Кафедра

ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БИЗНЕС КАФЕДРАСЫ

Оқытушылар: 15 Кафедра меңгерушісі Кафедра тарихы
Кафедра туралы

Экономика және халықаралық бизнес кафедрасына қош келдіңіз!

Экономика және халықаралық бизнес кафедрасы бизнес пен басқару саласында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін дипломды мамандар даярлайды. Кафедрада бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары ұсынылады.

Оқытудың артықшылықтарына академиялық ұтқырлық бағдарламаларына белсенді қатысу және инновациялық білім беру бағдарламалары аясында заманауи пәндерді меңгеру жатады. Студенттерге еңбек нарығында сұранысқа ие жаңа мамандықтар бойынша кең бейінді мамандар даярлауға бағытталған перспективалы пәнаралық білім беру бағдарламалары ұсынылады.

Кафедрада келесі өзекті пәндер оқытылады: «Цифрлық экономика», «Халықаралық бәсекеге қабілеттілік», «Инновациялық кәсіпкерлік және стартаптар», «Жобаларды басқару», «Сыртқы сауда саясаты».

Кафедрада Германия, Өзбекстан, Ресей, Әзербайжан, Түрікменстан елдерінің азаматтары білім алуда. Кафедра жанынан бизнес-зертханасы бар Жастар кәсіпкерлігі орталығы, коворкинг-орталық, қолданбалы экономика және бизнес кабинеті жұмыс істейді. Орталық қызметі студенттердің «ENACTUS» халықаралық бағдарламасына, хакатондарға, стартап-жобалар байқауларына белсенді қатысуымен және жеңістерімен, сондай-ақ жобаларды қаржыландырумен ерекшеленеді.

Кафедраның ғылыми қызығушылықтары Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің институционалдық негіздерін зерттеуге, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге, инновациялар мен кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған.

Кафедра құрамы

Оқытушылар