Университет жетістіктері

Университеттің
Рейтингтердегі орны

Бөкетов университеті Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының қатарына кіреді және ұлттық әрі халықаралық рейтингтерде тұрақты позицияларға ие.

951+ QS WUR 2027
301-350 QS by Subject 2026
1301-1400 QS Sustainability 2026
181 QS Asia 2026
5 IAAR 2026
1101–1500 Times Higher Education Sustainability Impact Ratings 2026
2001+ Times Higher Education World University Rankings

Қазақстандағы мойындалу

Университет Қазақстан Республикасының жетекші агенттіктері бағалайтын ұлттық рейтингтерде жыл сайын жоғары позицияларын растайды.

IAAR
5

IAAR: Қазақстан Республикасы ЖОО ТОП-20 Бас рейтингі 2026

Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (IAAR) жасаған Қазақстан Республикасы ЖОО ТОП-20 Бас рейтингі қорытындысы бойынша университет елдің жетекші жоғары оқу орындары арасында 5-орынға ие болды. Білім беру бағдарламалары топтары бойынша пәндік рейтинг нәтижелері: 1 орын - 8 БББ, 2...Толық көрсетуЖасыру

Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (IAAR) жасаған Қазақстан Республикасы ЖОО ТОП-20 Бас рейтингі қорытындысы бойынша университет елдің жетекші жоғары оқу орындары арасында 5-орынға ие болды. Білім беру бағдарламалары топтары бойынша пәндік рейтинг нәтижелері: 1 орын - 8 БББ, 2 орын - 27 БББ, 3 орын - 23 БББ, 4 орын - 24 БББ, 5 орын - 14 БББ. IAAR рейтингіне университеттің 120 БББ ұсынылды, олардың 58-і көшбасшылар үштігіне, ал 96-сы алғашқы бестікке кірді. Дереккөз

Рейтингтегі орны 5
Атамекен
39 бағдарлама

«АТАМЕКЕН» ҰКП РЕЙТИНГІ–2026 НӘТИЖЕЛЕРІ

«Атамекен» ҰКП Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп өткізген білім беру бағдарламаларының жыл сайынғы тәуелсіз рейтингінің нәтижесі бойынша университеттің 57 білім беру бағдарламасы Қазақстан Республикасының үздік білім беру бағдарламалары рейтингіне енді....Толық көрсетуЖасыру

«Атамекен» ҰКП Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп өткізген білім беру бағдарламаларының жыл сайынғы тәуелсіз рейтингінің нәтижесі бойынша университеттің 57 білім беру бағдарламасы Қазақстан Республикасының үздік білім беру бағдарламалары рейтингіне енді. Оның ішінде 13 бағдарлама ТОП-3 қатарына, 24 бағдарлама — ТОП-5 қатарына, ал 39 білім беру бағдарламасы Қазақстан Республикасының үздік білім беру бағдарламаларының ТОП-10 қатарына енді!

Рейтингке енген білім беру бағдарламалары 39 бағдарлама

Әлемдік деңгейдегі позициялар

Бөкетов университеті ірі әлемдік академиялық рейтингтерге еніп, Қазақстаннан тыс жерлерде танылуын нығайтып келеді.

QS WUR
951+

QS World University Rankings 2027

QS World University Rankings 2027 беделді әлемдік рейтингінде университет 951+ позициясын иеленді. Бұл рейтингте Қазақстаннан 18 университет ұсынылған, ал КарНИУ қазақстандық қатысушылар арасында 8-орынға ие болып, елдің үздік он жоғары оқу орны қатарына кірді. Жалпы қорытынды тізімге әлем...Толық көрсетуЖасыру

QS World University Rankings 2027 беделді әлемдік рейтингінде университет 951+ позициясын иеленді. Бұл рейтингте Қазақстаннан 18 университет ұсынылған, ал КарНИУ қазақстандық қатысушылар арасында 8-орынға ие болып, елдің үздік он жоғары оқу орны қатарына кірді. Жалпы қорытынды тізімге әлемнің 1504 үздік университеті енгізілді. Дереккөз Сертификат

Рейтингтегі орны 951+
QS by Subject
301-350

QS by Subject 2026: Лингвистика

Университет өз тарихында алғаш рет QS by Subject 2026 әлемнің үздік университеттерінің пәндік рейтингіне кірді. Рейтинг қорытындысы бойынша КарНИУ «Лингвистика» бағыты бойынша 301-350 диапазонында орналасқан. Дереккөз Сертификат

