Білім беру бағдарламалары

Педагогика және психология

Қолжетімді мамандықтар

1
Бакалавриат · 6B01101

Педагогика және психология

Оқу мерзімі4 жыл Оқу нысаныкүндізгі Шекті балл77 Грант балы93 Оқу ақысы869 200 ₸

Бейіндік пәндер

Биология География

Білім беру бағдарламасының мақсаты

Білім берудің инновациялық үдерістер саласында кәсіби құзыреттілігі бар бәсекеге қабілетті педагог-психологті даярлау және ағартушылық- ұйымдастырушылық-әдістемелік қызметі мен білім беру үдерісіне қатысушылардың қиындықтарын анықтау мен диагностикалауда психологиялық көмек пен қолдау көрсетуді қамтамасыз ету.

Берілетін дәреже

6В01101-Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры

Аккредиттеу

Аккредиттеу сертификатыSA –A № 0271/1 агент IQAA, 06.05.2023ж. - 05.05.2028ж.

Рейтингтердегі орны

1

Оқуды аяқтағаннан кейін

Мүмкін лауазымдар

  • Білім беру ұйымдарының педагог-психологі;
  • колледждің психологиялық-педагогикалық пәндерінің оқытушысы.

Кәсіби құзыреттер мен оқу нәтижелері

  • Кәсіби құзыреттер (Hardskills): Педагог кәсібінің ерекшеліктері, педагог-психологтің педагогикалық үдеріске қатысушыларымен өзара әрекеттесуі, қолайлы және қауіпсіз білім беру ортасының талаптарын сақтау, кәсіби өсуге деген ұмтылысын түсінеді. Оқу-практикалық және кәсіби міндеттерді шешуде теориялық және практикалық білімдерін тиімді қолданады.
  • Педагогиканың тарихи және заманауи жетістіктерін ескере отырып, білім беру үдерісін ұйымдастыру және жүзеге асыру дағдыларын меңгереді, білім беру үдерісіне қатысушылардың психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін арттыра алады, оның ішінде инклюзивті білім беру және отбасылық тәрбиелеу жағдайында.
  • Психологиялық-педагогикалық мониторинг жүргізе алады және білім беру қызметінде қолданылатын әдістер мен құралдардың тиімділігін талдайды, білім беру ортасының сапасы мен мазмұнына сараптамалық қорытынды жасайды.
  • Заманауи психологиялық-педагогикалық ғылым жетістіктерін және нәтижелерін бағалайды, оны білім алушы тұлғасының дамуы мен қалыптасуындағы жас ерекшеліктерімен және дағдарыс кезеңдерін ескере отырып қолданады, білім алушыларды сүйемелдеу үдерісінде әдістемелік және дамытушы құралдарды пайдаланады.
  • Өзіндік кәсіби қызметінің психологиялық-педагогикалық құрамдас бөлігін әлеуметтік орта жағдайында жүзеге асырады.
  • Ғылыми-педагогикалық және психологиялық-педагогикалық зерттеулер жүргізу әдістемесін, нәтижелерді өңдеудің статистикалық және математикалық әдістерін меңгереді, соның негізінде психопрофилактика мен психокоррекция бағыттарын шешу үшін психологиялық диагноз қояды.
  • Педагогика мен психологияны оқытудың заманауи әдістемелерін әзірлейді және енгізеді. Ғылыми зерттеу әдістерін және академиялық жазылым қағидаларын меңгерген әрі оларды кәсіби қызметінде тиімді қолданады.
  • Білім беру саласында жасанды интеллект, цифрлық құралдар және өзге де технологиялар сияқты инновациялық әзірлемелерді қолданады.
  • Кәсіби қызметінде практикалық психологтің дағдыларын тиімді қолданады: психологиялық кеңес беру, психопрофилактика, психокоррекция, кәмелетке толмағандар мен білім беру үдерісіне қатысушылар арасындағы деструктивті мінез-құлықтың әртүрлі формаларының тәуекелдерін төмендету тәсілдері.
  • Мектепке дейінгі және орта білім беру жүйесінде психологиялық қызметтің жұмысын ұйымдастырады және жүзеге асырады, тиімді көмек көрсетуге бағытталған стратегиялық шешімдерді қабылдайды.

Кәсіби қызмет салалары

  • Білім беру үдерісіне қатысушылардың қиындықтарын диагностикалауда, ағартушылық – ұйымдастырушылық-әдістемелік қызметінде психологиялық көмек пен қолдау көрсетуді қамтамасыз ету.
  • Түлектердің қызмет көрсету саласы мен нысаны болып табылады:
  • мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқытуды ұйымдастыру;
  • білім беруді ұйымдастыру;
  • жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды оқытуды ұйымдастыру;
  • техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары;
  • білім беру үдерісіне қатысушылардың қиындықтарын диагностикалауда, ағартушылық ұйымдастырушылық-әдістемелік қызметінде психологиялық көмек пен қолдау көрсетуді қамтамасыз ету.

Бейіндік дайындық

  • Бағдарлама білім беру және психология саласындағы жоғары білікті мамандарды даярлауға бағытталған. Оқу процесінде студент диагностика жүргізуді, психологиялық кеңес беруді және түзету-дамыту жұмыстарын атқаруды, адамның әртүрлі жас кезеңдеріндегі психикалық даму заңдылықтарын анықтауды, білім алушылардың психолого-педагогикалық ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту-тәрбиелеу процесін жобалауды, сондай-ақ білім беру мекемелерінде профилактикалық және ағартушылық жұмыстарды ұйымдастыруды үйренеді.
  • Студент «Балалар дамуының жас және физиологиялық ерекшеліктері», «Жалпы және жас ерекшелік психологиясы», «Педагогика», «Тұлғаның психологиялық-педагогикалық диагностикасы», «Отбасы тәрбиесінің педагогикасы», «Психологияны оқыту әдістемесі» және «Педагогикалық психология» сияқты пәндерді оқиды.
  • Түлектер «Педагогика және психология» мамандығы бойынша білім бакалавры академиялық дәрежесін алады және білім беру ұйымдарында, психологиялық көмек көрсету орталықтарында, оңалту орталықтарында және әр түрлі үлгідегі білім беру мекемелерінде практик-психолог болып жұмыс істей алады.

ББ өзгерістері жылдар бойынша

1
2026Еңбек функциясы

2025 жылы білім беру бағдарламасына жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері (профессор-оқытушылар құрамы) үшін кәсіптік стандартта көзделген еңбек функциялары енгізілді. Сонымен қатар, оқу пәндерінің қысқаша сипаттамалары жаңартылды. ОП паспортын жаңарту күні 24.06.2026

Өзгерістер туралы құжат