Білім беру бағдарламалары

Аудит және салық салу

Қолжетімді мамандықтар

1
Магистратура · 7M04107

Есеп және аудит

Оқу мерзімі2 жыл Оқу нысаныҒылыми-педагогикалық маг (2 жыл) Конкурсқа қатысу үшін ең төменгі балл75 Оқу ақысы595 000 ₸

Білім беру бағдарламасының мақсаты

әртүрлі меншік нысанындағы ұйымдарда, қызмет салалары мен аяларында есеп пен аудитті жүзеге асыратын жоғары білікті және бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау, қаржылық және статистикалық есептілікті әзірлейді және қалыптастырады, басқарушылық, ғылыми-зерттеу және педагогикалық қызметте талдамалық әдістерді қолданады.

Берілетін дәреже

«7М04107 - Есеп және аудит» білім беру бағдарламасы бойынша экономика ғылымдарының магистрі

Аккредиттеу

Аккредиттеу сертификаты“Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі” КЕМ мамандандырылған халықаралық аккредиттеу туралы сертификаты № KZ83LAA00018495 IAAR агентінің 31.05.2024-30.05.2029ж., № АВ 5356

Рейтингтердегі орны

0

Рейтинг нәтижелері әлі қосылмаған.

Оқуды аяқтағаннан кейін

Мүмкін лауазымдар

  • ЖОО-ның есеп, талдау және аудит саласындағы профессор-оқытушылар құрамы;
  • Бюджеттік жоспарлау және талдау бойынша кәсіби мамандар;
  • Қаржылық талдаушылар және кәсіби мамандар;
  • Бизнесті басқару және жүргізу мәселелері бойынша консультанттар;
  • Адам ресурстарын басқару саласындағы кәсіби мамандар;
  • Ғылыми-зерттеу институтының жетекші ғылыми қызметкері;
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару органының жетекші маманы және бөлімше басшысы;
  • аудитор, бухгалтер, салық салу жөніндегі бухгалтер, бухгалтер-ревизор, бюджет жөніндегі үйлестіруші, жоспарлау жөніндегі экономист, бухгалтердің ассистенті, бухгалтердің көмекшісі.
  • Кәсіпорындардың, бизнес-құрылымдардың, ұйымдар мен ведомстволардың өндірістік-экономикалық, әлеуметтік-басқарушылық, маркетингтік, қаржы-талдау қызметтерінің маманы.

