Шетел тілдері кафедрасына қош келдіңіз!
Шетел тілдер кафедрасы тілдік емес бағыттағы бакалавриат және магистратураның білім беру бағдарламалары студенттеріне шетел тілдерін оқытуға, сондай-ақ болашақ мамандардың тиімді қарым-қатынасы мен кәсіби қызметіне қажетті тілдік құзыреттерін дамытуға бағытталған қызметті жүзеге асырады. Оқыту Жалпыеуропалық тілдік құзыреттер жүйесіне сәйкес ағылшын, неміс, француз және қытай тілдерінде жүргізіледі.
Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы шетел тілдері саласындағы жоғары білікті мамандардан тұрады. Қазіргі уақытта кафедрада 23 штаттық оқытушы жұмыс істейді, олардың ішінде 6 PhD докторы және педагогикалық және гуманитарлық ғылымдар бағыттары бойынша 16 магистр бар. Оқытушылар біліктілікті арттыру курстарына, тағылымдамаларға, соның ішінде шетелелдік тағылымдамаларға қатысу арқылы өздерінің әдістемелік құзыреттерін үнемі жетілдіріп отырады.
Кафедраның ғылыми қызығушылықтары тілдік білім берудің өзекті мәселелерін, үздіксіз және кәсіби білім беру жүйесіндегі шетел тілдерін оқытуға ғылыми-әдістемелік қолдау көрсетуді қамтиды.
Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы оқу-әдістемелік қамтамасыз етудің сапалы базасын қалыптастыруға ерекше көңіл бөледі. Осы мақсатта кафедра пәндері бойынша оқу бағдарламалары, оқу және оқу-әдістемелік басылымдар, соның ішінде электрондық форматтағы материалдар, бейнедәрістер мен жаппай ашық онлайн-курстар әзірленеді.
Шетел тілдер кафедрасы тілдік емес бағыттағы бакалавриат және магистратураның білім беру бағдарламалары студенттеріне шетел тілдерін оқытуға, сондай-ақ болашақ мамандардың тиімді қарым-қатынасы мен кәсіби қызметіне қажетті тілдік құзыреттерін дамытуға бағытталған қызметті жүзеге… Толығырақ оқу Мәтінді жию
Шетел тілдер кафедрасы тілдік емес бағыттағы бакалавриат және магистратураның білім беру бағдарламалары студенттеріне шетел тілдерін оқытуға, сондай-ақ болашақ мамандардың тиімді қарым-қатынасы мен кәсіби қызметіне қажетті тілдік құзыреттерін дамытуға бағытталған қызметті жүзеге асырады. Оқыту Жалпыеуропалық тілдік құзыреттер жүйесіне сәйкес ағылшын, неміс, француз және қытай тілдерінде жүргізіледі.
Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы шетел тілдері саласындағы жоғары білікті мамандардан тұрады. Қазіргі уақытта кафедрада 23 штаттық оқытушы жұмыс істейді, олардың ішінде 6 PhD докторы және педагогикалық және гуманитарлық ғылымдар бағыттары бойынша 16 магистр бар. Оқытушылар біліктілікті арттыру курстарына, тағылымдамаларға, соның ішінде шетелелдік тағылымдамаларға қатысу арқылы өздерінің әдістемелік құзыреттерін үнемі жетілдіріп отырады.
Кафедраның ғылыми қызығушылықтары тілдік білім берудің өзекті мәселелерін, үздіксіз және кәсіби білім беру жүйесіндегі шетел тілдерін оқытуға ғылыми-әдістемелік қолдау көрсетуді қамтиды.
Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы оқу-әдістемелік қамтамасыз етудің сапалы базасын қалыптастыруға ерекше көңіл бөледі. Осы мақсатта кафедра пәндері бойынша оқу бағдарламалары, оқу және оқу-әдістемелік басылымдар, соның ішінде электрондық форматтағы материалдар, бейнедәрістер мен жаппай ашық онлайн-курстар әзірленеді.
Buketov University