Білім беру бағдарламалары

Маркетинг және жарнама

Қолжетімді мамандықтар

1
Магистратура · 7M04111

Маркетинг

Оқу мерзімі2 жыл Оқу нысаныҒылыми-педагогикалық маг (2 жыл) Конкурсқа қатысу үшін ең төменгі балл75 Оқу ақысы595 000 ₸

Білім беру бағдарламасының мақсаты

Маркетинг саласында іргелі ғылыми және терең кәсіби білімі бар,ғылымда, білім мен бизнесте өз әлеуетін іске асыра алатын жоғары білікті мамандарды даярлау.

Берілетін дәреже

«7M04111-Маркетинг» білім беру бағдарламасы бойынша экономика ғылымдарының магистрі

Аккредиттеу

Аккредиттеу сертификатыТАРА, куәлік № AB 5363, берілген күні: 31.05.2024 ж., қолданылу мерзімі 30.05.2029 ж. дейін

Рейтингтердегі орны

0

Рейтинг нәтижелері әлі қосылмаған.

Оқуды аяқтағаннан кейін

Мүмкін лауазымдар

  • кіші (орта) фирманың басшысы;
  • маркетинг қызметінің жетекшісі;
  • өткізу және маркетинг жөніндегі басшылар (басқарушылар);
  • жарнама және қоғаммен байланыс жөніндегі басшылар (басқарушылар);
  • маркетолог;
  • сарапшы - маркетолог;
  • маркетингтік компаниялардың талдаушысы;
  • SMM- менеджер;
  • электрондық сауда менеджері;
  • жарнама, маркетинг және қоғаммен байланыс саласындағы кәсіби мамандар.

Кәсіби құзыреттер мен оқу нәтижелері

  • Мінез-құлықтық (Softskills):
  • абстрактілі ойлау, талдау, синтездеу қабілеті;
  • стандартты емес жағдайларда әрекет етуге, қабылданған шешімдер үшін әлеуметтік және этикалық жауапкершілік алуға дайын болу;
  • кәсіби қызметті талдау, жоспарлау және ұйымдастыру қабілеті;
  • өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі жүзеге асыруға, шығармашылық әлеуетті пайдалануға дайындық;
  • жоғары мектепте оқыту және тәрбиелеу процесінің негізгі компоненттерін жоспарлау, болжау, талдауда нормативтік құжаттардың негізгі ережелерін басшылыққа алу дағдыларын кәсіби меңгеру; жоғары мектептің оқу процесінде психологиялық-педагогикалық міндеттерді шешу үшін дайындық деңгейін көрсету;
  • кәсіби қызмет саласындағы міндеттерді шешу үшін мемлекеттік, орыс және шет тілдерінде ауызша және жазбаша нысандарда коммуникацияға дайындық;
  • ұжымды әлеуметтік, этникалық, конфессиялық және мәдени айырмашылықтарды толерантты қабылдай отырып, өзінің кәсіби қызметі саласында басқаруға дайындығы;
  • кәсіби міндеттерді шешу кезінде ғылым мен білім берудің қазіргі заманғы проблемаларын білуді пайдалануға дайындық;
  • өзінің болашақ мамандығының әлеуметтік маңыздылығын сезіну, кәсіби қызметті орындауға Жоғары уәждемеге ие болу.
  • оқытылатын пәндер бойынша оқу міндеттерін тұжырымдау және оқыту процесінде танымдық іс-әрекетті қалыптастыруды басқарудың оңтайлы дидактикалық стратегиясын меңгеру.
  • Цифрлық құзыреттіліктер (Digital skills):
  • 1.қазіргі кезеңдегі маркетингтің цифрлық трансформациясының ерекшелігін талдайды, маркетингтік қызметте заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданудың тиімділігін бағалайды;
  • 2.қызмет көрсету саласында және өнеркәсіпте, оның ішінде күрделі интеграцияланған құрылымдарға қатысты қазіргі заманғы цифрлық құралдарды пайдалану проблемасын шешеді.
  • Кәсіби құзыреттіліктер (Hardskills):
  • мамандықтың ауқымды бейіні бойынша мәтіндерде қажетті ақпаратты, сондай-ақ іскерлік құжаттаманы оқу және табу дағдыларын меңгеру;
  • ғылыми зерттеулердің негізгі құралдары мен әдістерін игеру;
  • компанияның басқа ресурстарымен қатар зияткерлік ресурстарды анықтау және пайдалану дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ заманауи бағдарламалық өнімдерді пайдалана отырып, инновациялық жобалардың тиімділігін талдау дағдылары, инновациялық жобаларды ұсына білу;кәсіби бағыт бойынша ғылыми-зерттеу қызметінде ғылым тарихы мен философиясының дәстүрлі және заманауи мәселелерін білу.
  • кәсіби бағыт бойынша ғылыми-зерттеу қызметінде ғылым тарихы мен философиясының дәстүрлі және заманауи мәселелерін білу;
  • маркетинг-менеджментті дамытудың қазіргі бағыттары, әлеуметтік-гуманитарлық білімнің философиялық-тарихи, педагогикалық, психологиялық аспектілері туралы түсінігі бар;
  • маркетинг, экономика және бизнестің заманауи теориялық және практикалық мәселелеріне ғылыми зерттеулер жүргізуге кабілетті;
  • экономикалық пәндер бойынша сабактар өткізу кезінде заманауи педагогикалық технологияларды қолданады;;
  • маркетинг саласында ғылыми зерттеулер мен практикалық қызмет жүргізуге мүмкіндік беретін шет тілі білімін кәсіби деңгейде колданады;
  • нарықтык жағдайды талдау, маркетингті жоспарлау, маркетинг кешенінің жекелеген элементтері бойынша шешімдерді таңдау және бағалау, нәтижелерді бағалау бойынша басқарушылық шешімдер қабылдайды;
  • инновациялық маркетингтік технологиялардың әлемдік тәжірибесін отандық нарық жағдайларына бейімдеу шеңберінде теориялык проблемалардың шешімін табуға қабілетті;
  • салалық, өңірлік және халықаралық нарықтарды талдау үшін экономикалық-математикалық және маркетингтік әдістерді колданады;
  • компанияның стратегиясын, бренд-менеджмент элементтерін, өнімдерді пакеттеу және қызметтер маркетингін қоса алғанда, оның өнім саясатының басымдықтарын қалыптастырады.

