Білім беру бағдарламалары

Қаржы, банктік және сақтандыру ісі

Қолжетімді мамандықтар

1
Магистратура · 7M04109

Қаржы

Оқу мерзімі2 жыл Оқу нысаныҒылыми-педагогикалық маг (2 жыл) Конкурсқа қатысу үшін ең төменгі баллНақтыланады Оқу ақысы595 000 ₸

Білім беру бағдарламасының мақсаты

Мемлекеттік қаржы және қаржылық менеджмент, банк бизнесі мен қаржы саласындағы инновациялық қызмет бағыттары бойынша ғылыми-педагогикалық қызметті жүзеге асыруға, негізделген басқарушылық шешімдер қабылдауға, қаржы ғылымы мен практикасының дамуына үлес қосуға қабілетті білікті кадрлар даярлау.

Берілетін дәреже

«7М04109 – Қаржы» білім беру бағдарламасы бойынша экономика ғылымдарының магистрі

Аккредиттеу

Аккредиттеу сертификаты«Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі» коммерциялық емес мекемесі (АРТА, 2024 жылғы 31 мамырдағы АВ №5359 сертификаты). Аккредиттеудің қолданылу мерзімі – 2029 жылғы 30 мамырға дейін.

Рейтингтердегі орны

0

Рейтинг нәтижелері әлі қосылмаған.

Оқуды аяқтағаннан кейін

Мүмкін лауазымдар

  • Қаржы-экономикалық пәндер оқытушысы, ғылыми қызметкер, қаржы талдаушысы, қаржы консультанты, қаржылық жоспарлау жөніндегі маман, инвестициялық талдаушы, тәуекел-менеджер, мемлекеттік қаржыны басқару жөніндегі маман.
  • Қажетті тәжірибесі болған және біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда түлек қаржы бөлімінің басшысы, қаржы ұйымы бөлімшесінің басшысы, талдау қызметінің басшысы, қаржы директоры лауазымдарын атқара алады.

Кәсіби құзыреттер мен оқу нәтижелері

  • Мінез-құлық дағдылары мен тұлғалық қасиеттер (Soft skills)
  • Оқытылатын пәндер бойынша оқу міндеттерін тұжырымдау және оқыту үдерісінде білім алушылардың танымдық іс-әрекетін қалыптастыруды басқарудың оңтайлы дидактикалық стратегиясын қолдану; білім беру практикасын жетілдіру мақсатында әріптестермен бірлесе отырып, психология-педагогика ғылымдары саласындағы зерттеулерді жоспарлау және жүргізу.
  • Ұжымдағы даулар мен қақтығыстарды шешу, ұйымдағы қақтығыстар мен күйзелістерді диагностикалау және басқару, педагогтің кәсіби қызметінің әдеп нормаларын сақтау, кәсіби қызметтегі тұлғааралық қақтығыстардың алдын алу және оларды сындарлы түрде шешу.
  • Кәсіби бағыт бойынша ғылыми-зерттеу қызметінде ғылым тарихы мен философиясының дәстүрлі және заманауи мәселелері жөніндегі білімді пайдалану.
  • Цифрлық құзыреттер (Digital skills)
  • Оқытылатын тілдің әлеуметтік реңкі бар тілдік бірліктерін дұрыс қолдану, мамандық терминологиясын шет тілінде меңгеру, шет тілінде жарияланымдар дайындау, таныстырылымдар өткізу, пікірталастар жүргізу және ұсынылған жұмысты қорғау.
  • Ғылыми-өндірістік бөлімшенің инновациялық қызметін ұйымдастыру жоспары мен бағдарламасын әзірлеу, инновациялық жобалар мен бағдарламалардың техникалық-экономикалық негіздемесін жасау, ғылыми зерттеуді жүргізу технологиясын таңдау немесе әзірлеу, шығындарды бағалау және зерттеудің орындалуын ұйымдастыру, ғылыми зерттеу нәтижелерін конференцияда ұсыну немесе баспа басылымында, оның ішінде шет тілінде жариялау.
  • Заманауи қаржылық үдерістер мен инновациялық тәсілдерді сыни тұрғыдан талдау, зерттеушілік және практикалық шешімдерді негіздеу, тиісті әдістемелік құралдарды қолдану және кәсіби қызмет нәтижелерін ұсыну.
  • Ғылыми зерттеудің мақсаты мен міндеттерін тұжырымдау, ғылыми-зерттеу және педагогикалық қызмет барысында туындайтын міндеттерді шешу, қойылған ғылыми мақсатқа қол жеткізу үшін шығармашылық ұжымның жұмысын ұйымдастыру, басқарушылық шешімдерді әзірлеу және қабылдау, еңбектің сапасы мен нәтижелілігін, сондай-ақ ғылыми-өндірістік ұжым қызметінің шығындары мен нәтижелерін бағалау.
  • Кәсіби құзыреттер (Hard skills)
  • Мемлекеттің қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қаржылық мониторингті жүзеге асыру.
  • Мемлекеттің қаржы-кредит жүйесінің құрылымын, экономиканы қаржылық реттеу әдістері мен құралдарын меңгеру.
  • Қаржылық есептілікті қалыптастыру және оған түсіндірме жазба әзірлеу, ұйымның бюджеттік жоспарларын жасау, күрделі салымдардың тиімділігін талдау, қаражаттың пайдаланылуын бақылау, экономикалық тиімділік есептеулерін жүргізу және кәсіпорын қызметін басқарудың тиімді әдістерін іздестіру.

