Химия
Бейіндік пәндер
Білім беру бағдарламасының мақсаты
Ғылыми-педагогикалық және кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін іргелі және қолданбалы білімге, ғылыми-зерттеу дағдыларына ие білікті химия мұғалімін дайындау.
Берілетін дәреже
"6B01507-Химия" білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры.
Аккредиттеу
Аккредиттеу сертификаты28.05.2022 – 27.05.2027 жж.) — Білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттік (IQAA)Құжат әлі қосылмаған.
Рейтингтердегі орны
3

IAAR
«B010 Физика мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламалар тобы бойынша

Оқуды аяқтағаннан кейін
Мүмкін лауазымдар
- Орта мектеп мұғалімі;
- Колледж оқытушысы.
Кәсіби құзыреттер мен оқу нәтижелері
- Мінез-құлық дағдылары (Soft skills)
- кәсіби шетел тіліндегі қарым-қатынасты меңгерген; кәсіби контексттерде шетел тілін еркін қолдана алады; мамандандырылған мәтіндерді талдайды; талқылауларға, презентацияларға және келіссөздерге қатысады.
- кәсіби бағдар беру іс-шараларын ұйымдастыруға қажетті білім мен дағдыларға ие, оқушылардың кәсіби қызығушылықтарын бағалайды, өзін-өзі тану процесінде оларға қолдау көрсетеді және химияға тұрақты қызығушылықты дамыта отырып, болашақ мамандықтарын саналы түрде таңдауға ынталандырады.
- Цифрлық дағдылар (Digital skills)
- сыныптан тыс және жобалық қызмет әдістерін, заманауи АКТ-ны (соның ішінде жасанды интеллектті) және оқушылардың мазмұны мен жас ерекшеліктерін ескере отырып оқыту әдістерін қолданады;
- химиялық процестерді модельдеу және талдау үшін математикалық әдістерді қолдану, ғылыми-зерттеу әдістерін өзінің кәсіби тәжірибесінде қолдану және бейіндік пәндер бойынша студенттердің білімін, қабілеттерін және дағдыларын дамыту;
- Кәсіби дағдылар (Hard skills)
- -оқыту нәтижелерін бағалау әдістерінің тиімділігін анықтайды, зерттеуді жоспарлау және деректерді өңдеу әдістерін қолданады; ғылыми әдіснаманың негіздерін меңгерген, зерттеу мәселесін, мақсатын, міндеттерін, гипотезасын және әдістерін тұжырымдайды, деректерді талдап, интерпретациялайды, нәтижелерді ғылыми түрде ұсынады; ғылыми зерттеу әдістерін және академиялық жазу дағдыларын, сондай-ақ пән мазмұны, оқыту әдістемесі және бағалау бойынша білімін қолданады
- химиялық зертханада жұмыс істеу бойынша білім мен практикалық дағдыларды меңгереді, эксперимент жүргізу әдістерін және химиялық есептерді шешу тәсілдерін игерген, қауіпсіздік техникасын сақтайды және химияны оқытуда эксперименттік тәсілдерді қолданады; жобалық-зерттеу қызметінің әдіснамасын меңгереді, оқу жобаларын әзірлейді және жүзеге асырады, сабақта және сыныптан тыс уақытта оқушылардың зерттеу жұмысын ұйымдастырады, химия бойынша оқу жобаларын сүйемелдейді;
Кәсіби қызмет салалары
- Кәсіби қызмет саласы мен объектілері: «6B01507 – Химия» білім беру бағдарламасы бойынша бакалаврдың кәсіби қызмет саласы – білім беру ұйымдары. Кәсіби қызмет объектілері: меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жалпы білім беретін мектептер, гимназиялар, лицейлер, колледждер.
- Кәсіби қызмет түрлері:
- – білім беру (педагогикалық, тәрбиелік);
- – ғылыми-зерттеу (мектептегі білім беру моделін әзірлеу, жобалау, білім беру мәселелерін шешудегі шығармашылық ізденіс, педагогикалық тәжірибені зерттеу, рефлексия);
- – ұйымдастырушылық-басқарушылық (субъект–субъект өзара әрекеттестігі, білім берудегі менеджмент).
Бейіндік дайындық
- -Қоғамдық сананы жаңғыртудың дүниетанымдық негіздері – 15 кредит cаны.
- -Әлеуметтік-саясаттану білім модулі - 8 кредит cаны.
- -Ақпараттық-коммуникативтік – 33 кредит cаны.
- -Кәсіби дайындық модулі – 16 кредит cаны.
- -Ағылшын тілі модулі (минор) – 25 кредит cаны.
- -Этномәдени білім беру – 8 кредит cаны.
- -Іргелі дайындық модулі – 67 кредит cаны.
- -Оқу технологиясының модулі – 60 кредит cаны.
- -Қорытынды аттестаттау – 8 кредит cаны.
ББ өзгерістері жылдар бойынша
1
2026Жаңарту
Ұсынылып отырған білім беру бағдарламасына енгізілетін өзгерістер болашақ химия мұғалімдерін даярлау мазмұнын өзектендіруге, практикалық бағыттылығын күшейтуге және жасанды интеллектіні қоса алғанда, заманауи білім беру технологияларын енгізуге бағытталған. Пәндер тізбесін жаңарту, олардың еңбек сыйымдылығы мен оқытылу реттілігін түзету білім алушылардың кәсіби және цифрлық құзыреттіліктерін жетілдіруге ықпал етеді.
Өзгерістер туралы құжат
Buketov University