Магистратура
· 7M05301
Химия
Оқу мерзімі2 жыл
Оқу нысаныҒылыми-педагогикалық маг (2 жыл)
Конкурсқа қатысу үшін ең төменгі балл75
Оқу ақысы732 600 ₸
Бейіндік пәндер
Білім беру бағдарламасының мақсаты
Қазақстан Республикасының экономикасын, индустриясын, білім беру және ғылымын дамыту үшін білікті мамандар даярлау, толыққанды білім алу, химия және химиялық технология саласындағы кәсіби құзыреттілікті алу үшін жағдай жасау.
Берілетін дәреже
«7М05301 – Химия» білім беру бағдарламасы бойынша жаратылыстану ғылымдарының магистрі
Аккредиттеу
Аккредиттеу сертификатыБСҚТҚА, IS-A № 0053/3 сертификаты, аккредиттеу мерзімі: 28.05.2022–27.05.2027Құжат әлі қосылмаған.
Рейтингтердегі орны
0Рейтинг нәтижелері әлі қосылмаған.
Оқуды аяқтағаннан кейін
Мүмкін лауазымдар
- кіші ғылыми қызметкер; ғылыми қызметкер; аға ғылыми қызметкер; жетекші ғылыми қызметкер; бас ғылыми қызметкер; инженер; зертханашы; аға зертханашы; оқытушы; құрылымдық бөлімшенің әдіскері
Кәсіби құзыреттер мен оқу нәтижелері
- Түлек заманауи эксперименттік, есептік-теориялық және ақпараттық-коммуникациялық әдістерді пайдалана отырып, химия саласындағы ғылыми зерттеулерді өз бетінше жоспарлап, жүргізе алады. Заманауи ғылыми аппаратураны, эксперименттік деректерді өңдеу технологияларын және болжамдық модельдерді құру мен бағалауға арналған жасанды интеллект құралдарын меңгерген. Ғылыми әдебиеттерді талдайды, зерттеу бағдарламаларын әзірлейді, нәтижелерді түсіндіреді және ұсынады, ғылыми-техникалық құжаттаманы рәсімдейді әрі ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыруға ықпал етеді. Метрология, стандарттау, сапаны бақылау және қауіпсіздік талаптарын қолданады. Химиялық пәндерді оқытуға, ана және шет тілдерінде ғылыми-педагогикалық коммуникация жүргізуге және кәсіби құзыреттерін өз бетінше дамытуға дайын.
Кәсіби қызмет салалары
- химия, металлургия, мұнай-химия, фармацевтика, газ және көмір өнеркәсібі; жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру; ғылыми-зерттеу қызметі; бақылау-талдау қызметтері, стандарттау және сертификаттау; экология және қоршаған ортаны қорғау
Бейіндік дайындық
- Бейіндік даярлық физикалық, органикалық және аналитикалық химияның заманауи мәселелерін, компьютерлік және молекулалық модельдеуді, молекулалық докингті, хемометриканы, статистикалық термодинамиканы және есептеу химиясының заманауи әдістерін қамтиды. Білім алушылар ғылыми аппаратурамен жұмыс істеу әдістерін, химиялық өнім сапасын талдау мен басқаруды, стандарттау, сертификаттау және техникалық реттеуді, сондай-ақ химиялық өндірістердің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәсілдерін меңгереді. Даярлық инновациялық қызметті, зерттеу нәтижелерін өндіріске енгізу мен коммерцияландыруды, ғылыми коммуникацияны және жоғары мектеп педагогикасын қамтиды. Зерттеушілік және педагогикалық құзыреттер практика, ғылыми-зерттеу жұмысы, тағылымдама және магистрлік диссертацияны орындау барысында бекітіледі.
Buketov University