Білім беру бағдарламалары

Философия және әдеп

Қолжетімді мамандықтар

1
Магистратура · 7M02202

Философия

Оқу мерзімі2 жыл Оқу нысаныҒылыми-педагогикалық маг (2 жыл) Конкурсқа қатысу үшін ең төменгі балл75 Оқу ақысы732 600 ₸

Білім беру бағдарламасының мақсаты

Өзекті философиялық мәселелер және оларды кәсіби қызметтің түрлі салаларында және қоғамдық өмірдің әртүрлі аяларында шешу тәсілдері туралы қазіргі заманғы білім кешенін меңгерген, алған білімі мен біліктерін әлеуметтік қызметте және тұлғалық дамуда қолдануға қабілетті философиялық білім саласындағы білікті мамандар даярлау.

Берілетін дәреже

«7М02202-Философия» білім беру бағдарламасы бойынша гуманитарлық ғылымдар магистрі

Аккредиттеу

Құжат әлі қосылмаған.

Рейтингтердегі орны

0

Рейтинг нәтижелері әлі қосылмаған.

Оқуды аяқтағаннан кейін

Мүмкін лауазымдар

  • жоғары оқу орындарында философия, этика, логика және басқа да философиялық пәндердің оқытушысы; әлеуметтік және мәдени жұмыс саласындағы референт, менеджер; мемлекеттік және коммерциялық құрылымдардың, қоғамдық қозғалыстар мен бірлестіктердің, ҒЗИ сарапшысы, әлеуметтік талдаушысы; ұлттық қозғалыстар, ұлтаралық қатынастар, халықтың көші-қоны, ұлттық менталитет мәселелері бойынша ұйымдарға кеңес беретін антрополог және этнолог; ғылыми-білім беру және әлеуметтік қорлардың маманы.

Кәсіби құзыреттер мен оқу нәтижелері

  • Мінез-құлық дағдылары және жеке қасиеттер (Softskills):
  • ұлттық бірегейлік кодын сақтау тұрғысынан әлеуметтік және рухани жаңғыру мәселелерін пайымдау арқылы қоғамның инновациялық дамуының дүниетанымдық матрицасын қалыптастыру бойынша зерттеулер жүргізу үшін алған білімін қолданады;
  • гуманитарлық білім дамуының өзекті мәселелері бойынша өзінің кәсіби ұстанымын дәлелді баяндау үшін жария сөйлеу және академиялық ғылыми жазу негіздерін меңгерген;
  • философиялық мәдениеттің негізгі категориялары туралы академиялық білімін және ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтардың ерекшелігін ұтымды пайымдаудағы философиялық мәдениеттің рөлін түсінетінін көрсетеді;
  • жобаларды басқарудың заманауи әдіснамалары мен қағидаттарын біледі.
  • Цифрлық құзыреттер (Digital skills):
  • өмір тіршілігінің түрлі салаларындағы әлеуметтік-мәдени өзгерістердің өзекті мәселелері бойынша дүниетанымдық ұстанымды қалыптастыру үшін философиялық білім негіздерін пайдалану қажеттігін дәлелдейді;
  • шетелдік және отандық философия ғылымының даму үрдістерін талдау, осы саладағы жетекші ғалымдармен ғылыми коммуникация негізінде қазіргі философиялық білімнің өзекті бағыттары бойынша дербес зерттеушілік ұстанымын дәлелдейді.
  • Кәсіби құзыреттер (Hardskills):
  • алған білімін философиялық идеялардың адамның әлеуметтік қызметіне әсерін зерттеу үшін қолданады және философия теориясы мен тарихы туралы білімді қоғамдық сананы жаңғыртудың өзекті мәселелерімен сабақтастырады;
  • өмір тіршілігінің түрлі салаларындағы әлеуметтік-мәдени өзгерістер мәселелерін талқылау мен шешуде коммуникативтік рационалдылықтың әлеуметтік практикасын қалыптастыру үшін ғылыми зерттеулердің философиялық әдіснамасының танымдық әлеуетін пайдаланады;
  • әлеуметтік қызметті талдау барысында қоғамдық дамудың гуманистік сипатының, қазіргі табиғи және әлеуметтік үдерістердегі адам факторы рөлінің артуының құндылықтарын бекітеді;
  • қазіргі философиялық дискурс туралы кәсіби білімін және ғылыми-педагогикалық және ғылыми-зерттеу қызметінің тиімді жүйесін қалыптастыру үшін қазіргі философиялық әдіснаманың негізгі қағидаттарын түсінетінін көрсетеді;
  • статистикалық аппаратты меңгерген;
  • кәсіби философиялық білім берудің практикалық білік пен дағдыларын, оның ішінде жасанды интеллектіні қолдана отырып, қазіргі білім мен ғылым дамуының өзекті мәселелерін талқылауға және шешуге қатысады.

Кәсіби қызмет салалары

  • а) «7М02202-Философия» білім беру бағдарламасы бойынша түлектің кәсіби қызметінің саласы ғылыми-зерттеу қызметі, білім беру, мемлекеттік және жергілікті басқару болып табылады.
  • «7М02202-Философия» білім беру бағдарламасы бойынша түлектің кәсіби қызметінің объектілері:
  • ғылыми-зерттеу ұйымдары;
  • жоғары оқу орындары;
  • ғылыми-білім беру қорлары;
  • мемлекеттік басқару органдары.
  • б) Түлектің кәсіби қызмет түрлері:
  • ғылыми-педагогикалық;
  • ғылыми-зерттеу;
  • диагностикалық-талдамалық;
  • кеңес беру-сараптамалық;
  • ұйымдастырушылық-басқарушылық.
  • в) Түлектің кәсіби қызметінің функциялары:
  • оқыту;
  • басқару;
  • жобалау;
  • болжау.

Бейіндік дайындық

  • Бағдарлама ғылыми, педагогикалық және басқарушылық қызмет үшін философиялық білім саласындағы білікті мамандарды даярлауға бағытталған. Оқу барысында магистрант дербес философиялық зерттеулер жүргізуді, кәсіби ұстанымын ауызша және академиялық жазбаша түрде дәлелді баяндауды, философиялық әдіснаманы әлеуметтік-мәдени өзгерістер мен қоғамдық сананы жаңғырту мәселелерін талдауға қолдануды, жоғары мектепте философиялық пәндерді оқытуды, ғылыми және білім беру қызметінде жасанды интеллектіні пайдалануды үйренеді.
  • Магистрант «Ғылым тарихы мен философиясы», «Жоғары мектеп педагогикасы», «Білім беру философиясы», «Шетелдердің қазіргі философиясының өзекті мәселелері», «Қазіргі қазақ философиясы», «Қазақ философиясындағы антропологиялық дискурс», «Мәдениет философиясы», «Жасанды интеллектінің антропологиялық өлшемі», «Қазақстандағы әлеуметтік жаңғырудың философиялық аспектілері» сияқты пәндерді оқиды.
  • Түлектер гуманитарлық ғылымдар магистрі дәрежесін алады және жоғары оқу орындарында сабақ бере алады, ғылыми-зерттеу ұйымдарында, мемлекеттік басқару органдарында, ғылыми-білім беру қорларында жұмыс істей алады.

ББ өзгерістері жылдар бойынша

1
20262025 жылы білім беру бағдарламасында оқу пәндерінің қысқаша сипаттамалары жаңартылды

БББ паспортының жаңартылған күні 27.05.2025.

Өзгерістер туралы құжат