Кәсіби қызмет салалары

  • а) Кәсіби қызмет саласы мен объектілері
  • Түлектің кәсіби қызмет саласына қаржы саласындағы ғылыми зерттеулер мен оқытушылық қызмет, стратегиялық қаржылық басқару, мемлекеттік және корпоративтік қаржы, банк және инвестициялық қызмет, қаржылық консалтинг жатады.
  • Кәсіби қызмет объектілері:
  • жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары;
  • ғылыми-зерттеу институттары мен талдау орталықтары;
  • мемлекеттік қаржы органдары;
  • банктер, сақтандыру және инвестициялық ұйымдар;
  • кәсіпорындар мен компаниялардың қаржы бөлімшелері;
  • консалтингтік ұйымдар мен даму институттары.
  • б) Кәсіби қызмет түрлері
  • ғылыми-зерттеу;
  • білім беру-педагогикалық;
  • ұйымдастырушылық-басқарушылық;
  • талдамалық және сараптамалық;
  • жобалық және консультациялық.
  • в) Кәсіби қызмет функциялары
  • ғылыми және қолданбалы зерттеулерді жоспарлау және жүргізу;
  • қаржы-экономикалық пәндерді оқыту;
  • оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу;
  • қаржылық стратегияларды, болжамдарды және басқарушылық шешімдерді әзірлеу;
  • инвестициялық жобалар мен қаржылық тәуекелдерді бағалау;
  • қаржы саясатын жетілдіру жөнінде ұсынымдар әзірлеу;
  • сараптамалық қорытындыларды, ғылыми жарияланымдар мен талдамалық есептерді дайындау.

Бейіндік дайындық

  • Бағдарлама қаржы теориясы, стратегиялық қаржылық басқару және ғылыми зерттеулер әдіснамасы салаларында тереңдетілген даярлықты қамтамасыз етеді. Қаржы жүйесінің өзекті мәселелерін анықтау, эмпирикалық деректерді өңдеу және ғылыми негізделген ұсынымдар әзірлеу қабілетін қалыптастыруға ерекше назар аударылады.
  • Магистранттар мемлекеттік және корпоративтік қаржыны, банк қызметін, салық салуды және инвестициялық үдерістерді зерттеу әдістерін меңгереді. Даярлықтың педагогикалық құрамдас бөлігі оқу сабақтарын жобалау және өткізу, білім беру материалдарын әзірлеу және оқыту нәтижелерін бағалау дағдыларын дамытуға бағытталған.
  • Даярлық мазмұны қаржы теориясын, тереңдетілген қаржылық менеджментті, банк қызметін стратегиялық басқаруды, салық менеджментінің заманауи тәсілдерін және мемлекеттік қаржыны басқарудың ақпараттық технологияларын қамтиды.
  • Ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижесі – магистрлік диссертация. Түлектер академиялық және кәсіби ортада қызмет атқара алады, сондай-ақ докторантурада оқуын жалғастыра алады.

ББ өзгерістері жылдар бойынша

1
2026Білім беру бағдарламасы паспортының жаңартылған күні: 02.07.2026
Өзгерістер туралы құжат