Информатика
Бейіндік пәндер
Білім беру бағдарламасының мақсаты
Информатика пәні мұғалімін даярлау: білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеуді қамтамасыз ететін, олардың тұлғалық жан-жақты дамуын жүзеге асыратын, ақпараттық мәдениет пен цифрлық қауіпсіздікті қалыптастыратын білікті педагогті қалыптастыру.
Берілетін дәреже
«6B01505 - Информатика» білім беру бағдарламасы бойынша білім беру бакалавры
Аккредиттеу
Аккредиттеу сертификатыОАБАҚ, тіркеу нөмірі: №24/19KA0048, 24.05.2024-23.05.2029.Құжат әлі қосылмаған.
Рейтингтердегі орны
1
Оқуды аяқтағаннан кейін
Мүмкін лауазымдар
- Педагог
- Бастауыш сынып мұғалімі
- Орта сынып мұғалімі
- Жоғары сынып мұғалімі
- Колледж оқытушысы
Кәсіби құзыреттер мен оқу нәтижелері
- Мінез-құлық дағдылары (Soft skills)
- Құқық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, экономика негіздері және қаржылық сауаттылық салаларындағы білім.
- Салауатты өмір салтын қалыптастыру және зиянды әрі қауіпті факторларды бағалау.
- Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде кәсіби қарым-қатынас жасау.
- Оқытудың әмбебап дизайнын әзірлеу және білім беру ортасын білім алушылардың барлық санаттарына бейімдеу.
- Тәрбие жұмысы арқылы құндылықтар жүйесі мен ұлттық бірегейлікті дамыту.
- Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылармен жұмыс істеу.
- Көшбасшылық және командада жұмыс істеу.
- Цифрлық дағдылар (Digital skills)
- Цифрлық бірегейлікті басқару және цифрлық әдеп нормаларын сақтау.
- Информатиканы, оның ішінде ағылшын тілінде оқыту барысында қашықтан оқыту, SMART және STEM технологияларын, жасанды интеллект пен дербестендірілген оқыту технологияларын қолдану.
- Үлкен деректер (Big Data), машиналық оқыту және нейрондық желілер негіздерін меңгеру.
- Педагогикалық қызметте жасанды интеллектіні пайдалану.
- Оқу аналитикасын (білім алушылар туралы деректерді талдау) және бағалаудың цифрлық құралдарын пайдалану.
- Кәсіби дағдылар (Hard skills)
- Алгоритмдеу және бағдарламалау (C++, Java, объектіге бағытталған бағдарламалау), деректер құрылымдарымен жұмыс істеу, реляциялық деректер базаларын жобалау.
- Информатикадан олимпиадалық есептерді шешу.
- Робототехника: робот модельдерін жобалау және бағдарламалау.
- Компьютерлік желілер, электрондық есептеуіш машиналардың архитектурасы мен операциялық жүйелер, ақпараттық қауіпсіздік және криптология.
- Веб-қосымшалар мен мобильді қосымшаларды әзірлеу, компьютерлік графика және мультимедиа.
- Математикалық және компьютерлік модельдеу, үшөлшемді модельдеу (3D), виртуалды және толықтырылған шындық (VR/AR).
- Информатиканы оқыту әдістемесі: критериалды бағалау, оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу, пән мен тілді кіріктіріп оқыту (CLIL).
- Білім алушылардың жобалық және зерттеу қызметін ұйымдастыру.
Кәсіби қызмет салалары
- Қызмет салалары: білім және ғылым.
- Жұмыс орындары:
- мектептер, лицейлер, гимназиялар, колледждер, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары (мемлекеттік және жекеменшік);
- білім беруді басқару органдары (білім департаменттері мен басқармалары).
- Қызмет түрлері:
- білім беру (оқыту және тәрбиелеу);
- әлеуметтік-педагогикалық;
- ғылыми-зерттеу;
- ұйымдастырушылық-әдістемелік;
- мәдени-ағартушылық;
- ұйымдастырушылық-басқарушылық.
Бейіндік дайындық
- Бейіндік даярлық · 240 кредит
- 202 кредит. Теориялық оқыту
- оның ішінде 146 кредит — базалық және бейіндеуші пәндер.
- o Педагогикалық даярлық негіздері: жас ерекшелік физиологиясы, педагогика, критериалды бағалау, инклюзивті білім беру, кәсіби қазақ тілі немесе этнопедагогика, тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі.
- o Жаратылыстану-математикалық модуль: экология және тұрақты даму немесе аналитикалық геометрия және сызықтық алгебра, математикалық талдау немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері, физика немесе тіршілік қауіпсіздігі негіздері, оңтайландыру әдістері немесе информатикадан олимпиадалық есептер.
- o Алгоритмдік модуль: информатиканың теориялық негіздері, алгоритмдер және деректер құрылымдары, C++ тілінде бағдарламалау немесе объектіге бағытталған бағдарламалау, деректер базаларының негіздері.
- o «Инновациялық IT-технологиялар» MINOR бағдарламасы: мобильді қосымшалар немесе Java тілінде бағдарламалау, машиналық оқыту негіздері немесе кәсіби қызметтегі жасанды интеллект, үлкен деректер (Big Data), виртуалды және толықтырылған шындық технологиялары немесе математикалық модельдеу пакеттері.
- o Білім беру технологиялары: білім берудегі робототехника, офистік қосымшалар немесе ақпаратты өңдеудің компьютерлік технологиялары, информатиканы оқыту әдістемесі, CLIL технологиясының негіздері немесе арнайы мақсаттарға арналған ағылшын тілі, білім берудегі зерттеулер мен инновациялар немесе білім берудегі көшбасшылық, информатика бойынша жобалық жұмыс немесе мектептегі STEM-білім беру.
- o Ақпараттық-технологиялық модуль: компьютер архитектурасы және операциялық жүйелер, компьютерлік графика және модельдеу, мультимедиалық технологиялар, веб-бағдарламалау (ағылшын тілінде) немесе веб-технологиялар, компьютерлік желілер, ақпараттық қауіпсіздік.
- 30 кредит. Практика:
- o оқу практикасы;
- o педагогикалық практика;
- o дипломалды практика.
- 8 кредит. Қорытынды аттестаттау: дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау немесе кешенді емтихан тапсыру.
ББ өзгерістері жылдар бойынша
1
2024-2026Жаңа пән енгізілді
• 2024 жыл. «Машиналық оқыту негіздері», «Жасанды интеллект негіздері», «Информатиканың теориялық негіздері», «Мектептегі STEM-білім беру негіздері» және «Информатика бойынша жобалық жұмысты ұйымдастыру» пәндері енгізілді. • 2025 жыл. «Инновациялық IT-технологиялар (MINOR)» модулі қалыптастырылды. «Цифрлық ортадағы жасанды интеллект технологиялары», «Кәсіби қызметтегі жасанды интеллект», «Білім берудегі зерттеулер мен инновациялар», «Білім берудегі көшбасшылық» және «Этнопедагогика» пәндері енгізілді. • 2026 жыл. «Критериалды бағалау және білім берудегі өлшемдер», «Балалар дамуының жас ерекшелік және физиологиялық ерекшеліктері» пәндері енгізілді. Таңдау пәндерінің тізбесіне «Экология негіздері және тұрақты даму», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» және «Тіршілік қауіпсіздігі негіздері» қосылды.
Өзгерістер туралы құжат
Buketov University