Кәсіби қызмет салалары

  • 7M04111-Маркетинг білім беру бағдарламасы бойынша түлектердің кәсіби қызмет саласы:
  • басқару;
  • кәсіпкерлік;
  • коммерциялық;
  • ғылыми-зерттеу.
  • 7M04111-Маркетинг білім беру бағдарламасы бойынша магистрлердің кәсіби қызметінің обьектілері болып келесі жүйелер, құбылыстар, үдерістер табылады:
  • сатылатын тауарлар, жұмыстар, қызметтер, мүліктік құқықтар (оның ішінде зияткерлік меншікке);
  • өнім - технологиялық иноовациялар;
  • өткізу нарықтары (кәсіпкерлік субъектісі үшін қызығушылық тудыратын барлық осы тауар нарығына қатысушылар) және кәсіпкерлік субъектісінің мүддесі үшін зерттелетін сатып алу нарықтары;
  • коммерциялық емес ұйымдардың мүдделері үшін зерттелетін сатып алу нарықтары, мақсатты аудиториялар (өткізу нарықтарының орнына);
  • мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдардың мүдделері үшін зерттелетін нарықтар.

Бейіндік дайындық

  • 70 кредит. Теориялық оқыту: Ғылым тарихы мен философиясы, Жоғары мектептің педагогикасы, Басқару психологиясы, Шет тілі (кәсіби), Маркетингтегі кәсіби шетел терминологиясы (ағылшын тілінде), Шет ел тіліндегі іскерлік қарым-қатынас (ағылшын тілінде), Инновациялық бизнес-жобаларды басқару, Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру, Маркетингтегі инноватика, Маркетингтің цифрлық трансформациясы, Маркетинг-менеджмент, Маркетингтік зерттеулерді ұйымдастыру (ағылшын тілінде), Стратегиялық маркетинг (ағылшын тілінде), Экономикалық зерттеу әдістері, Математикалық әдістер мен модельдер, Маркетингтегі экономикалық-математикалық талдау, Маркетингтік метрика және аналитика, Тұтынушылық мінез-құлықты ұйымдастырудың жалпы моделі (ағылшын тілінде), Маркетингтік коммуникациялар және қазіргі бизнестегі жарнама (ағылшын тілінде), Брендинг (ағылшын тілінде), Әлеуметтік желілердегі имидждік саясат (ағылшынш тілінде), Ғаламдық тұтыну нарықтары, Өнеркәсіптік кластерлер және сандық экономика
  • 18 кредит. Практика: Педагогикалық; Зерттеу
  • 24 кредит. Ғылыми-зерттеу жұмысы, Тағылымдамадан өту мен магистрлік диссертацияны орындауды қамтитын магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы (МҒЗЖ)
  • 8 кредит. Қорытынды аттестаттау, Магистрлік диссертацияны рәсімдеу және қорғау (МДРҚ)

ББ өзгерістері жылдар бойынша

0

Бағдарлама өзгерістері әлі қосылмаған.