химия, физика, микробиология, биофизика, биологиялық химия және эволюция заңдылықтарын түсіндіреді; ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу және дипломдық жұмысты дайындау мақсатында теориялық және қолданбалы биологияның әртүрлі мәселелері бойынша базалық және бейіндік білім деңгейін кеңейтеді.
- «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының ережелерін ескере отырып, білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырады; білім алушылардың кәсіби өзін-өзі анықтауына ықпал ету мақсатында кәсіптік бағдар беру жұмысының технологияларын қолданады; педагогикалық қызметке инновациялық білім беру технологиялары мен стратегияларын кіріктіреді.
- Алған білімдері мен дағдыларын педагогикалық қызметте қолданады; кәсіби саладағы мәселелерді шешу үшін дәлелдер келтіреді және шешімдер қабылдайды; педагогика мен биологияны оқыту әдістемесінің заңдылықтары мен даму үрдістерін ескере отырып, педагогикалық жағдаяттарды шешудің оңтайлы нұсқаларын ұсынады; Қазақстан Республикасында жоғары білім мен ғылымды дамыту тұжырымдамасын іске асыру аясында педагогикалық практика нәтижелерін талдайды.
- Омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың зоологиялық терминдерін, ұғымдары мен жүйелік санаттарын түсіндіреді; жануарларды зерттеу, жіктеу, фиксациялау, монтаждау және коллекциялар жасау әдістерін меңгереді; оқу және ғылыми эксперименттер жүргізу үшін далалық және зертханалық жабдықтарды таңдайды.
Кәсіби қызмет салалары
- Білім беру: орта мектептерде, лицейлерде, гимназияларда және колледждерде биология пәнінің мұғалімі;
- Басқару: білім беру бөлімдері мен басқармалары;
- Ғылым: ботаника, зоология, адам анатомиясы, физиология, экология, генетика, молекулалық биология және басқа да бейіндік бағыттар бойынша ғылыми-зерттеу ұйымдары.
Бейіндік дайындық
- -203 кредит. Теориялық оқыту: Балалардың жас және физиологиялық даму ерекшеліктері, Педагогика, Инклюзивті білім беру, Биологияны оқыту әдістемесі, Омыртқасыздар зоологиясы, Омыртқалылар зоологиясы, Ботаника, Цитология және гистология, Генетика, Микробиология, Адам анатомиясы мен физиологиясы, Биологиялық химия, Эволюциялық биология.
- 29 кредит. Практика түрлері: Оқу және педагогикалық практикалар.
- 8 кредит. Қорытынды аттестаттау: Дипломдық жұмысты немесе дипломдық жобаны жазу және қорғау не кешенді емтиханды дайындау және тапсыру.
ББ өзгерістері жылдар бойынша
1
2025Жаңа пән енгізілді
2025 жылы оқу жоспарына бірқатар жаңа пәндер енгізілді: Білім беру қызметін құқықтық реттеу; Білім беру ортасындағы психологиялық қауіпсіздік; Кәсіптік бағдар беру негіздері; Білім берудегі көшбасшылық; Биологиялық білім берудегі STEM және CLIL технологиялары; Физика; Жалпы химия; Болашақ педагогтің IT-сауаттылығын қалыптастыру практикумы; Биологиядағы цифрлық платформалар; Педагог-биологтың кәсіби қызметіндегі жасанды интеллект.
Өзгерістер туралы құжат
Buketov University