Кәсіби құзыреттер мен оқу нәтижелері

  • Мінез-құлық дағдылары және жеке касиеттер (Softskills):
  • Кәсіби бағыт бойынша ғылыми-зерттеу қызметінде Ғылым тарихы мен философиясының дәстүрлі және заманауи мәселелерін білуге қабілетті; жоғары мектептің оқу процесінде психологиялық-педагогикалық міндеттерді шешу үшін дайындық деңгейін көрсетеді; тұлғаның даму заңдылықтарының, қозғаушы күштерінің ерекшеліктері; оны зерттеудің әдістері мен әдістемелері; көшбасшылық пен басшылықтың әлеуметтік-психологиялық теориялары туралы түсініктері бар басқарудың психологиялық ғылымының қазіргі даму кезеңінде; білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес оқу пәні бойынша, атап айтқанда Есеп және аудит пәндері бойынша білім беру бағдарламаларын іске асыруға дайын және өзінің кәсіби өсуі мен жеке даму траекториясын жобалауға қабілетті;
  • Ғылыми экспериментті жүзеге асыру технологиясын таңдай алады, шығындарды бағалайды және оның жүзеге асырылуын ұйымдастырады, ғылыми зерттеу нәтижелерін коммерцияландыру технологиясын әзірлейді; бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы қоғам мен ғылымның дамуындағы инновацияның рөлін түсінеді; өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі жүзеге асыруға, шығармашылық әлеуетін пайдалануға дайын; жаңа әдістер мен технологияларды өз бетінше игеруге және қолдануға дайын.
  • Сандық құзыреттер (Digital skills):
  • Халықаралық стандарттарға сәйкес аудиторлық тексерулердің қазіргі нысандары мен әдістерін меңгеру дағдыларын иеленеді, қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарын және шоғырландырылған қаржылық есептілікті дайындау қағидаттарын пайдаланады, қаржылық және басқарушылық есепті ұйымдастырудың қазіргі заманғы тәсілдерін пайдаланады;
  • Кәсіпорын қаржысын басқару және тиісті басқарушылық шешімдер қабылдау жүйесін ұсынады, ұлттық есеп жүргізу және кәсіпорындардың статикалық есептілігі бойынша іргелі теориялық білімді түсінеді және қолданады.
  • Кәсіби құзыреттіліктер (Hardskills):
  • ҒЗЖ орындауға, зерттеу тақырыбын таңдауға, ҒЗЖ жоспарлауды жүзеге асыруға, нақты материалды өз бетінше жинауға және өңдеуге, ғылыми зерттеуді дербес жоспарлауға, ұйымдастыруға және жүргізуге қабілетті;
  • Әртүрлі меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдарда, мемлекеттік және муниципалдық билік органдарында экономикалық қызметтер мен бөлімшелерді басқаруға қабілетті;
  • Басқару шешімдерінің нұсқаларын әзірлеуге және әлеуметтік-экономикалық тиімділік критерийлері негізінде олардың таңдауын негіздеуге қабілетті;
  • Кәсіптік білім беру ұйымдарында, жоғары білім беру ұйымдарында, қосымша кәсіптік білім беру ұйымдарында экономикалық пәндерді оқытудың қазіргі заманғы әдістері мен әдістемелерін қолдануға қабілетті;;
  • Кәсіптік білім беру ұйымдарында, жоғары білім беру ұйымдарында, қосымша кәсіптік білім беру ұйымдарында экономикалық пәндерді оқыту үшін оқу жоспарларын, бағдарламаларды және тиісті әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеуге қабілетті.

Кәсіби қызмет салалары

  • Түлектер келесі кәсіби қызмет салаларында жұмыс істей алады:
  • Бухгалтерлік есеп, қаржылық есептілік және аудит;
  • Қаржылық-экономикалық талдау және жоспарлау;
  • Бюджеттеу және қаржылық ресурстарды басқару;
  • Салықтық есеп, салық салу және салықтық бақылау;
  • Бақылау-ревизиялық және аудиторлық қызмет;
  • Басқарушылық есеп және ұйымдардың шаруашылық қызметін талдау;
  • Қаржылық менеджмент және бизнес-процестерді басқару;
  • Кәсіпорындардың экономикалық және стратегиялық қызметін жоспарлау;
  • Экономика, қаржы және бизнесті басқару саласындағы консалтингтік қызмет;
  • Адами ресурстарды басқару және ұйымдық даму;
  • Есеп, талдау, аудит және экономика салаларындағы ғылыми-зерттеу және оқытушылық қызмет;
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару, қаржылық-экономикалық әкімшілендіру;
  • Өндірістік-экономикалық, әлеуметтік-басқарушылық және маркетингтік қызмет;
  • Кәсіпорындардың, ұйымдардың, бизнес-құрылымдардың және мемлекеттік мекемелердің қызметін қаржылық-талдамалық сүйемелдеу.

Бейіндік дайындық

  • Бағдарлама бухгалтерлік есеп, аудит, қаржылық талдау және бақылау салаларында кәсіби білімі мен практикалық дағдылары қалыптасқан, заманауи еңбек нарығының талаптарына жауап беретін жоғары білікті мамандар даярлауға бағытталған.
  • Болашақ мамандардың бухгалтерлік есеп пен аудит саласындағы кәсіби құзыреттілігін дамыту, қаржылық есептілікті қалыптастыру және талдау, аудиторлық қызметті ұйымдастыру, қаржылық-экономикалық процестерді бағалау және тиімді басқарушылық шешімдер қабылдау дағдыларын қалыптастыру.

ББ өзгерістері жылдар бойынша

0

Бағдарлама өзгерістері әлі қосылмаған.