Білім беру бағдарламалары

Химия педагогтерін даярлау (қазақ, орыс, ағылшын тілі)

Қолжетімді мамандықтар

1
Магистратура · 7M01504

Химия

Оқу мерзімі2 жыл Оқу нысаныҒылыми-педагогикалық маг (2 жыл) Конкурсқа қатысу үшін ең төменгі балл75 Оқу ақысы732 600 ₸

Білім беру бағдарламасының мақсаты

Ағылшын тілін меңгерген, іргелі және қолданбалы білімге, ғылыми-зерттеу дағдыларына ие, ғылыми-педагогикалық және кәсіби-практикалық қызметті жүзеге асыра алатын білікті химия пәні оқытушысын даярлау.

Берілетін дәреже

Магистратура түлегіне «7M01504-Химия» білім беру бағдарламасы бойынша «Педагогика ғылымдарының магистрі» дәрежесі беріледі

Аккредиттеу

Аккредиттеу сертификаты(28.05.2022 – 27.05.2027 жж.) — Білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттік (IQAA)

Рейтингтердегі орны

0

Рейтинг нәтижелері әлі қосылмаған.

Оқуды аяқтағаннан кейін

Мүмкін лауазымдар

  • «Педагог. Жоғары оқу орнының оқытушысы», ғылыми қызметкер; - «Педагог. Колледж оқытушысы» ;
  • «Педагог. Орта мектеп мұғалімі».

Кәсіби құзыреттер мен оқу нәтижелері

  • Мінез-құлық дағдылары (Soft skills)
  • білім беру үдерісінде демократиялық қағидаттарды, әділдікті, адалдықты, білім алушының жеке басын, оның құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу қағидаттарын қолданады;
  • жоғары білім берудің заманауи парадигмасын және оның мазмұнын талдайды және бағалайды;
  • жоғары мектептегі оқыту үдерісінің қозғаушы күштері мен қағидаттарына негізделген оқыту стратегияларын әзірлейді.
  • Цифрлық дағдылар (Digital skills)
  • жалпы және теориялық химия, іргелі және қолданбалы математика білімдерін, сондай-ақ жасанды интеллектті қолдана отырып, ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы химиялық құбылыстар мен үдерістерді талдайды;
  • химия саласындағы кәсіби міндеттерді модельдеу мен шешудің жаңа тәсілдерін синтездейді;
  • әзірленген шешімдердің тиімділігін заманауи ғылыми және технологиялық стандарттарды ескере отырып бағалайды.
  • Кәсіби дағдылар (Hard skills)
  • химияның тұжырымдамалық және теориялық негіздерін түсінеді, алынған білімді кәсіби және зерттеу қызметінде химияның пәнаралық байланыстарын түсіндіру үшін қолданады;
  • білім алушылардың пәндік біліктері мен дағдыларын қалыптастыру әдістерін меңгерген;
  • химия пәніне қызығушылықты қалыптастыру және химия саласындағы білімді күнделікті өмірде қолдану тәсілдерін меңгерген;
  • химиялық эксперименттерді жоспарлау, ұйымдастыру және жүргізу үшін қажетті білім мен дағдыларды қолданады.

Кәсіби қызмет салалары

  • «7M01504-Химия» білім беру бағдарламасы бойынша түлектердің кәсіби қызмет саласы: білім беру ұйымдары, ғылыми мекемелер.
  • Магистрлердің кәсіби қызметінің объектілері: жоғары оқу орындары, ғылыми мекемелер, жалпы білім беретін мектептер, гимназиялар, лицейлер, колледждер (меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан).
  • Түлектің кәсіби қызметінің түрлері:
  • -білім беру (педагогикалық, тәрбиелік);
  • -ғылыми-зерттеу (білім беруді модельдеу, жобалау, білім беру мәселелерін шешудегі шығармашылық ізденіс, педагогикалық тәжірибені зерттеу, рефлексия);
  • -ұйымдастырушылық-басқарушылық («субъект–субъект» өзара әрекеттестігі, білім берудегі менеджмент).

Бейіндік дайындық

  • Әлеуметтік-гуманитарлық білімнің философиялық және тарихи аспектілері – 16 кредит саны.
  • Кәсіби тiлдер - 9 кредит саны.
  • Ғылыми зерттеу және коммерциализация негіздері – 16 кредит саны.
  • Химияны оқытудың методологиясы және заманауи технологиялары – 23 кредит саны.
  • Қазіргі химияның өзекті мәселелері – 30 кредит саны.
  • Ғылыми-зерттеу жұмысы – 24 кредит саны.
  • Қорытынды аттестаттау (ҚА) – 16 кредит саны.

ББ өзгерістері жылдар бойынша

1
2026Жаңарту

Ұсынылып отырған білім беру бағдарламасына енгізілетін өзгерістер бейіндік пәндердің мазмұнын өзектендіру, STEAM-технологияларын енгізу және академиялық дағдыларды дамыту арқылы химия саласындағы мамандарды даярлауды жетілдіруге бағытталған. Модульдер құрылымы мен пәндер мазмұнын жаңарту, сондай-ақ ағылшын тілін қолдану аясын кеңейту білім алушылардың кәсіби және ғылыми-зерттеу даярлығының сапасын арттыруға ықпал етеді. Жалпы алғанда, енгізілетін өзгерістер химиялық білім беру мен ғылыми-зерттеу қызметін дамытудың заманауи үрдістеріне сәйкес келеді.

Өзгерістер туралы құжат