Физикалық және аналитикалық химия кафедрасына қош келдіңіз
Физикалық және аналитикалық химия кафедрасы химия, металлургия, мұнай-химия, фармацевтика салалары бойынша мамандар дайындайды; «Химия» және «Іргелі химия» екі білім беру бағдарламалары бойынша білім, ғылым және экологияға бағытталған және бакалавриат, магистратура және докторантурада үш деңгейде көптілді білім беру мүмкіндігін ұсынады.
Кафедра студенттері екі траектория бойынша оқуға мүмкіндік алады. Олар: «Физикалық-химиялық анализ» және «Физикалық және компьютерлік химия». Оқу бағдарламасында «Химиядағы есептеу нанотехнологиясы», «Кванттық механика және компьютерлік химия», «Химиялық материалдардың молекулалық дизайны», «Органикалық қосылыстардың конформациялық анализі» сияқты өзекті пәндер бар.
Кафедра түлектері аналитикалық, экологиялық, кедендік, санитарлық-эпидемиологиялық, сертификаттау қызметтерінің өндірістік зертханаларында; химиялық, мұнай-химия, экологиялық, металлургиялық, фармацевтикалық бейіндегі ғылыми ұйымдар (институттар, зертханалар); білім беру мекемелерінде және білім бөлімдерінде жұмыс істей алады.
Кафедраның ғылыми қызығушылықтары химияның келесідей өзекті мәселелерін зерттеуге бағытталған: бос радикалдардың құрылымы мен реакцияға қабілетінің ЭПР спектроскопиясы мен кванттық химиясы; мыстың топшасы мен бірінші ауыспалы қатардағы металдар халькогенидтерінің физика-химиялық зерттеулері және сұйық кристалды қосылыстардың кванттық-химиялық зерттеулері.
Кафедраның құрамына сервермен, жұмыс орындарымен және химиялық қосылыстар мен реакцияларды компьютерлік модельдеуге, сондай-ақ кванттық химиялық есептеулерге арналған бағдарламалық жасақтамамен жабдықталған компьютерлік химияның зертханасы кіреді.
Физикалық және аналитикалық химия кафедрасы химия, металлургия, мұнай-химия, фармацевтика салалары бойынша мамандар дайындайды; «Химия» және «Іргелі химия» екі білім беру бағдарламалары бойынша білім, ғылым және экологияға бағытталған және бакалавриат, магистратура және докторант… Толығырақ оқу Мәтінді жию
Физикалық және аналитикалық химия кафедрасы химия, металлургия, мұнай-химия, фармацевтика салалары бойынша мамандар дайындайды; «Химия» және «Іргелі химия» екі білім беру бағдарламалары бойынша білім, ғылым және экологияға бағытталған және бакалавриат, магистратура және докторантурада үш деңгейде көптілді білім беру мүмкіндігін ұсынады.
Кафедра студенттері екі траектория бойынша оқуға мүмкіндік алады. Олар: «Физикалық-химиялық анализ» және «Физикалық және компьютерлік химия». Оқу бағдарламасында «Химиядағы есептеу нанотехнологиясы», «Кванттық механика және компьютерлік химия», «Химиялық материалдардың молекулалық дизайны», «Органикалық қосылыстардың конформациялық анализі» сияқты өзекті пәндер бар.
Кафедра түлектері аналитикалық, экологиялық, кедендік, санитарлық-эпидемиологиялық, сертификаттау қызметтерінің өндірістік зертханаларында; химиялық, мұнай-химия, экологиялық, металлургиялық, фармацевтикалық бейіндегі ғылыми ұйымдар (институттар, зертханалар); білім беру мекемелерінде және білім бөлімдерінде жұмыс істей алады.
Кафедраның ғылыми қызығушылықтары химияның келесідей өзекті мәселелерін зерттеуге бағытталған: бос радикалдардың құрылымы мен реакцияға қабілетінің ЭПР спектроскопиясы мен кванттық химиясы; мыстың топшасы мен бірінші ауыспалы қатардағы металдар халькогенидтерінің физика-химиялық зерттеулері және сұйық кристалды қосылыстардың кванттық-химиялық зерттеулері.
Кафедраның құрамына сервермен, жұмыс орындарымен және химиялық қосылыстар мен реакцияларды компьютерлік модельдеуге, сондай-ақ кванттық химиялық есептеулерге арналған бағдарламалық жасақтамамен жабдықталған компьютерлік химияның зертханасы кіреді.
Buketov University