Магистратура
· 7M11101
Туризм
Оқу мерзімі2 жыл
Оқу нысаныҒылыми-педагогикалық маг (2 жыл)
Конкурсқа қатысу үшін ең төменгі балл75
Оқу ақысы595 000 ₸
Бейіндік пәндер
Білім беру бағдарламасының мақсаты
Туризм индустриясындағы бизнес-процестерді кешенді және тиімді басқарудың жүйелі көзқарасын меңгерген туризм саласындағы жоғары білікті мамандарды даярлау.
Берілетін дәреже
«7M11101-Туризм» білім беру бағдарламасы бойынша ғылым магистрі
Аккредиттеу
Аккредиттеу сертификатыТАРА, куәлік № AB 5363, берілген күні: 31.05.2024 ж., қолданылу мерзімі 30.05.2029 ж. дейінҚұжат әлі қосылмаған.
Рейтингтердегі орны
0Рейтинг нәтижелері әлі қосылмаған.
Оқуды аяқтағаннан кейін
Мүмкін лауазымдар
- туристік компанияның басшысы (директоры) ;
- туристік кәсіпорын басшысының (директорының) орынбасары;
- туризм бөлімінің бастығы;
- туристік ақпараттық орталықтың басшысы;
- туристік агенттіктің басшысы;
- туристік кәсіпорындағы маркетинг және жарнама бөлімінің басшысы;
- авиабилеттерді брондау бөлімінің бастығы;
- туризм менеджері;
- экскурсияны ұйымдастырушы;
- үйірме жетекшісі (қызығушылық клубы, ұжым, Әуесқойлық бірлестік, секция, студия, туристік топ);
- туристік оператор;
- кіру және ішкі туризм менеджері;
- шығу туризмінің менеджері;
- круиздік сату менеджері.
Кәсіби құзыреттер мен оқу нәтижелері
- Мінез-құлық дағдылары және жеке қасиеттер (Softskills):
- абстрактілі ойлау, талдау, синтездеу қабілеті; стандартты емес жағдайларда әрекет етуге, қабылданған шешімдер үшін әлеуметтік және этикалық жауапкершілік алуға дайын болу; кәсіби қызметті талдау, жоспарлау және ұйымдастыру қабілеті;
- өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі жүзеге асыруға, шығармашылық әлеуетті пайдалануға дайындық;
- жоғары мектепте оқыту және тәрбиелеу процесінің негізгі компоненттерін жоспарлау, болжау, талдауда нормативтік құжаттардың негізгі ережелерін басшылыққа алу дағдыларын кәсіби меңгеру; жоғары мектептің оқу процесінде психологиялық-педагогикалық міндеттерді шешу үшін дайындық деңгейін көрсету;
- кәсіби қызмет саласындағы міндеттерді шешу үшін мемлекеттік, орыс және шет тілдерінде ауызша және жазбаша нысандарда коммуникацияға дайындық;
- ұжымды әлеуметтік, этникалық, конфессиялық және мәдени айырмашылықтарды толерантты қабылдай отырып, өзінің кәсіби қызметі саласында басқаруға дайындығы;
- кәсіби міндеттерді шешу кезінде ғылым мен білім берудің қазіргі заманғы проблемаларын білуді пайдалануға дайындық;
- өзінің болашақ мамандығының әлеуметтік маңыздылығын сезіну, кәсіби қызметті орындауға жоғары уәждемеге ие болу.
- Сандық құзыреттіліктер (Digital skills):
- ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру мәселелеріне қатысты аспектілерді талдау кезінде, сондай-ақ инновациялық жобаларды басқару шеңберінде цифрлық құралдарды қолданады;
- SMART-туризмді дамытудың авторлық тұжырымдамаларын және туристік дестинацияларды цифрландыру дәрежесін бағалау үшін критерийлерді әзірлейді, қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті туристік өнімдерді жасау үшін ақпараттық-телекоммуникациялық құралдарды пайдаланады.
