Азаматтық және еңбек құқығы кафедрасына қош келдіңіз!
Азаматтық және еңбек құқығы кафедрасы жоғары білім берудің үш деңгейлі білім беру бағдарламалары бойынша:
- Бакалавриат - «6В04205-Кәсіпкерлік қызметті құқықтық реттеу» ;
- Магистратура - «7М04205-Жеке құқық» (ғылыми және педагогикалық), «7М04205.1-Жеке құқық» (бейіндік);
- Докторантура - «8D04201-Құқықтану» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторлары (PhD) даярлауды жүзеге асырады.
Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы «Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы (Жалпы бөлім)», «Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы (Ерекше бөлім)», «Қазақстан Республикасының азаматтық процестік құқығы», «Қазақстан Республикасының еңбек құқығы», «Халықаралық жеке құқық», «Қазақстан Республикасының отбасы құқығы» және жеке-құқықтық бағыттағы міндетті және элективті курстардың тұтас кешені: «Мемлекеттік сатып алуды құқықтық реттеу және тендерлік қамтамасыз ету», «Электрондық саудаға қатысушылардың құқықтарын қорғау», «Бәсекелестік құқық», «Кәсіпкерлер мен тұтынушылардың құқықтарын қорғау», «Азаматтық-құқықтық дауларды шешудің баламалы тәсілдері», «Өтелмелі қызмет көрсету шарттары» және т.б. оқу пәндерінің цивилистикалық цикл бойынша студенттерді, магистранттар мен докторанттарды оқытуды қамтамасыз етеді. Оқытудың дәстүрлі нысандарымен үйлесетін заманауи интерактивті әдістер қолданылады.
Кафедра түлектері коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың, оның ішінде консалтингтік агенттіктердің, сақтандыру, аудиторлық және инвестициялық компаниялардың, қаржы ұйымдарының және т. б. заңгерлері; мемлекеттік құрылымдарда HR-мамандар, құқықтық департаменттің (бөлімнің) заңгерлері; кәсіпорындағы кадр қызметінің мамандары; заң кеңесшілері; өкілдер (адвокаттар); нотариустар (нотариустың көмекшісі) судьялар; медиаторлар; патенттік жұмыс және авторлық құқықты қорғау жөніндегі кәсіби мамандар; сот орындаушылары; жеке кәсіпкерлер; коммерциялық заңды тұлғаның басшылары және т. б. болып жұмыс істей алады.
Кафедраның ғылыми зерттеулерінің тақырыбы заттық, міндеттемелік, корпоративтік құқық саласындағы азаматтық құқықтың өзекті мәселелері, сондай-ақ, Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге байланысты жеке құқықты және оны оқыту әдістемелерін трансформациялаудың қазіргі заманғы үрдістері болып табылады.
Қарағанды облысының кәсіпкерлер Палатасында кафедра филиалы бар. Филиалдың жұмыс жоспарына сәйкес жұмыс бағыттары: кәсіпкерлер Палатасында студенттердің оқу және өндірістік практикасын ұйымдастыру және өткізу; оқу процесінің практикалық құрамын нығайту мақсатында кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамына практикалық материалдарды жинау және жинақтауда кәсіпкерлер палатасы тарапынан көмек көрсету және т. б. болып табылады.
Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы, сондай-ақ «ZanONE» студенттік ұйымының студенттері ғылыми-шығармашылық жағынан белсенді жұмыс істейді.
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің Заң клиникасында отбасылық-неке заңнамасы, мұрагерлік құқық, тұрғын үй, банк, еңбек және азаматтық құқықтық қатынастар, сот шешімдерін орындау, денсаулыққа зиянды өтеу және т. б. мәселелері бойынша азаматтарды қабылдайды және халыққа тегін кеңестік көмек көрсетеді. Күнделікті жоспарлы жұмыстардан басқа, «Заңгерлер кеңес береді» тақырыптық акциялары жыл сайын тұрақты түрде ұйымдастырылады.
Кафедра үнемі тәрбиелік сипаттағы іс-шараларды, сондай-ақ білім алушылардың шығармашылық әлеуетін ашатын түрлі конкурстар, акциялар, олимпиадаларды өткізеді.
Кафедра оқытушылары заң жобаларын талқылауға және сараптауға үнемі қатысады, нормативтік-құқықтық актілердің жобалары бойынша қорытындыларды дайындайды.
Кафедрада келесідей мамандандырылған кабинеттер бар: «Сот отырысы залы», «Медиация кабинеті», «Құқықтық ақпарат кабинеті», оқу және ғылыми әдебиеттер қоры бар.
Азаматтық және еңбек құқығы кафедрасы жоғары білім берудің үш деңгейлі білім беру бағдарламалары бойынша: - Бакалавриат - «6В04205-Кәсіпкерлік қызметті құқықтық реттеу» ; - Магистратура - «7М04205-Жеке құқық» (ғылыми және педагогикалық), «7М04205.1-Жеке құқық» (бейіндік); - Докто… Толығырақ оқу Мәтінді жию

Buketov University