Рейтингтегі орны 301-350
QS Sustainability
1301-1400

QS Sustainability Rankings 2026

Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу саласындағы әлемнің үздік университеттері рейтингі QS Sustainability Rankings 2026 нәтижесінде университет 108 елден қатысқан шамамен 2000 оқу орны арасында 1301-1400 диапазонында орналасқан. КарНИУ бұл рейтингке алғаш рет қатысты. Дереккөз Сертификат

Рейтингтегі орны 1301-1400
QS Asia
181

QS Asia 2026

QS Asia 2026 рейтингі нәтижесі бойынша университет 1526 Азия университеттері арасында 181-орынға ие болды. Азия рейтингіне енген 44 қазақстандық университеттің ішінде біздің университет Орталық Азияның үздік он жоғары оқу орны қатарына кіреді. Дереккөз Сертификат

Рейтингтегі орны 181
THE Impact
1101–1500

Times Higher Education Sustainability Impact Ratings 2026

2026 жылы университет алғаш рет Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу саласындағы үздік университеттердің Times Higher Education Sustainability Impact Ratings әлемдік рейтингіне кірді. КарНИУ әртүрлі елдерден қатысқан 1603 қатысушы арасында 1101-1500 диапазонында орналасты. Дереккөз Сертиф...Толық көрсетуЖасыру

2026 жылы университет алғаш рет Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу саласындағы үздік университеттердің Times Higher Education Sustainability Impact Ratings әлемдік рейтингіне кірді. КарНИУ әртүрлі елдерден қатысқан 1603 қатысушы арасында 1101-1500 диапазонында орналасты. Дереккөз Сертификат

Рейтингтегі орны 1101–1500
QS Stars
★ ★ ★ ★ ★
4

QS Stars

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті халықаралық QS Stars аудитінің қорытындысы бойынша 4 жұлдызға ие болды. Университет қызметін бағалау 9 индикатор бойынша жүргізілді, бұл ретте бірден 6 бағыт бойынша университет ең жоғары баға — 5 жұлдыз алды: ⭐ оқыту; ⭐...Толық көрсетуЖасыру

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті халықаралық QS Stars аудитінің қорытындысы бойынша 4 жұлдызға ие болды. Университет қызметін бағалау 9 индикатор бойынша жүргізілді, бұл ретте бірден 6 бағыт бойынша университет ең жоғары баға — 5 жұлдыз алды: ⭐ оқыту; ⭐ жаһандық өзара әрекеттесу; ⭐ түлектерді жұмысқа орналастыру; ⭐ тиімді басқару; ⭐ әртүрлілік, теңдік және инклюзия; ⭐ шығармашылық. Аудит нәтижелері университеттің білім беру қызметінің жоғары деңгейін, оның халықаралық ашықтығын, тиімді басқарылуын және заманауи, қолжетімді әрі инклюзивті білім беру ортасын құруға деген ұмтылысын растайды. Сертификат

Рейтингтегі орны 4
THE WUR
2001+

Times Higher Education World University Rankings

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті халықаралық танымалдылықты арттыру жолында кезекті маңызды қадам жасады. Өз тарихында алғаш рет университетіміз әлемдегі ең беделді рейтингтердің бірі — Times Higher Education World University Rankings (THE) құрамына еніп...Толық көрсетуЖасыру

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті халықаралық танымалдылықты арттыру жолында кезекті маңызды қадам жасады. Өз тарихында алғаш рет университетіміз әлемдегі ең беделді рейтингтердің бірі — Times Higher Education World University Rankings (THE) құрамына еніп, 2001+ позициясы аралығынан орын алды.THE 2027 рейтингіне бүкіл әлемнен 3 146 университет қатысты, олардың ішінен соңғы ранжирленген кестеге 2 297 жоғары оқу орны енді. Рейтингке қатысу үшін 42 қазақстандық ЖОО өтінім бергенімен, олардың тек 10-ы THE қатысушыларының қатарына кірді. Біздің университет рейтингке енген қазақстандық қатысушылар арасында 7-ші орынды иеленіп отыр.

Рейтингтегі орны 2001+