Студенттер үйі
Студенттер үйі
Студенттер үйі 2 676 орындық тоғыз қабатты 6 тұрғын үй және бір 5 қабатты ғимаратынан тұрады.
Барлық ғимараттар бірнеше аймаққа бөлінген: тұрғын секция, тұрмыстық бөлмелер, кір жуатын орын, душ, демалыс бөлмесі.
Кампусқа қалалық көлікпен жетуге болады:
Студентер үйінде тұру ақылы, тұру ақысы орналасу кезінде төленеді.
Студенттің үйінен орын алу үшін ҚБҚО порталына online өтінім беру қажет .
Өтінімді университеттің қоныстандыру комиссиясы қарайды.
Комиссия шешімі туралы хабарлама өтініш берушінің және Студенттер үйі әкімшінің жеке кабинетінде автоматты түрде көрсетіледі.
Ережелерді қарау
Құрметті студенттер! Студенттер үйі – сіздердің екінші үйлеріңіз. Университет қызметкерлері осы үйде тұруларыңызды жайлы ету үшін көп күш жұмсайды. Сондықтан сіздерден бір-біріңізді құрметтеп, тұрудың негізгі ережелерін сақтауларыңызды сұраймыз:
1.Бөлмеде, Студенттер үйінде бірге тұратындарды, қызметкерлерді құрметтеу керек.
2.Жеке гигиенаны, Студенттер үйінің үй-жайлары мен аумағының тазалығын сақтау керек. Тұрғын секцияда бөлмелерді, тамбурларды және санитарлық тораптарды күнделікті тазалауды жүргізу маңызды.
3.Студенттер үйінің мүлкіне ұқыпты қарау керек.
4.Студенттер үйінің мүлкін, басқа тұрғындар мен қызметкерлердің мүлкін ғимараттан шығаруға тыйым салынады.
5.Студенттер үйінің жұмыс тәртібін сақтау керек. Студенттер үйіне сағат 22-ге дейін оралу қажет. Осы уақыттан бастап шулауға, кештер өткізуге, қонақтарды шақыруға тыйым салынады.
6.Темекі шегуге, алкоголь ішімдіктерін ішуге, есірткі заттарын қолдануға тыйым салынады.
7.Студенттер үйі әкімшінің дәлелді талаптарын орындау және оған штаттан тыс жағдайлар туралы хабарлау қажет.
8.Төбелес шығаруға, әдепсіз сөйлеуге, адамды моральдық және физикалық тұрғыдан қорлауға, денсаулыққа зиян келтіруге, ақша талап етуге, біреудің бөлмесіне рұқсатсыз кіруге және бір-бірінің жеке заттарын алуға болмайды.
Buketov University