Магистратура
· 7M04101
Экономика
Оқу мерзімі2 жыл
Оқу нысаныҒылыми-педагогикалық маг (2 жыл)
Конкурсқа қатысу үшін ең төменгі баллНақтыланады
Оқу ақысы595 000 ₸
Бейіндік пәндер
Білім беру бағдарламасының мақсаты
Еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, қазіргі заманғы кәсіпорындар мен нарықтық құрылымдар талаптарына сай, қарқынды өзгерістегі әлеуметтік және кәсіби жағдайларда аналитикалық және басқарушылық қызметті тиімді жүзеге асыра алатын экономикалық мамандарды даярлау.
Берілетін дәреже
«7М04101-Экономика» білім беру бағдарламасы бойынша экономика ғылымдарының магистрі
Аккредиттеу
Аккредиттеу сертификатыНААР, сертификаты АВ 5364, берілген күні 31.05.2024, жарамдылық мерзімі 31.05.2024 - 30.05.2029 ж.Құжат әлі қосылмаған.
Рейтингтердегі орны
0Рейтинг нәтижелері әлі қосылмаған.
Оқуды аяқтағаннан кейін
Мүмкін лауазымдар
- бас экономист, бас экономист-талдаушы, мемлекеттік басқару құрылымдарындағы әртүрлі бөлімшелердің басшысы, әртүрлі меншік нысандары мен салалық тиесіліліктегі кәсіпорындардың басшысы, ғылыми-зерттеу институттарында ғылыми қызметкер, ЖОО-да оқытушы.
Кәсіби құзыреттер мен оқу нәтижелері
- Мінез-құлық дағдылары және жеке қасиеттер (Softskills):
- Абстрактілі ойлау, талдау, синтездеу қабілеті
- Өзінің зияткерлік және жалпы мәдени деңгейін жетілдіру және дамыту қабілеті
- Стандартты емес жағдайларда әрекет етуге дайын болу, қабылданған шешімдер үшін әлеуметтік және этикалық жауапкершілікті көтеру
- Цифрлық құзыреттіліктер (Digital skills):
- Бизнестегі ғылымды қажетсінетін кәсіпкерлікті басқару саласында жасанды интеллектті, цифрлық құралдарды қолдана отырып, талдау мен бағалаудың жасанды интеллектті қолдану цифрлық әдістерін қолдана отырып, ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін тиімді коммерцияландыру қабілеті
- Экономикалық және ұйымдастырушылық инновацияларды әзірлеу, технологиялық және өнім инновацияларын енгізу нәтижелерін талдау және бағалау үшін цифрлық құралдарды пайдалану мүмкіндігі
- 3.Кәсіби құзыреттіліктер (Hardskills):
- Ұлттық экономика мен халықаралық бизнестегі нақты жағдайларды талдау кезінде әлеуметтік-экономикалық проблемаларды анықтау, күтілетін нәтижелерді бағалай отырып, оларды шешу жолдарын ұсыну мүмкіндігі
- Инвестициялық жобаның қаржылық моделін құра отырып, нақты активтерді құрудағы инвестициялардың тиімділігін талдау, инвестициялық және инновациялық жобаларды әзірлеу қабілеті
- Ұйымның экономикалық дамуының ағымдағы және перспективалық жоспарларының бөлімдерін әзірлеуді, бизнес-жоспарлауды және инвестициялық процестерді болжауды жүзеге асыра алады
Кәсіби қызмет салалары
- Қызмет салалары: мемлекеттік органдар, барлық меншік нысандарындағы кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар, нарықтық инфрақұрылым буындарындағы экономиканы мемлекеттік реթтеу басқару органдары, ғылыми-зерттеу мекемелері.
- Жұмыс орындары: республикалық және жергілікті деңгейдегі мемлекеттік органдар; қызмет түріне, меншік нысанына қарамастан ұйымдар мен кәсіпорындардың экономикалық, қаржылық, маркетингтік, өндірістік-экономикалық және аналитикалық қызметтері; ғылыми-зерттеу институттары, бастауыш кәсіптік, орта кәсіптік, жоғары кәсіптік білім беру мекемелері.
- Кәсіби қызмет түрлері: - ұйымдастыру-технологиялық қызмет;
- өндірістік-басқарушылық қызмет;
- жобалау қызметі;
- ғылыми-зерттеу қызметі;
- білім беру (педагогикалық) қызметі.
Бейіндік дайындық
- 70 кредит. Теориялық оқыту: Ғылым тарихы мен философиясы, Жоғары мектептің педагогикасы, Басқару психологиясы, Шет тілі (кәсіби), Арнайы мақсаттағы шет тілі, Экономикадағы бизнес- ағылшын, Шағын бизнестегі ғылымды қажетсінетін кәсіпкерлік, Ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерциализациялау, Экономикадағы инноватика, Экономика және инновацияларды басқару, Микро- және макроэкономикалық талдау, Әлеуметтік ғылымдар және бизнес саласында ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау, Қазіргі экономикалық ой, Кәсіпорын қызметін стратегиялық талдау және жоспарлау, Инновациялық жобаларды бизнес-жоспарлау, Нақты инвестициялар (ағылшынша), Инновациялық кәсіпкерлік (ағылшынша), Халықаралық бәсекеге қабілеттілік, Халықаралық макроэкономика, Геоэкономика, Экономикалық зерттеулердегі жасанды интеллект, Экономикалық пәндерді оқыту әдістемесі, Халықаралық бизнес
- 18 кредит. Практика: педагогикалық және зерттеу практикасы.
- 24 кредит. Ғылыми-зерттеу жұмысы: Тағылымдамадан өту және магистрлік диссертацияны орындауды қоса есептегендегі магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы
- 8 кредит. Қорытынды аттестаттау: Магистрлік диссертацияны рәсімдеу және қорғау
ББ өзгерістері жылдар бойынша
0
Бағдарлама өзгерістері әлі қосылмаған.
Buketov University