Білім беру бағдарламалары

Химиялық инженерия және процесстер

Қолжетімді мамандықтар

1
Магистратура · 7M07101

Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы

Оқу мерзімі2 жыл Оқу нысаныҒылыми-педагогикалық маг (2 жыл) Конкурсқа қатысу үшін ең төменгі балл75 Оқу ақысы732 600 ₸

Білім беру бағдарламасының мақсаты

Бейорганикалық заттарды өндіру және бейорганикалық материалдарды өндірудің инновациялық технологияларын енгізу саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауға қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлау.

Берілетін дәреже

7M07101-«Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша техника ғылымдарының магистрі

Аккредиттеу

Аккредиттеу сертификатыОрталық Азия білім жүйесін аккредиттеу қауымдастығы, Сертификат №5603, берілу уақыты 20.12.2024 ж., жарамдылық мерзімі 19.12.29 ж.

Рейтингтердегі орны

0

Рейтинг нәтижелері әлі қосылмаған.

Оқуды аяқтағаннан кейін

Мүмкін лауазымдар

  • «Ғылыми қызметкер»,
  • «Зерттеуші-химик»
  • «Университет оқытушысы»,
  • «Колледж оқытушысы».

Кәсіби құзыреттер мен оқу нәтижелері

  • Мінез-құлық дағдылары және жеке қасиеттер: (Softskills)
  • Әлеуметтік-гуманитарлық білімнің философиялық-тарихи аспектілерін бағалау: демократиялық, әділдік, адалдық, студенттің жеке басын, оның құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу принциптері; жоғары білім берудің қазіргі заманғы парадигмасын, оның мазмұнын сипаттау; жоғары оқу орнындағы оқу процесінің қозғаушы күштері мен принциптерін анықтау;
  • Ғылыми-өндірістік процестерді жүзеге асыру мен ұйымдастыруда кәсіби және көшбасшылық қасиеттерді көрсету; бейорганикалық заттардың объектілері мен технологиялары туралы қолда бар ғылыми-техникалық ақпаратты талдау, жүйелеу және бағалау, зерттеу контекстінде заманауи жетістіктерді түсіндіру;
  • Сандық құзыреттер:(Digital skills):
  • Заттар мен материалдарды синтездеу әдістерін меңгеру үшін бейорганикалық химияның теориялық негіздерін білу. Әлемдік және Қазақстан өнеркәсібінің даму тенденцияларына сәйкес минералды шикізатты өңдеудің және бейорганикалық заттар мен материалдарды өндірудің жаңа технологияларын әзірлеу.Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды орындауға қатыса алады;
  • Кәсіби құзыреттер: (Hardskills)
  • Технологиялар мен қоршаған ортаның өзара әрекеттесуін талдау үшін химиялық-технологиялық жүйелердің құрылымын білу; шикізат сапасын аналитикалық бақылау әдістерін жетілдіру. Ғылыми нәтижелілік пен жарияланым белсенділігін арттыра алады; ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды, оның ішінде пәнаралық, халықаралық (зерттеу нәтижелерін кейіннен коммерцияландыра отырып) жұмыстарды орындауға қатыса алады;
  • Іргелі химиялық заңдар мен теориялар, табиғат пен технологиядағы құбылыстар мен процестердің химиялық мәні туралы білім жүйесін, өз бетімен жұмыс істеу дағдысын меңгеру. Білім алу кезінде тәжірибеге бағытталған оқыту әдістері мен технологияларын қолданады;
  • Өндіріске енгізу үшін химиялық технологияның теориясы мен тәжірибесінің соңғы жетістіктерін бағалай білу; бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы саласындағы заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен ресурстарды практикалық және ғылыми-зерттеу міндеттерін шешу үшін қолдану;
  • Заманауи материалдарды алудың негізгі технологиялық схемаларын оңтайландыруды білу, Қазақстан өнеркәсібінің басым салаларындағы бейорганикалық заттардың химиялық технологиясының ғылыми-техникалық мәселелерін зерттеу, талдау, диагностикалау және модельдеудің заманауи әдістерін қолдана отырып шешу;
  • Бейорганикалық полимерлердің құрылымын, физикалық-механикалық және реологиялық қасиеттерін практикада қолдану үшін талдай білу; бәсекеге қабілетті өнімдерді алу үшін химиялық және технологиялық процестерді тиімді басқару және онымен байланысты экологиялық тәуекелдерді азайту;
  • Шығармашылық және ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұсынады, өз қызметін тиімді және сапалы ұйымдастырады, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін коммерцияландыру мүмкіндіктерін көрсетеді. Алған білімдерін зерттеу жұмыстарында пайдалана білу;
  • Қазіргі білім беру технологиялары саласындағы білімдерін көрсету; халықаралық контексте ғылыми зерттеулер жүргізуге және ЖОО-да арнайы пәндерді оқытуға мүмкіндік беретін деңгейде шет тілдерін еркін меңгеру.

Кәсіби қызмет салалары

  • «7М071-Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша магистрлердің кәсіби қызмет объектілері:
  • жоғары оқу орындары,
  • ғылыми мекемелер,
  • жалпы білім беру мектептері,
  • гимназиялар, лицейлер, колледждер, меншік және ведомстволық үлестірімі маңызды емес колледждер .

Бейіндік дайындық

  • Әлеуметтік-гуманитарлық білімнің философиялық және тарихи аспектілері – 16 кредит.
  • Кәсіби тiлдер-9 кредит.
  • Ғылыми зерттеу негіздері-10 кредит.
  • Минералды шикізатты өңдеудің заманауи технологиялар негізі-12 кредит.
  • Бейорганикалық заттар мен материалдардың технологиясының негіздері-16 кредит.
  • Заманауи химия негіздері-25 кредит.
  • Ғылыми-зерттеу жұмысы -24 кредит.
  • Қорытынды аттестация-8 кредит.

ББ өзгерістері жылдар бойынша

0

Бағдарлама өзгерістері әлі қосылмаған.