Докторантура PhD
· 8D02201
Философия
Оқу мерзімі3 жыл
Оқу нысаныДокторантура
Конкурсқа қатысу үшін ең төменгі балл75
Оқу ақысы1 307 000 ₸
Бейіндік пәндер
Жабық тапсырмалармен тестілеу
Ашық тапсырмалармен тестілеу
Білім беру бағдарламасының мақсаты
Академиялық философиялық зерттеулер, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінде философиялық пәндерді оқыту саласында құзыреттілікке ие ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау.
Берілетін дәреже
«8D02201-Философия» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD)
Аккредиттеу
Аккредиттеу сертификатыНАОКО агенттігі (БСҚТА), IA №0086 сертификат, 30.03.2024 ж., қолданылу мерзімі 29.03.2029 ж. дейін.Құжат әлі қосылмаған.
Рейтингтердегі орны
0Рейтинг нәтижелері әлі қосылмаған.
Оқуды аяқтағаннан кейін
Мүмкін лауазымдар
- жоғары оқу орындарында әлеуметтік-гуманитарлық пәндер оқытушысы; жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінің ғылыми қызметкері; гуманитарлық бағыттағы ғылыми-зерттеу институттары мен академиялардың ғылыми қызметкері; облыстық және республикалық деңгейдегі мемлекеттік басқару органдарының ғылыми сарапшысы.
Кәсіби құзыреттер мен оқу нәтижелері
- Мінез-құлық дағдылары және жеке қасиеттер (Softskills):
- алған білімін Қазақстанның әлеуметтік және рухани жаңғыруының өзекті мәселелерін қоюға және шешуге бағытталған ғылыми-зерттеу бағдарламаларын қалыптастыру үшін қолданады;
- қазіргі ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру технологияларын қолданады, командада жұмыс істей білетінін көрсетеді, тиімді тұлғааралық және мәдениетаралық коммуникацияны жүзеге асырады;
- әлеуметтік-экономикалық және мәдени даму үдерістерін басқару саласындағы өзекті теориялық және қолданбалы міндеттерді шешуге бағытталған инновациялық қызмет қағидаттарын әзірлеу үшін философиялық ойлау мәдениетін пайдалану қажеттігін дәлелдейді.
- Цифрлық құзыреттер (Digital skills):
- қазіргі философиялық дискурс туралы кәсіби білімін және қазіргі философиялық әдіснаманың негізгі қағидаттарын түсінуін қазіргі қоғамдық даму үдерістерін ізгілендіруге қатысты қолданады;
- жүйелік талдау қағидаттарын түсіну, түрлі құбылыстардың модельдері мен болжамдарын әзірлей білу негізінде қазіргі өркениеттік дамудың пәнаралық мәселелерін талқылауға және шешуге қатысады;
- әлеуметтік-гуманитарлық білім саласындағы өзекті ғылыми зерттеулердің теориялық тұжырымдамаларын талдайды, сыни бағалайды және әзірлейді.
- Кәсіби құзыреттер (Hardskills):
- философиялық зерттеудің ең жаңа әдістерін қолдану негізінде әлеуметтік-гуманитарлық дискурста жаңа білім жасайды, өзінің ғылыми жетістіктерін дәлелдеу мен жария талқылауда құзыреттілік көрсетеді;
- шетелдік және отандық философия ғылымының даму үрдістерін талдау, жетекші отандық және шетелдік ғалымдармен ғылыми коммуникация негізінде қазіргі философиялық білімнің өзекті бағыттары бойынша дербес ғылыми зерттеулер жүргізеді;
- жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінде жоғары білікті мамандар даярлау үшін білім мен ғылым мәселелері бойынша философиялық рефлексияның танымдық әлеуетін пайдаланады.
Кәсіби қызмет салалары
- а) «8D02201-Философия» білім беру бағдарламасы бойынша түлектің кәсіби қызметінің саласы ғылыми-зерттеу қызметі, білім беру, мемлекеттік және жергілікті басқару болып табылады.
- «8D02201-Философия» білім беру бағдарламасы бойынша түлектің кәсіби қызметінің объектілері:
- ғылыми-зерттеу ұйымдары;
- жоғары оқу орындары;
- ғылыми-білім беру қорлары;
- мемлекеттік басқару органдары.
- б) Түлектің кәсіби қызмет түрлері:
- ғылыми-педагогикалық;
- ғылыми-зерттеу;
- диагностикалық-талдамалық;
- кеңес беру-сараптамалық;
- ұйымдастырушылық-басқарушылық.
- в) Түлектің кәсіби қызметінің функциялары:
- оқыту;
- басқару;
- жобалау;
- болжау.
Бейіндік дайындық
- Бағдарлама академиялық философиялық зерттеулер мен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінде философиялық пәндерді оқыту үшін ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлауға бағытталған. Оқу барысында докторант Қазақстанның әлеуметтік және рухани жаңғыруының өзекті мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу бағдарламаларын әзірлеуді, философиялық зерттеудің ең жаңа әдістерін қолдануды, әлеуметтік-гуманитарлық дискурста жаңа білім жасап, оны жария түрде дәлелдеуді, отандық және шетелдік ғалымдармен ғылыми коммуникация жүргізуді үйренеді.
- Докторант «Академиялық хат (ағылшын тілінде)», «Ғылыми зерттеу әдістері», «Қазіргі заманғы постклассикалық емес философия», «Қазақ философиясының өзекті мәселелері», «Әлеуметтік қызмет», «Басқару философиясы», «Жаһандану перспективасындағы жасанды интеллект» сияқты пәндерді оқиды.
- Түлектер философия докторы (PhD) дәрежесін алады және жоғары оқу орындарында сабақ бере алады, ғылыми-зерттеу институттарында, сондай-ақ мемлекеттік басқару органдарының ғылыми сарапшысы ретінде жұмыс істей алады.
ББ өзгерістері жылдар бойынша
1
20262025 жылы білім беру бағдарламасында оқу пәндерінің қысқаша сипаттамалары жаңартылды.
БББ паспортының жаңартылған күні 05.06.2025.
Өзгерістер туралы құжат
Buketov University