- Кәсіби құзыреттіліктер (Hardskills):
- оқытылатын пәндер бойынша оқу міндеттерін тұжырымдау және оқыту процесінде танымдық іс - әрекетті қалыптастыруды басқарудың оңтайлы дидактикалық стратегиясын меңгеру;
- мамандықтың ауқымды бейіні бойынша мәтіндерде қажетті ақпаратты, сондай-ақ іскерлік құжаттаманы оқу және табу дағдыларын меңгеру;
- ғылыми зерттеулердің негізгі құралдары мен әдістерін игеру;
- компанияның басқа ресурстарымен қатар зияткерлік ресурстарды анықтау және пайдалану дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ заманауи бағдарламалық өнімдерді пайдалана отырып, инновациялық жобалардың тиімділігін талдау дағдылары, инновациялық жобаларды ұсына білу;
- кәсіби бағыт бойынша ғылыми-зерттеу қызметінде ғылым тарихы мен философиясының дәстүрлі және заманауи мәселелерін білу.
- туризмді дамытудың қазіргі бағыттары, әлеуметтік-гуманитарлық білімнің философиялық-тарихи, педагогикалық, психологиялық аспектілері туралы түсінігі бар;
- туристік саланың қазіргі заманғы теориялық және практикалық проблемаларына ғылыми зерттеулер жүргізуге қабілетті;
- экономикалық және пәнаралық пәндер бойынша сабақтар өткізу кезінде заманауи педагогикалық технологияларды қолданады;
- 9.ьтуризм саласында ғылыми зерттеулер мен практикалық қызмет жүргізуге мүмкіндік беретін шет тілі білімін кәсіби деңгейде қолданады;
- туристік өнімдер мен қызметтерді қалыптастыру және іске асыру процестерін ұйымдастыруға және басқаруға қабілетті;
- туристік қызметтер нарығына жүйелі талдау жүргізеді және қонақжайлылық пен туризм индустриясының тиімді жұмыс істеуі, сондай-ақ тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін оның дамуын болжайды;
- туристік нарықты талдау үшін экономикалық-математикалық әдістерді қолданады;
- өңірлік, ұлттық және халықаралық деңгейлерде туризм саласындағы қызметті жедел, тактикалық және стратегиялық болжау, жобалау және жоспарлау әдістерін қолданады.
Кәсіби қызмет салалары
- Түлектің кәсіби қызметінің объектілері: туризмді ұйымдастырумен байланысты мемлекеттік басқару органдары; туристік бизнеспен айналысатын мемлекеттік және жеке компаниялар; туристік бейіндегі консалтингтік компаниялар; әлеуметтік-экономикалық, географиялық бейіндегі ғылыми мекемелер, жобалау-іздестіру және жоспарлау ұйымдары, жоғары оқу орындары болып табылады.
- в) түлектің кәсіби қызметінің түрлері: ғылыми-зерттеу, білім беру (педагогикалық), Талдамалық, консультативтік.
- г) түлектің кәсіби қызметінің функциялары:
Бейіндік дайындық
- 70 кредит. Теориялық оқыту: Ғылым тарихы мен философиясы, Жоғары мектептің педагогикасы, Басқару психологиясы, Шет тілі (кәсіби), Шет ел тіліндегі іскерлік қарым-қатынас (ағылшын тілінде), Туризмдегі кәсіби шетел терминологиясы (ағылшын тілінде), Инновациялық бизнес-жобаларды басқару, Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру, Жобаларды басқару, Цифрландыру және SMART-туризм, Туризмдегі инноватика, Қонақ үй бизнесі және туристік-операционды жүйелер, Туризмдегі этика (ағылшын тілінде), Әлеуметтік желілерде турөнімді жылжыту (ағылшын тілінде), Туристік дестинациялар брендингі (ағылшын тілінде), Ғаламдық туризмнің даму тенденциялары (ағылшын тілінде), Туризмнің тұрақты дамуы (ағылшын тілінде), Ауылдық туризмді дамыту (ағылшын тілінде)
- 18 кредит. Практика: Педагогикалық; Зерттеу
- 24 кредит. Ғылыми-зерттеу жұмысы, Тағылымдамадан өту мен магистрлік диссертацияны орындауды қамтитын магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы (МҒЗЖ)
- 8 кредит. Қорытынды аттестаттау, Магистрлік диссертацияны рәсімдеу және қорғау (МДРҚ)
ББ өзгерістері жылдар бойынша
0
Бағдарлама өзгерістері әлі қосылмаған.
Buketov University