Білім беру бағдарламалары

Химия

Қолжетімді мамандықтар

1
Докторантура PhD · 8D05301

Химия

Оқу мерзімі3 жыл Оқу нысаныДокторантура Конкурсқа қатысу үшін ең төменгі балл75 Оқу ақысы1 307 000 ₸

Бейіндік пәндер

Жабық тапсырмалармен тестілеу Ашық тапсырмалармен тестілеу

Білім беру бағдарламасының мақсаты

8D05301-Химия білім беру бағдарламасының мақсаты – жоғары рухани-адамгершілік қасиеттері бар, өздігінен ойлауға қабілетті және қоғамның прогрессивті ғылыми-техникалық, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуын қамтамасыз етуге қабілетті, химия және іргелес ғылыми салаларда ғылыми, педагогикалық, кәсіби-практикалық қызметті жүзеге асыру үшін фундаменталды білімдері, инновациялық тәсілдері, зерттеу дағдылары бар бәсекеге қабілетті жоғары білікті ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау болып табылады.

Берілетін дәреже

«8D05301 – Химия» білім беру бағдарламасы бойынша жаратылыстану бакалавры

Аккредиттеу

Аккредиттеу сертификатыБСҚТҚА, аккредиттеу мерзімі: 28.05.2022–27.05.2027

Рейтингтердегі орны

0

Рейтинг нәтижелері әлі қосылмаған.

Оқуды аяқтағаннан кейін

Мүмкін лауазымдар

  • зертханашы, инженер-зертханашы, химия оқытушысы, ғылыми қызметкер, кіші ғылыми қызметкер.

Кәсіби құзыреттер мен оқу нәтижелері

  • Түлек академиялық адалдық қағидаттарын сақтайды, ақпаратты әлеуметтік, этикалық және ғылыми факторларды ескере отырып талдайды және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді қолданады. Арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуді, кванттық-химиялық есептеу әдістерін, ғылыми деректерді өңдеу және ұсыну тәсілдерін меңгерген. Химия саласында іргелі білімі бар, эксперименттік және теориялық зерттеулерді жоспарлап жүргізе алады, заттар мен материалдардың қасиеттерін талдайды, өнім сапасын бағалайды және оны практикалық қолдану мүмкіндіктерін болжайды. Ғылыми зерттеу және академиялық жазу әдістерін меңгерген, өз бетінше кәсіби даму дағдыларына ие.

Кәсіби қызмет салалары

  • химия, металлургия, мұнай-химия және фармацевтика өнеркәсібі; ғылыми-зерттеу қызметі және экология

Бейіндік дайындық

  • Бейіндік даярлық бейорганикалық, органикалық, аналитикалық, физикалық, коллоидтық және полимерлер химиясының іргелі және қолданбалы бағыттарын қамтиды. Білім алушылар заманауи физика-химиялық және спектроскопиялық зерттеу әдістерін, кванттық және компьютерлік химияны, химиялық физиканы, химиялық реакциялар теориясын, химиялық талдау және эксперименттік деректерді өңдеу әдістерін меңгереді. Даярлық химиялық технология, ресурс және энергия үнемдеу, экологиялық қауіпсіздік, метрология мен стандарттау мәселелерін, сондай-ақ зерттеушілік және педагогикалық құзыреттерді қалыптастыруды қамтиды. Практикалық дағдылар оқу, өндірістік және диплом алдындағы практикалар барысында бекітіледі.

ББ өзгерістері жылдар бойынша

1
2026Білім беру бағдарламасы 05.06.2025 ж. өзектендірілді
Өзгерістер туралы құжат